Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Гольджи жиынтығының құрылысы.

Поиск

27. Пероксисомалар.

Пероксисомалар-көптеген эукариоттық жасушаларда кездесетін, жеке-жеке орналасқан, мембранамен қоршалған органеллалар. Олар оттегіні пайдаланатын жасушаның негізгі құрылымдары болып саналады. Бұл органеллалардың пероксисомалар деп аталуы олардың құрамында көп мөлшерде оксидаза ферментінің болуымен байланысты. Оксидаза ферменті органикалық қосылыстардан улы сутек асқынтотығының түзілуін катализдейді. Пероксисомаларда оксидаза ферментімен бірге көп мөлшерде каталаза ферменті де болады, ол улы сутек асқынтотығын суға және оттегіне ыдыратады. Сол сиякты пероксисомалар β-тотығу реакциясын да жүзеге асырады. Бұл реакция нәтижесінде май қышқылдары 2 көміртек фрагменттеріне ыдырайды, ал олар ацетил-кофермент А-ға айналып, пероксисомадан сыртқа шығарылады және жасушаның басқа бөлімдерінің құрылыс материалдары ретінде пайдаланылады.

Пероксисомалардың көбеюі 2 фазадан тұрады:

1) Органелларлардың бүршіктенуі арқылы екіге бөлінуі;

2) Ақуыздардың импортталуы нәтижесінде пероксисоманың өсуі.

Ақуыздардың пероксисомаларға импортталуы үшін 2 типті сигналдардың аминқышқылдық бірізділігі белгілі:

1. Ақуыз молекуласының С ұшында орналасқан С-ұшы трипептиді (серин-лизин-лейцин-СООН)

2. Пероксисомаға бағытталушы сигнал.

28. ЭПТ

ЭПТ 1945 ж Портер ашқан. Ол өте ұсақ, қос қабат мембранамен шектелген және гиалоплазманы өне бойына тарамданып тесіп өтіп, торланып орналасқан, цитоплазманың үлкен көлемін алып жатқан микроарнашықтар мен микроқуыстар жүйесі болып табылады.

Прокариотты клеткаларда эпт болмайды. Бұл жүйе зат алмасу қарқынды жүретін клеткаларда жақсы жетіледі.

Тегіс және кедір-бұдыр болады. Тегісінің бетінде рибосомалар болмайды да, онда липидтер мен көмірсулар синтезделеді. Тегіс ЭПТ май бездерінде, гликогенді синтездейтін бауыр клеткаларында болады. Кедір-бұдыр ЭПТ-ның өзекшелері, қоймаларының сыртында аминқышқылдардан нәруыздарды синтездейтін органоид-рибосомалар орналасады. Сондықтан кедір-бұдыр деп аталады.

ЭПТ-ның өзекшелері арқылы органиодтер өзара, ал клеткалар бір-бірімен байланысып, нәруыздар, қанттар, майлар тасымалданады. Жарғақшаларында орналасқан ферменттер жасушаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.

Гольджи кешенін 1878 жылы италян ғалымы Гольджи ашқан. Ол барлық жасушаларда кездесетін өте жұқа, жалпақ, мембраналық қалташықтар жиынтығы-диктиосома болып табылады. Жасушада диктиосома көп болуы мүмкін, олардың бәрі бір-бірімен түтікшелер, цистерналар арқылы байланысқан. Гольджи кешенінің, диктиосомалардың, жеке-жеке қалташықтардың құрылысы полярлы болып келеді. ЭПТ-ға жақын орналасқан, көпіршіктер кірігетін Гольджи кешенінің бетін цис-полюсі, ал көпіршіктер үзіліп, бөлініп шығатын бетін транс-полюсі деп атайды. ЭПТ-ға жақын орналасқан Гольджи диктиосомасының қалташықтарын-Гольджидің цис-торы, ал ЭПТ-дан алшақ орналасқан қалташықтарды Гольджидің транс-торы деп атайды. Сол сиякты, әрбір қалташықтардың да цис- және транс-беттері болады. Гликопротеиндер Гольджи кешенінің барлық бөлімдерінен көпіршіктер арқылы бір-бірлеп өтеді. Жаңадан синтезделінген мембраналық және секторлық ақуыздар, ЭПТ-да гликолизденген мембраналық липидтер кешенге цис-полюсі арқылы енеді де Гольджидің транс-торында түзілетін көпіршіктер және түтікшелер арқылы оны тастап шығады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.74.63 (0.009 с.)