Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ДНҚ диагностиканың тікелей және қосалқы әдістері: скрининг, секвенирлеу.

Поиск

Моногендік тұқым қуалайтын аурулардың тікелей және қосалқы ДНҚ-диагностика деп аталатын әдістері белгілі.

Қазіргі кезде ДНҚ-диагностиканың 2 әдісі қолданылады: 1) белгілі мутацияларды детекциялау әдістері; 2) мутациялық скрининг әдісі

Белгілі мутацияларды детекциялау. Егер мутациялар белгілі болса, онда оларды фермент-рестриктазалар арқылы кесіп, рестрикциялық талдау не ДНҚ-гибридизация арқылы табуға болады.

Рестрикциялық талдау-мутацияларды тікелей детекциялаудың қарапайым әдістері болып табылады. Бұл кезде рестрикциялық эндонуклеазалар арқылы қостізбекті ДНҚ молекуласын 4-8 нуклеотидтер аралығында кеседі.

Мутациялық скрининг әдісі. Егер мутация сипаты белгісіз, бірақ аурудың клиникалық көрінісі қандай генде мутация пайда болатынын болжамдауға мүмкіндік беретін болса, онда мутациялық скрининг әдісі қолданылады. ОЛардың түрлері: 1) Саузерннің блот-гибридизация әдісі арқылы қайтақұрылымдарды талдау. 2) бір тізбекті ДНҚ молекуласының конформация полиморфизмін талдау. 3) денатурант градиентінде қос тізбекті ДНҚ электрофорезі. 4) гетеродуплексті талдау.

Мутацияларды талдаудың ақырғы кезеңі оларды секвендау болып табылады, яғни электрофорезде аномальды қозғалатын ДНҚ фрагментінің нуклеотидтер бірізділігін анықтау.

Секвендеудің екі әдісі белгілі:

Максам-Гильберт әдісі- ДНҚ молекуласын химиялық жолмен бір-бірлеп нуклеотидтерге ыдыратуға негізделген.

Сангер әдісі-қарапайым және арзан. Бұл әдіс зерттелуші ДНҚ тізбегінің синтезін белгілі бір азоттық негізге жеткенде, нақтылы бір дидезоксинуклеотидті енгізу арқылы тоқтатуға негізделеді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.22.202 (0.005 с.)