Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мембраналық ақуыздардың типтері мен қызметтері (шеткі, интегралды ақуыздар)

Поиск

32. Мембрана липидтері

1.фосфолипидтер;

2.сфинголипидтер;

3.гликолипидтер;

4.стероидтар-холестерин.

Алғашқы үшеуінің молекуласы гидрофильдік «бас», гидрофобдық «құйрық» бөлімдерінен тұрады.

Фосфолипидтердің «бас» бөліміне бір-бірімен байланысқан азоттық негіз қалдығы (холин және серин), фосфат тобы және глицериннің 3 атомдық спиртінің қалдықтары кіреді. Бұлардың бәрі полярлы топтар, сондықтан гидрофидьді.

Гидрофобты құйрықтардың құрамына кіретін май қышқылдарының қалдықтары глицеринмен байланысқан. Қаныққан май қышқылы ретінде пальметин қышқылы, ал қанықпаған май қышқылы ретінде олеин қышқылы кездеседі.

Сфинголипидтердің фосфолипидтерден ерекшелігі-глицеринмен бір май қышқылының орнына -18С атомы, бір қосарланған байланысы бар қосатомды аминоспирттер-сфингозин кездеседі. Сфинголипидтердің маңызды өкілі-сфингомиелин. Мұнда азоттық негіз ретінде холин болады.

Гликолипидтер құрамында да сфингозин болады, бірақ гидрофильді басының құрамына азоттық негіз және фосфат тобы емес бір көмірсу кіреді. Гликолипидтердің екі тобы белгілі: цероброзидтар(көмірсу ретінде галактоза не глюкоза) және ганглиозидтер-көмірсу ретінде бұтақталған олигосахарид болады.

Холестериннің құрылысы алдыңғы үшеуінен ерекше. Холестерин ұзынынан созылған 4 көмірсутекті циклдардан және көмірсутекті бүйір тізбегінен тұрады. Холестерин жалғыз гидрокси тобынан бөлек, гидрофобты қосылыс болып табылады.

Мембрана ақуыздарының жалпы саны өте көп-тек эритроциттер плазмолеммасында – 100 ден астам ақуыздар кездеседі.

Мембрана ақуыздарын, атқаратын қызметтеріне қарай, бірнеше топтарға бөлуді:

Құрылымдық ақуыздар. Бұл ақуыздар:

а) жасушаға және оның органелларына белгілі бір форма беріп тұрады;

б) мембраналардың кейбір механикалық қасиеттерін қалыптастырады;

в) мембрананың цитоскелетпен немесе хромосомалармен байланысуын қамтамасыз етеді.

Тасымалдау ақуыздары. Мембрананың өткізгіштік қасиеті негізінен липидтік қосқабатқа байланысты, ал липидтік қосқабат тек кейбір ұсақ гидрофобтық молекулаларды және өте ұсақ молекуларды ғана өткізеді.

Жасушааралық әрекеттесулерді қамтамасыз ететін ақуыздар.

А) жасушалардың бір бірімен және жасушалық емес құрылымдармен байланысуы үшін қажет адгезивтік ақуыздар.

Б) Арнайы жасауша аралық түйісулердің пайда болуына қатынасатын ақуыздар.

Бір жасушалардан екіншісіне сигналдардың берілуіне қатынасатын ақуыздар.

Сигналдардың мұндай берілуі көп жағдайларда және түрліше жолдармен жүзеге асады. Сигналдық молекулалар-ерекшеліктеріне (жасуша сыртындағы медиаторлар не стероидты емес гормондар) қарай сигналды қабылдауышы жасушаның плазмолеммасында:

А)рецепторлық ақуыздар;

Б) эффекторлық ақуыздар не трансмиттерлік ақуыздар;

В) Медиаторларды активсіздендіретін не жасушаішілік медиаторларды пайда ететін ферменттер болуы тиіс.

34. Маманданған мембраналардың жалпы сипаттамасы.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.22.217.193 (0.009 с.)