Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жасушалар қызметіндегі мембраналардың маңызы. Биологиялық мембраналардың қызметтері және медициналық маңызы.

Поиск

30. Лизосомалар.

Лизосомалар жасушаішілік асқорыту қызметін атқаратын органеллалар. Лизосомалар рецептор-лиганд кешендерін ыдыратады, липонуклеопротеидтерге арналған рецепторлар көмегімен Холестерол метаболизмінде, органеллалар айналымында белсенді рөл атқарады.  Лизосомаларда – ақуыздарды, липидтерді, көмірсулар мен нуклеин қышқылдарын ыдырататын арнайы ферменттер-гидролазалар көптеп кездеседі. Лизосомалардың ерекшеліктерінің бірі-рН көрсеткішінің төмен, яғни қышқыл болуы. Лизосома қуысында ақуыздардың т.б. заттардың, белсенді ыдырауына қарамастан, лизосома мембраналары ыдырамайды. Бұл лизосома мембранасының құрамының ерекшеліктеріне байланысты. Көптеген мембрана комппоненттерінің арасында ерекше 2 ақуыз кездеседі, оларды lgA және lgB деп атайды. Олар монотопты интегралды ақуыздарға жатады. Заттардың лизосомаға өткізілуінің 2 типі бар: Биосинтез тетіктері-гидролитикалық ферменттердің және лизосома мембранасының ақуыздарының жеткізілуін қамтиды. Ол ЭПТ-дан басталып Гольджи кешенінің – аралық торында жалғасады да, Гольджи кешенінің транс-полюсында көпіршіктер құрамында бөлініп шығады.

Биомембраналардың бәрінің құрылысы, жалпы алғанда, ұқсас жоба күйінде құрылған. Биомембраналардың негізі болып амфильдік (екі ұшы екі түрлі – гидрофильді және гидрофобты) липидтердің қос қабаты саналады.Мембраналық липидтердің әрбір молекуласының – гидрофильдік басы және екі гидрофильдік құйрығы болады. Биомембраналардың құрамына липидтермен бірге ақуыздар да кіреді. Олардың екі түрі белгілі: интегралдық және шеткі ақуыздар. Интегралдық ақуыздар мембранаға терең батып липидтік қосқабатты тесіп өтіп орналасқан, ал шеткі ( перифериялық) ақуыздар мембрананың тек бір бетімен ғана байланысқан.

Негізгі қызметтері:

1. Биомембраналар-тұйық құрылымдар, яғни олардың ұштары ешуақытта да ашық болмайды.

2. Биомембраналар заттарды таңдамалы өткізу қасиетіне ие.

3. Биомембраналар ақпараттардың жасуша аралық және жасуша ішілік берілуін жеңілдетеді және қамтамасыз етеді.

4. Мембраналар түрліше жасушааралық байланысу арқылы ұлпалардың түзілуін қамтамасыз етеді.

5. Биомембрана қабаттарының қозғалғыштығы.

6. Ассиметриялығы.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.86.105 (0.007 с.)