Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ген туралы түсінік және оның сипаттамасы. Про- және эукариот гендерінің құрылымдық деңгейі, айырмашылығы.

Поиск

Ақуыздар және РНҚ молекулаларының құрылысы туралы ақпарат ДНҚ молекуласында гендер және цистрондар деп аталатын учаскелерде жазылған. Ген дегеніміз бір ақуыз молекуласы туралы ақпаратты кодтайтын ДНҚ учаскесі. Ген деген ұғымды Иогансен енгізген.

Геном дегеніміз ағза жасушаларының тіршілігі және дамуы үшін қажет барлық ДНҚ молекулаларының толық жиынтығы болып табылады, яғни жасушаның ядролық және цитоплазмалық ДНҚ-сының барлық гендері мен ген аралық учаскелерінің жиынтығы.

Прокариоттар гендері тек мағыналы (кодтаушы) нуклеотидтер бірізділігінен, ал эукариот гендері мағыналы (экзондар) және мағынасыз (интрондар) учаскелерінен тұрады. Гендердегі интрондар саны 2-ден 40-50-ге дейін жетеді.

Прокариоттар геномы-ішек бактериясында Е.coli  жақсы жетілген. Бактерия хромосомасы 3,2х106 н.ж. тұратын сақиналы ұзын ДНҚ. Бактерия гендері сызықты орналасқан. Хромосома иницияция сайтымен бірге өздігінен репликацияланатын молекула-репликон болып табылады.

Эукариоттар геномы-көлемі және құрылысы жағынан күрделі болады. Олар; нуклотидтер-кодондар-гендер мен ген аралық учаскелер-күрделі гендер-хромосома иіндері-хромосомалар-гаплоидты хромосома саны сияқты бірте-бірте күрделінетін құрылымдардан тұрады. Эукариоттар геномының көлемі өте үлкен болады, себебі олардың нуклеотидтер бірізділігі тек қана қайталанбайтын, бірегей учаскелер мен ДНҚ ның негізгі бөлімі, бірге, көптеген рет қайталанатын сателиттік ДНҚ деп аталатын учаскелерден тұрады. Эукариоттар геномына қозғалғыш генетикалық элементтер-транспозондар да тән, олар гендер белсенділігін реттеуге қатынасады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.233.160 (0.007 с.)