Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңыздар.
Содержание книги
- Оқытушы жайлы мәлімет: қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Ж.М.Төлеужанова, Ә.С. Нұржанова, А.К. Қасенбаев.
- Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- Пән бойынша СӨЖ тапсырмалары және кестенің орындалуы
- Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.
- леңді жаттап алыңыздар.
- Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз.
- Төмендегі мақал – мәтелдерді жаттау
- Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіздер.
- Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
- Сәйкестігін табыңыздар.
- Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Мәтінді қазақ тіліне аударып, ат қойыңыздар.
- Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.
- Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.
- Сөйлемдерді дұрыс септік жалғауында тұрған сөзбен жазыңыздар.
- Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.
- Мәтін бойынша 7 сұрақ қойыңыздар.
- Мәтіннен 10 жалпы, 10 жалқы зат есімдерді екі бағанға теріп жазыңыздар.
- Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Аяулы Отаным - Қазақстан» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.
- Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңыздар.
- Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.
- Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.
- Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.
- Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.
- Сөздікте берілген сөздермен сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдер құраңыз.
- Төмендегі есімдіктермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- азақстан қорықтары» тақырыбында хабарлама жасаңыздар.
- Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар.
- Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар
- Сұрақтарға жауап беріңідерз.
- Жоғарыдағы мәтіннен негізгі және көмекші етістіктерді ажыратыңыздар.
- Мен және қоршаған орта» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.
- Төмендегі берілген түсіндірме атауларды қазақ тіліне аударыңыздар.
- Сөздікті жаттап алыңыздар.
- Мәтін бойынша 5-7 сұрақ қойыңыздар.
- Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Төмендегі көсемшелермен сөйлемдер құраңыздар.
- Мәтінді қажетті сөздермен толықтырыңыздар.
- Шашылған сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- Мәтінді қазақ тіліне аударңыздар.
- Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
3. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңыздар.
1. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
Әдептілік, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, қарым-қатынас, биязылық, кеңпейілділік, кеңойлылық, бауырмалдылық, шыдамдылық, сыйластық, қайырымдылық, адалдық, ақты теппеу, дауыс көтермеу, сөзін бөлмеу, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсету.
2. Сәйкестікті көрсетіңіздер.
әдепті
Воспитанный
салмақты
Прилежный
білімді
Честный
ұқыпты
Аккуратный
адал
Уважаемый
қайырымды
Умный
сыйлы
Спокойный
бауырмал
Чуткий
ақылды
Образованный
тәрбиелі
Милосердный
3. Мәтінді оқыңыздар.
Әдептілік - мәдениет негізі
Әдептілік тәрбиесі этнопедагогикада негізгі тәрбиенің бірі болып табылады. Олар мінез-құлық әдептері, жүріс-тұрыс әдептері, адамдармен қарым-қатынас әдептері болып үшке бөлінеді. Мінез-құлық әдептеріне: биязылық, кішіпейілділік, салмақтылық, кеңпейілділік, кеңойлылық, бауырмалдылық, шыдамдылық, сыйластық, ұстамдылық, білімділік, ұқыптылық, тындырымдылық, адамгершілік, қайрымдылық, адалдық қасиеттері кіреді. Жүріс-тұрыс әдептеріне: есіктен сәлем беріп, оң аяқпен кіру, нанды екі қолмен үзу, тамақты оң қолмен жеу, айға қарап қол шошайтпау, киімді оң жақпен киіп,сол жақпен шешу, үйге қарай жүгірмеу, есінегенде ауызды оң қолдың сыртымен жабу, ақты теппеу, астан соң бата қайыру, ұрлық жасамау, кітапты жерге тастамау, босағаны кермеу, есікті қатты жаппау, дауыс көтермеу, өтірік айтпау т.б. қасиеттер кіреді. Қатынас әдептеріне: үлкеннің алдын кеспеу, үлкендерге бұрын сәлем беру, екі қолмен амандасу, үлкеннен бұрын дастарханға қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, кішіге – ізет, үлкенге – құрмет көрсету, ата-ананы құрметтеу, затты өзгеге оң қолмен беру, төрт түлікті қастерлеу, қазаны құрметтеу т.б. қасиеттер кіреді.
Бұл көрсетілген әдеп нұсқаларын өсіп келе жатқан жас ұрпақты жарасымды әдептілік пен ұнасымды ізеттілікке тәрбиелеуде халқымыздың тәрбие қағидалары деп түсінуге болады. Қайшылығы мен қасіреті асқынып тұрған қазіргі кезеңде бұл айрықша мәселе. Қазақ халқындағы әдептілік мәселесі сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрлермен тығыз байланысты.
Адамдар бір-бірімен кездескенде «Ассалаумағалейкум», яғни» «Сізге нұр жаусын» , «Уағалайкум ассалам» қазақша «Алланың нұры сізге де жаусын» дегені. Осылай амандасуы арқылы адамдар бір-біріне ізгі ниетін, достығын білдірген. Сәлемдесу әдебінің де қалыптасқан дәстүрі, салауатты салты болған. Ер адамдар қол алысып, төс қағыстырып амандасқан. Әйелдер бір-бірімен құшақтасып амандасып, келіндер үлкендерге иіліп сәлем берген. Күнде көріп жүрген құрдастарына, өзінен кішілерге бір қолын ұсынса, жасы кішілер үлкендерге қос қолын созып амандасқан. Көптеген көрмеген бауыр, туыс, құда-жекжат, ағайындар бір-бірімен төс қағысып амандасқан. Демек, әдептілік, ізеттілік, сыйластық сияқты асыл қасиеттер сәлемдесе білуден басталады. Жаңа түскен келін әдеп сақтап, туыстарының атын атамай «төрежан, кенже бала, ерке қыз, еркем, төрем, мырза жігіт, үлкен аға, ата, әже, шеше, шешей» дейтін болған. Осы сөздердің өзінен-ақ ата-салтымызға тән ізеттілікті, сыпайылықты, жарасымды әдептілікті көруге болады.
Қазақ халқының тәрбиесіндегі бір сыйластық ерекшелік: адамның аты-жөніне құрметпен қарау. Үлкен адамдардың аты-жөнін атауда «еке», «әке» жұрнағын қосып, Ереке, Қалеке, Әлеке, Әбеке, Мәке, Шәке т.б деп атаған.
Қазақ халқы ер бала мен қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Отбасы үшін қыз бала атқарар қызметін біліп қоймай, өнерлі шебер болуын, ер баланың еңбекқор, өнерлі, парасатты, білімді, ұстамды болуын ең басты қасиет деп таныған.
|