Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Поиск

1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

 

Мемлекеттік тіл, түркі тілдері, түркі тілдес халықтар, қазақ тілінің тарихы, көне дәуір, саяси , ғылыми, көркем әдебиет, баспасөз, мекендейді, байтақ, халық, өлке, халықтар өкілі.

2. Сәйкестікті көрсетіңіздер.

 

мемлекеттік

древний

егемендік

особенность

тәуелсіздік

алфавит

ғылыми

история

әдеби

эпоха

дәуір

литературный

тарих

научный

әліпби

суверенитет

ерекшелік

государственный

көне

независимость

3. Мына сөздердің синонимдерін көрсетіңіздер.

Ел

жуық

өлке

даму

дәуір

айрықша

 

4. Мәтінді оқыңыздар.

    Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.

  Қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл.

  Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, шетелдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Қазақ жазуы 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасын қолданған.  1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.

  1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. 1993 жылы қабылданған Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы» мақұлданды. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң жарияланды. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.

Заң 6 тарау, 27 баптан тұрады.

I тарауда жалпы ережелер туралы айтылады. Осы заңның 4-ші бабында: «Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, Сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп көрсетілген.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.255.238 (0.009 с.)