Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

Поиск

11. Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

· Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

· Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.

· Шеше тұрып қыз сөйлегеннен, әке тұрып ұл сөйлегеннен без

· Ақылды кісі байқап сөйлер, ақылсыз кісі шайқап сөйлер.         

Жылы –жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады.

 

12. Мәтінді оқыңыздар.

Ата – анана не істесең, алдына сол келеді

 

« Ата – анана не істесең, алдына сол келеді», « Әкесін сыйламағанды баласы сыйламайды » деген бар еме пе? Ата – анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп , адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға , қатты қарғысқа ұшырған.

Баланың ата – ана алдындағы ұлы парызы мейірімммен, жақсылықпен өтелмек. Бала - ата –ананың көз нұры,  көңіл қуанышы. Ата – ана табан ақы, маңдай терін перзентінің адам болуы жолына жұмсайды. Ата – ананың бұл еңбегін өтеу , әлбетте, оңай болмаса керек.

«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да , қарызыңнан құтылмайсың» деген сөз осыны айғақтайды.

( « Әдептілік қағидалары » кітабынан)

 

 

13. « Баланың ата - ана алдындағы парызы » дегенге өз пікірлеріңізді айтыңыздар

 Есте сақтаңыздар!

Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма,

Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап, тақалып тұрма

Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, тесіле қарама.
Біреудің дүниесін өз бетіңмен аударыстырып, ақтарма.
Ата-анаңның бетінен алма.
Үйде отырып ысқырма.
Әркімді бір кекетіп, мұқатпа.
Бас киімді теппе, айналдырма, аяқ асты тастама.
Нанның үстіне зат қойма.
Жасы үлкеннің алдын кеспе, одан жоғары отырма, сөзін бөлме.
Кемтар адамға күлме.

 

 


                                   

1. Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.

    Адамның жеке басы дегеніміз — оның кісілігі. Ал, кісілік дегеніміз — адамның абыройы, беделі, дәрежесі. Бұның бәрінің ұйытқысы — әдептілік. Ендеше, адам өзінің өмір сүру салтын, ғүмыр кешу жолын осы әдептілікке негіздеуі керек.

Адамгершілік сезім де осы әдептен басталады. Адамның жеке басындағы адамдық қасиеттерін, оның адамгершілік сезімдерін әдеп жетілдіреді. Жалпы алғанда, әдеп адамды мейірімді, рақымды етіп, ол арқылы қоғамды бақытқа кенелтеді. Лұқпан хакімнен "Әдептілікті кімнен үйрендің?" деп сұраған көрінеді. Сонда ол: "Әдепсіздерден. Әдепсіздің тұрпайы көрінген әрекетінен бойымды аулақ салдым" деген екен. Адам осылай өзін-өзі тәрбиелей алуы тиіс. Өйткені, не нәрсе болмасын тәрбие арқылы ғана іске асады. Адамның тәрбиесі ең әуелі кісінің жеке басына тығыз байланысты. Кісі өзіне дұрыс тәрбие, бағыт-бағдар бере алған жағдайда ғана, жеке басының тұлғасын қалыптастыра алады. Ендеше әрбір адам өз тұлғасын өзі жасай алады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.222.17.194 (0.006 с.)