Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Полимеразды тізбекті реакия, сипаттамасы.

Поиск

16. Полимеразды тізбекті реакия, сипаттамасы.

Полимеразалық тізбекті реакциялар-ДНҚ амплификациялау, яғни көшірмелеп көбейту болып табылады. ПТР арқылы бірнеше сағат ішінде ДНҚ-ның кез келген бөлшектерін миллиондаған дана күінде көбейтуге болады. ПТР жүргізу үшін көбейтілетін ДНҚ фрагментінің нуклеотидтер бірізділігін күні бұрын білу қажет.

ДНҚ-ны амплификациялау 3 сатыға бөлінеді:

А) Жылылықпен әсер етіп ДНҚ молекуласын жеке-жеке тізбектерге ыдырату.

Б) Бір тізбекті ДНҚ-ның негіздеріне комплиментарлы праймерлерді байланыстыру

В) ДНҚ полимераза ферментінің қатынасуымен жаңа ДНҚ тізбегін синтездеу.

 

17. Саузерн-блоттинг

ДГҚ-ның ерекше фрагменттерін бөліп алып зерттеу, Саузерннің блот-гибридтеу әдісі арқылы жүргізіледі. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады:

1.Электрофорезден кейін гельді сілтілі ерітіндіге енгізеді, бұл кезде қос тізбекті ДНҚ молекуласы біртізбекті болып ыдырайды.

2. ДНҚ фрагменттерін буферлік ерітінді көмегімен нитроцеллюлозалы не нейронды фильтрге ауыстыру. Ол үшін гель бетін фильтрмен және бір бума фильтрлеуші қағаздармен жабады. Каппилярлық эффект нәтижесінде, гелт бетіне перпендикуляр, буферлік ерітінді ағыны пайда болады. Гельден бөлініп шыққан ДНҚ фрагменттерінің бәрі фильтрде ұсталынып қалады.

3. Қажет фрагменттерді визуальды табу үшін ДНҚ фрагменттерін радионуклид не флюоресценттік таңбамен таңбаланған синтетикалық олигонуклеотидтік зонд бірізділігімен гибридтейді. Әрбір зонд 16-30 жұп негіздерден тұрады.

4. Фильтрді таңбаланған зонды бар ерітіндімен әрекеттестіргенде ДНҚ фрагменттерімен ДНҚ-зонд тізбектері комплиментарлы гибридтелінеді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.81.172 (0.005 с.)