Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

леңді жаттап алыңыздар.

Поиск

11. Өлеңді жаттап алыңыздар.

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым –халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.  

Ал екінші бақытым – Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

 

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

                                                              М. Мақатаев             

12. Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табыңыздар.

Бүгінгі жастар уақыттың қайда бастап бара жатқанын, өмірде тілдің қаншалықты маңызды орын алатындығын да түсінеді. Араларында екі-үш, тіпті төрт-бес тілді қатар, еркін меңгергендері де бар. Алыс-жақын шетелдермен саяси-экономикалық, мәдени-рухани байланыстарда мұндай мамандарға қашанда сұраныс жоғары. Тіл білудің түрлі сипаттағы байланыстармен қатар тарихымызды түгендеуде де берері көп. Араб, Иран, Үндістан, Қытай, т.б. секілді көп ғасырлық жазба дүниелері сақталған іргелі елдерден байырғы қилы қарым-қатынас тарихын, сол елдерде жатқан өзімізге қатысты тарихи деректерді іздестіріп жинап, мәдени мұра қорын жаңа дүниелермен толықтыру шығыс тілдерін терең меңгерген мамандардың күшімен ғана жүзеге аспақ.

 

13. Асты сызылған сөздердің антонимдерін табыңыздар.

Қазіргі қазақ тілі - өсіп-өркендеген тіл. Қоғамның барлық салаларында қолдануға жарамды, заман талаптарына толық жауап бере алатын тіл. Қазақ тілін үйренуге, үйретуге арналған көптеген оқулықтар мен оқу құралдары, түрлі салалар бойынша терминологиялық сөздіктер жарық көрді. Мұның бәрі тіліміздің жағдайын жақсартуға арналған игі іс-шаралар мен табанды ізденістердің нәтижесі. ХХІ ғасыр – ғылым мен білім ғасыры. Қазір еліміздегі азаматтардың бәрісауатты. Қай мәселеге болса да байыпты қарап, тиімді жағына баса назар аудару - өмір талабы.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.222.116.168 (0.005 с.)