Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мутагенез. Мутагендік факторлар.

Поиск

10. Мутагенез. Мутагендік факторлар.

Мутация тудыратын факторларды мутагендер деп атайды. Мутагенез-физикалық және химиялық мутагендердің көмегімен мутацияларды жасанды жолмен алу әдісі.

Мутагендік факторлар:

Физикалық-барлық иондаушы сәулелердің түрлері.

Химиялық- табиғи органикалық және органикалық емес заттар

Биологиялық- ДНҚ-сы немесе РНҚ-сы бар вирустар, вирустық емес паразиттік агенттер.

11. Геномдық және хромосомалық мутациялар.

Геномдық мутациялар деп хромосома санының өзгеруін не еселеп өсуін айтамыз. Мутацияның бірінші түрі-анеуполидия, ал екіншісі-полиплоидия.

Анеуплоидия-нуллисомик моносомия, трисомия күйінде кездеседі.

Полиплоидия-хромосоманың еселеп өсуі. Полирлоидия өсімдіктерде жиі, төменгі сатылы жануарларда сиректеу, ал жоғарғы сатылы жануарларда және адамдарда өте сирек кездеседі.

Хромосомалық мутацияларға олардың құрамында пайда болатын өзгерістерді жатқызамыз. Хромосомалық мутацияларды – хромосомаішілік және хромосомааралық деп 2 топқа бөледі.

Хромосома ішілік мутацияларға:

Делеция-хромосоманың бір учаскесінің түсіп қалуы;

Дупликация-хромосоманың бір учаскесінің екі рет қайталануы.

Инверсия- хромосоманың бір учаскесінің 180 ге айналып қайта орналасуы. Оның екі түрі белгілі: перицентрикалық инверсия және парацентрикалық инверсия.

Перицентрикалық инверсия-хромосоманың екі иінін қамтып, центромера арқылы жүреді.

Парацентрикалық инверсия-центромераға тиіспей, хромосоманың бір иінінде жүреді.

Хромосомааралық мутацияларға:

Транслокациялар-гомологтық емес хромосомалардың бір учаскелерімен алмасуы, оның екі түрі белгілі: 1) реципрокты транслокация және реципрокты емес транслокация. Реципрокты транслокация-гомологтық емес хромосомалардың өзара усаскелерімен алмасуы, ал реципрокты емес транслокация- хромосомалардың бір жақты учаскелерімен алмасуы, яғни бір хромосоманың учаскесінің екінші хромосомаға жалғануы.

Робертсондық қайта құрылымдар-екі акроцентрикалық хромосомалардың ұзын иіндерінің транслокациясы нәтижесінде бір метацентрикалық не субметацентрикалық хромосоманың түзілуі-центрикалық қосылу.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.142.54.153 (0.008 с.)