Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ылым» сөзімен тіркесетін 5 сөз тіркесін жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

Поиск

10. «Ғылым» сөзімен тіркесетін 5 сөз тіркесін жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

11.Демеулік шылауларды қатыстырып 6 сөйлем құраңыздар.

 

12.Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

 

Егер жай ғана асфальтқа күкірт қосатын болсаңыз, өте берік қоспа шығады. Мұндай жол 5 жылдан 10 жылға дейін еш жөндеусіз қызмет көрсете алады. Ғалымдар: «Біз құрылыс материалдарынан зәулім ғимараттар салуымыз қажет, оған мүмкіндігіміз де жетеді»,- дейді. Бұрынғы ауыр, әрі тез сынғыш кірпіштің орнына ғалымдар бетонның ұяшықты бетон деп аталатын жаңа үлгісін ойлап тапқан. Оған зиянсыз қалдықтармен дисперсті қолданылады. Тек жаңа технологияларды қолданудың арқасында ғана өнімнің беріктігі мен қоршаған ортаның әсеріне төтеп беру қасиеттері артып отыр.

 

13.Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қойып, оқыңыздар.

Ғарыштық түсірілімдер ... табиғи құбылыстардың уақыт бойынша өзгеруін бақылауға болады. Қойылған мақсатына және түсіргіш аппарат орнатылған ғарыштық тасығыштар түріне ... ғарыштық түсірілімнің бірнеше әдісі бар. Бұл түсірілімдер метрология, мұхиттану, геология ғылымдары ... өте қажет.

 

Қажетті сөздер: үшін, арқылы, қарай

 

14.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Ғылыми – техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас үрдіске айналды. Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде: -қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ерекше өндіріске озық технологияны пайдалну қазіргі ғылыми- техникалық революцияның негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне және элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді. Бұл жағдай адамның өндірістегі орны мен рөлін мүлдем өзгертті, жұмысты күрделендірді, жаңа биік талаптар қойылды, қазіргі ғылыми –техникалық революция әлемдік сипатқа ие болды, бүкіл дүниежүзілік құбылысқа айналды, биотехника кең өріс алды. Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайын жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді. Ғылыми техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы зор. Білім беру жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған , ұлы мақсатты көздейтін үрдіс екендігін естен шығармаған абзал. Ғылыми- техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тән ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негізгілері мыналар: шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы ; техника мен технологияның бір типтегі түрлері; бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік- мамандық құрылымының өзгеруі; - жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі; еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы; жұмысшы күшінің әрдайым босап қалуы; өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т. б. Ғылыми – техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эколюциялық және эволюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату үрдісі сол бұрынғы ғылыми- техникалық принципке негізделген. Бұл процесс қазіргі заман – ғылыми - техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді. Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.116.80.217 (0.006 с.)