Сөздікте берілген сөздермен сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдер құраңыз.
Содержание книги
- Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.
- леңді жаттап алыңыздар.
- Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз.
- Төмендегі мақал – мәтелдерді жаттау
- Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіздер.
- Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
- Сәйкестігін табыңыздар.
- Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Мәтінді қазақ тіліне аударып, ат қойыңыздар.
- Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.
- Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.
- Сөйлемдерді дұрыс септік жалғауында тұрған сөзбен жазыңыздар.
- Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.
- Мәтін бойынша 7 сұрақ қойыңыздар.
- Мәтіннен 10 жалпы, 10 жалқы зат есімдерді екі бағанға теріп жазыңыздар.
- Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Аяулы Отаным - Қазақстан» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.
- Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңыздар.
- Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.
- Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.
- Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.
- Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.
- Сөздікте берілген сөздермен сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдер құраңыз.
- Төмендегі есімдіктермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- азақстан қорықтары» тақырыбында хабарлама жасаңыздар.
- Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар.
- Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар
- Сұрақтарға жауап беріңідерз.
- Жоғарыдағы мәтіннен негізгі және көмекші етістіктерді ажыратыңыздар.
- Мен және қоршаған орта» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.
- Төмендегі берілген түсіндірме атауларды қазақ тіліне аударыңыздар.
- Сөздікті жаттап алыңыздар.
- Мәтін бойынша 5-7 сұрақ қойыңыздар.
- Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Төмендегі көсемшелермен сөйлемдер құраңыздар.
- Мәтінді қажетті сөздермен толықтырыңыздар.
- Шашылған сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- Мәтінді қазақ тіліне аударңыздар.
- Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- Мәтін бойынша сұрақтар қойыңыздар.
- Мәтіннен септеулік шылауларды теріп жазыңыздар.
- ылым» сөзімен тіркесетін 5 сөз тіркесін жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
- Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
3. Сөздікте берілген сөздермен сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдер құраңыз.
4. Мәтінді оқыңыздар.
Баянауыл
Баянауыл – Сарыарқа аталатын ұлан – ғайыр сахараның бір ғана бөлігі. Ол – Ертістің сол жақ жағалауына орналасқан Павлодар облысының ең ірі ауданы.
Баянауыл көгілдір таулары, күрең белдері, мөлдір көлдерімен көрікті. Тау қойнаулары қалың жыныс орман тоғайлар: қарағай, терек, қайың, мойыл.... Шырша иісі бұрқырап тұрады.Көз жасындай мөлдіреген салқын бастаулар.... Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдерін айтсаңшы! Алтынмен аптап, күміспен күптеген гауһардай ғой әрқайсысы.
Бұл өңірдің ажар-көркіне ғашық болып, жырламаған ақын бар ма екен, сірә ?!
Иә, Баянауыл – туған халқына қызмет етуге бүкіл ғұмырын сарп еткен ардақты, абзал азаматтарымыздың елі.
Баянауыл – жаратылыстың қастерлі бір мекені. Мұнда жабайы аңдар мен құстардың әр түрін кездестіреміз. Бұл өңірдің байлығы ұшан теңіз. Ол байлықты көздің қарашығындай қорғап, күннен – күнге көбейте түсуші – адамдар. Республика үкіметінің шешімі бойынша Баянауыл ауданының аймағы қорық болып жарияланды.
5. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Баянауыл және оның табиғаты қандай?
2.Жабайы аңдар мен құстардың атауларын естеріңізге түсіріңіздер
3.Баянауылдан басқа қандай қорығы бар жерлерді білесіздер?
6. Мәтіннен белгісіздік есімдіктерді теріп жазыңыздар.
7. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
Марқакөл қорығы
Ертіс өңіріндегі көрікті әрі табиғаты бай өлке – Марқакөл көлінің аймағы. Марқакөл теңіз деңгейінен 1434 метр биіктікте орналасқан. Оның тереңдігі – 27 метр, басты байлығы – халық «майқан» деп атайтын қызыл балық. Айналасындағы орманда аңдар мен құстардың 60-қа жуық түрі тіршілік етеді. Қазір Марқакөл көлі мен оның төңірегіндегі орманды алқап қорыққа айналдырылған, сөйтіп осы өлкенің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорғауға алынған.
Аңшылар мен ғылыми қызметкерлер аңдарды есепке алады, олардың тіршілік-тынысын бақылайды. Қыста аңдар қосымша азықтандырылады, өйткені Марқакөлдің қысы қатты әрі ұзақ. Адамдардың қамқорлығына жануарлар әбден үйреніп алған.
Қар қалың жауған жылдары олар таудан түсіп, елді мекендерге жақын жерге жайылады.
Табиғатты қорғау жақсы нәтижелер бере бастады, өйткені Марқакөлде бүкіл Ертіс өңірінің қарағайлы орманы мен қуаң даласын мекендейтін марал, қызыл қасқыр, бұлан, бұғы, қабан, тіпті қоңыр аюды да кездестіруге болады.(«Қазақ күнпарағы», 1989)
|