Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Гендердің қызметіне қарай жіктелуіСодержание книги
Поиск на нашем сайте
2. Гендердің қызметіне қарай жіктелуі Гендердің жіктелуі түрліше болып келеді, мысалы, аллельді, аллельсіз гендер, летальды, жартылай летальды гендер, структуралық гендер, модуляторлық гендер, реттеуші гендер т.б. Структуралық гендерге-ферменттерді, рибосома ақуыздарын, гистондық ақуыздарды, РНҚ молекулаларын анықтайтын гендер жатады. Модуляторлық гендерге ингибиторлар және супресорлар, интенсификаторлар және модификаторлар кіреді. Реттеуші гендерге структуралық гендердің экспрессиясын реттейтін гендер-энхансерлер, операторлар, промоторлар, аттенюаторлар, терминаторлар жатады. Қызметтік белсенділігіне қарай гендерді-конститутивтік, реттелуші гендер, қозғалғыш генетикалық элементтер-транспозондар деп бөледі. Конститутивтік гендер дегеніміз-ағза онтогенезінің барлық сатыларында және барлық жасушаларда үнемі актив экспрессияланатын гендер. Оларды кейде тұрмыстық гендер деп атайды. Реттелуші гендер жасушаның ерекше қызметтерін, құбылыстарын қамтамасыз ететін арнайы ақуыздардың синтезделуін кодтайды және олардың экспрессиялануы әртүрлі факторлар әсеріне байланысты болады. 3. Мутон, рекон, цистрон туралы түсінік. Цистрон дегеніміз бір полипептид тізбегін кодтайтын ДНҚ учаскесі. Мутон- мутациялық құбылыстың қарапайым өлшем бірлігі, оның өлшемі ДНҚ молекуласының 1 жұп нуклеотидіне тең. Рекон-рекомбинацияның бұзылуына себепші нуклетотидтердің ең аз саны-бір жұп нуклеотидке тең. Рекомбинациялауға қабілетті. Рекомбинацияның ең кіші өлшем бірлігі. 4. Геном және кариотип туралы түсінік. «Адам геномының» бағдарламасы. Геном-ағза жасушаларының тіршілігі және дамуы үшін қажет барлық ДНҚ молекулаларының толық жиынтығы болып табылады, яғни жасушаның ядролық және цитоплазмалық ДНҚ-сының барлық гендері мен ген аралық учаскелерінің жиынтығы. Оның негізгі қасиеттеріне: репликация, генетикалық ақпаратты сақтау, экспрессиялану, яғни тұқым қуалаушы ақпараттың әрі қарай берілуі және мутацияға негізделген қзгергіштік. Кез келген биологиялық түрлердің хромосома саны тұрақты болады. Сонымен қатар, хромосома пішіндері, өлшемдері де тұрақты болады. Биологиялық түрлердің хромосома санын, олардың пішіндерін, өлшемдерін қамтитын кешенді сипаттамасын кариотип деп атайды (Г.А.Левитский, 1924 ж). Адам кариотипін жіктеудің 2 әдісі белгілі: Денвер классификациясы бойынша хромосомаларды үлкенінен кішкентайына қарай орналастырып, олардың идиограммасын құрастырады да әрқайсысын нөмерлейді. Париж классификациясы хромосомалардың таңдамалы боялуына байланысты жүргізіледі. Ол үшін хромосомаларды түрліше бояулармен бояйды. Сонда әртүрлі хромосомалар түрліше боялады, ал гомологтық хромосомалар бірдей боялады. «Адам геномы» атты ғылыми бағдарлама 20 ғасырдың 90-жылдары басталып 2001-2003 жылдары толық аяқталды. Бұл бағдарламны орындауға Қытай, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания елдеріне 20ға жуық ғылыми зерттеу мекемелері ат салысты. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты адам геномын зерттеп секвендеу( сексендеу бұл барлық хромосомалардағы ДНҚ молекуласының нуклеотидтер бірізділігін анықтау) және адам хромосомаларының физикалық және генетикалық картасын құрастыру болып табылады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.227.73 (0.007 с.) |