Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Антимутагенез. Репарация және оның түрлері

Поиск

14. Антимутагенез. Репарация және оның түрлері

Антимутагенез-мутациялардың ағзада тұрақталып сақталуын, не мутация әсерлерін болдырмайтын биологиялық механизмдер жиынтығы.

Репарация-молекула құрамындағы қателіктердің бұзылыстардың жөнделуі. Оның бірнеше түрлері белгілі:

1. Фотореактивация немесе жарықтық репарация. Оны 1962 жылы К.Руперт ашқан. Ультракүлгін сәулелері ДНҚ молекуласына әсер етіп, онда тиминдік димерлер пайда етеді, яғни 2 көршілес тиминдер-адениндермен байланысын үзіп, өзара байланысады.

2. Эксцизиалық немесе қараңғылық репарацияны-20 ғасырдың 50 жылдары А.Геррен ашқан. Ол жарықтың қатынасынсыз жүреді және 4 сатыдан тұрады.

1. Эндонуклеаза ферментері пайда болған димерлерді тауып, оларды танып қияды.

2. Кесілген ДНҚ молекулаларының жіпшелерінің ұштарын экзонуклеаза ферменттері танып, арасын алшақтатады да ығыстырып шығарады.

3. ДНҚ-полимераза ферменті кесіліп алынып тасталған нуклеотидтер орнына ДНҚ-ның үзілмеген екінші жіпшесі негізінде комплиментарлық принциппен, қалыпты нуклеотидтер синтездейді.

4. Лигаза ферменттері синтезделінген нуклеотидтерді ДНҚ-ның кесілген жіпшесіне жалғайды.

3. Репликациядан кейінгі репарация. Егерде репарацияның бірінші не екінші жолдары арқылы ДНҚ молекуласындағы қателіктер репликация кезінде жөнделмесе, онда ол келесі репликацияда матирица қызметін толық атқара алмайды. Сондықтан ол репликациядан кейін жөнделуі керек.

 

 

15. Молекулалық-генетикалық зерттеу әдістер, кезеңдері, нұсқалары.

Молекулалық-генетикалық әдістер- зерттелінетін ДНҚ молекуласының нақтылы учаскесінің құрылымының ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеу әдістері болып табылады. Бұл әдістер ДНҚ және РНҚ молекулаларын тәжірибелік зерттеулерге негізделінеді. Негізгі кезеңдері:

1.ДНҚ (РНҚ) үлгісін алу- жасуша ядросының ДНҚ-молекуласын тікелей бөліп алу не полимеразалық тізбекті реакциялар арқылы жинақтау. ДНҚ молекуласын лейкоциттерден, хорион жасушалардан, амнион сұйықтығының жасушаларынан, фибробласт культурасынан бөліп алады.

2. Полимеразалық тізбекті реакциялар-ДНҚ амплификациялау, яғни көшірмелеп көбейту болып табылады.

ДНҚ-ны амплификациялау 3 сатыға бөлінеді:

А) Жылылықпен әсер етіп ДНҚ молекуласын жеке-жеке тізбектерге ыдырату.

Б) Бір тізбекті ДНҚ-ның негіздеріне комплиментарлы праймерлерді байланыстыру

В) ДНҚ полимераза ферментінің қатынасуымен жаңа ДНҚ тізбегін синтездеу.

3. ДНҚ молекуласын фрагменттерге бөлшектеу-рестриктазалар арқылы ДНҚ молекуласын ұзынды қысқалы бөлшектерге кесу болып табылады.

4. ДНҚ фрагменттерінің электрофорезі-электрофорез кезінде, рестриктазалар арқылы кесілген фрагменттер, агрозды не полиакриламидті гелде электрофорез жүргізгенде, олар өлшемдеріне қарай түрліше таралып үлестіріледі, яғни молекула массасы үлкен фрагменттер баяу қозғалып гедь бетінің төмен жағына орналасса, молекула массасы кіші-жеңіл фрагменттер тез қозғалып, жоғары көтеріледі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.21.125 (0.007 с.)