Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мәтін бойынша сұрақтар қойыңыздар.

Поиск

3.Мәтінді оқыңыздар.

 

                      Ғылым мен техниканың даму тарихынан

   Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста (Бабыл, Мысыр, Үндістан, Қытай) болашақ ғылымға негіз болған ілімнің алғашқы нышандары қалыптасты. Ғылымның алғышарты ретінде мифологияны алуға болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтін, тұтас, жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды. Бірақ танымның бұл формасы өзінің діни-антопоморфты сипатына байланысты нағыз ғылымнан алшақ жатқан еді.

Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия т.б. ғылымдар салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды. Омейя әулеті халифатында Ғылым үйі болды, онда ғалымдар ежелгі грек ғылымының барлық жетістіктерін араб тіліне аударды, ғылымның ерекше формасы «фәлсафа» қалыптасты.

Қайта өрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді, ғылым рухани өмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның негізгі тірегіне айналды (Леонардо да Винчи, Н.Коперник). Сондай-ақ, ғылым табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеп, адамзат танымының көкжиегін кеңейте түсті. Механикадағы жетістіктер 17 ғасырдың аяғында жүйеленіп, толығып, әлемнің механикалық бейнесі туралы түсінік қалыптастыруда шешуші рөл атқарып, кейін әмбебап дүниетанымдық маңызға ие болды. Ол 17-18 ғасырлардағы біртұтас әлемдік механизм туралы жалпы ілімнің бөлімі ретінде танылды. 19 ғасырда болмыстың жекелеген салаларына қатысты жинақталып, жүйеленген және теориялық тұрғыдан талданып түсіндірілген материалдар, қоғам мен табиғат құбылыстарын механикалық түсіндіру шеңберінде қарастыруға сыймады, сондықтан ғылымның басқа салалары бойынша алынған нәтижелер негізінде оларды жан-жақты және терең қорыту міндеті алға қойылды. Энергияның сақталуы мен айналуы заңының ашылуы (Р.Майер, Дж.Джоуль, Г.Гельмгольц) физика мен химияның барлық тарауын ортақ негізге қоюға мүмкіндік берді. Жасуша теориясын тұжырымдау (Т.Шван, М.Шлейден) барлық тірі организмдердің біртекті құрылымын көрсетті. Элементтердің периодтық жүйесі заттың барлық белгілі түрлерінің ішкі бірлігінің барлығын көрсетті.

20 ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты, онда ДНҚ-ның молекулалық құрылымы белгіленіп, генетик кодтары айқындалады.

Қазіргі заманғы ғылымды өндірістік күш ретінде энергия, тіпті оны үнемдеу де көп қызықтырмайды, керісінше, ақпарат өңдеу, соның негізінде өндіріс пішімділігіне қол жеткізу алдыңғы орынға шықты. Адам тікелей өндіріс процесінің шеңберінен шығарылып қана қоймайды, ол мүлде жаңа сападағы техникалық әлем қалыптастыра отырып, ақпараттық модельдермен жұмыс істей бастайды. Басқару мен жоспарлауды автоматтандыру қазіргі ғылыми-техникалық дамудың басты ерекшелігі болып табылады.

 

1) Мифология ненің алғышарты болды?

2) Орта ғасырларда қандай ғылым салалары қауырт дамыды?

3) 16-17 ғасырларда ғылым қалай дамыды?

4) 19 ғасырда қандай елеулі ғылыми жаңалықтар ашылды?



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.22.241.15 (0.009 с.)