Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Хромосоманың химиялық құрамы мен құрылымдық компоненттері.

Поиск

5. Хромосоманың химиялық құрамы мен құрылымдық компоненттері.

Хромосомалардың негізгі химиялық компоненті болып ДНҚ жіпшелері саналады, олардың жалпы ұзындығы 190см. ДНҚ жіпшелері гистондық ақуыздармен байланысып, оралып нуклеосома жіпшесін түзеді, оның ұзындығы ДНҚ жіпшелерінің ұзындығынан 6,2 есеге кем, ал диаметрі 10 нм. Нуклеосома жіпшесі әрі қарай ширатылып, тығыздалып хроматин жіпшесіне айналады. Оның ұзындығы нуклеосома жіпшесінің ұзындығынан 18 есе, ал ДНҚ жіпшелерінің ұзындығынан 100 есе кем болады. Хроматиннің құрамында ДНҚ (35-40 пайыз), гистонды және гистонды емес ақуыздар (60-65 пайыз) болады.

6. Метафазалық хромосомалардың түрлері.

Метацентерлі хромосома-центромера хромосоманың дәл ортасында орналасып, тең екі ашаға бөлінеді.

Субметацентрлі хромосома- центромера хромосоманың ортасынан сәл оңға немесе солға қарай орналасып, хромосоманы тең емес екі ашаға бөледі.

Акроцентрлі хромосома-центромера хромосоманың бір ұшына жақын орналасып, хромосоманы тең емес екі ашаға бөледі. Бір ашасы ұзын, екіншісі қысқа болады.

Телоцентрлі хромосома-центромера хромосоманың ұшында орналасады.

Спутникті хромосома – кейбір хромосомаларда екінші буын өте ұзын болады да хромосоманың аз бөлігін негізгі бөлігінен бөліп тұрады.

7. Хромосомалардың жіктелуі, медициналық маңызы.

Митоздық хромосоманың қысқа иінін «Р», ұзын иінін «q» әрпімен белгілейді. Центромера-жасуша бөлінуі кезінде хромосоманың көзғалуын қамтамасыз етеді.

Мөлшеріне байланысты хромосомалар 7 топқа бөлінеді: A,B,C,D,E,F,G.

A тобы ең ірі метацентрлі хромосомалар

B тобы субметацентрлі хромосомалар

C тобы орташа метацентрлі хромосомалар

D тобы орташа акроцентрлі хромосомалар

E тобы ұсақ субметацентрлі хромосомалар

F тобы ең ұсақ метацентрлі хромосомалар

G тобы ең ұсақ акроцентрлі хромосомал



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.131.38.208 (0.006 с.)