Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.

Поиск

5.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.

6.Мәтіннен етістерді теріп жазып, мағыналық түріне қарай ажыратыңыздар.

 

7.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып оқыңыздар.

Білім берудің.......... деңгейі « Орта білімнен кейінгі білім» енгізіліп отыр. Бұл ......... кәсіптік оқу бағдарламалары гуманитарлық мамандықтар бойынша қызмет көрсететін және басқару еңбегінің кіші мамандарын даярлауға бағытталған.

Әдетте бұл ........ меңгеру 1 - 2 жыл мерзімді құрайды. Оларды ........ қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші маманы біліктілігі беріледі.

 

Қажетті сөздер: меңгергендерге, жаңа, деңгейдің, бағдарламаларды

8.Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.   

                                                     

  Жоғары білім мен одан кейінгі білім беру жүйесінде де елеулі өзгерістер болды. Бұрынғы заң бойынша жоғары кәсіби білім көп сатылы құрылымға ие болса, енді жоғары білім беру халықаралық үрдістерге сәйкес тек бакалаврлық оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Бұл базалық білімі бар және еңбек нарығының өзгермелі талаптарына тез бейімделуге қабілетті, кең профильді мамандар даярлауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жекеленген мамандықтар бойынша (медицина, ветеринария, әскери мамандықтар) дипломдық мамандар даярлау да жүзеге асырылады.

 

9.Негізгі мәтіннен етістіктерді көшіріп жазып, үш шақта түрлендіріңіздер және етіс категорияларын ажыратыңыздар.

 

10.Төмендегі етістіктерге ырықсыз етіс жұрнақтарын жалғап, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Келу, оқу, жазу, айту, жасау, көру, тыңдау

 

 

11.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

 КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен 3 қазан 1957 жылы Ақмола қаласында құрамында агрономия, ауыл шаруашылығын механикаландыру және жерге орналастыру факультеттері бар ауыл шаруашылығы институты ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1996 жылы 7 мамырда Ақмола ауыл шаруашылығы институты Ақмола аграрлық университеті болып қайта ұйымдастырылып, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин есімі берілді.

Қазіргі кезде Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Қазақстан астанасының бірінші жоғары оқу орны, Қазақстандағы ең ірі білім және ғылым орталықтарының бірі.

55 жыл ішінде білім ордамыз Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің аграрлық секторларында, халық шаруашылығының түрлі салаларында жемісті еңбек етіп жатқан 55 мыңнан астам мамандар дайындады. Бүгінгі күнде университет түлектері Қазақстан Республикасының және еліміздің елордасы - Астана қаласының құрылысына тікелей ат салысып отыр. Олардың ішінде ерен еңбектері үшін үкіметтік марапаттауларға ие болған Министрлер, Президент аппараты мен Премьер –Министрдің кеңсе қызметкерлері, Парламент депутаттары, облыс, аудан және қала әкімдері, ірі кәсіпорын жетекшілері, елшілер, көрнекті ғалымдар, үлкен бизнестегі адамдар бар.

Қазіргі кезде университеттің 43 кафедрасында 600- ден аса оқытушы, соның ішінде 280-нен аса ғылым кандидаты, 68 ғылым докторы оқу-ғылым және тәрбие сапасын үнемі арттыру жолында еңбек етеді.

Университеттің 9 факультетінде 9 мыңға жуық студент оқиды. Оқу 37 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу нысандарында қазақ және орыс тілдерінде, сонымен қатар арнайы орта және жоғары білім базасында қысқартылған бағдарламалар бойынша жүргізіледі.         

Университетте оқу үдерісін қазіргі заман деңгейінде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін 11 оқу ғимараты, жастар орталығы, ақпараттық технологиямен оқыту орталығы, 40 компьютерлік класс, шаруашылық есеп тәжірибеcі стансасы, 7 студенттік жатақхана, оқу -өндірістік шеберхана, 900 мыңдай кітап қоры бар кітапхана, редакциялық баспа бөлімі, оқулықтар, монографиялар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, «Ғылым хабаршысы» жорналы мен « Менің университетім» газеті басылып шығарылатын баспахана бар.

Университет 2010 жылы кезекті мемлекеттік аккретитациядан өтті. Университетіміз 2005 жылдың сәуір айында ISO 9001 : 2000 стандартына сәйкес Сапа менеджменті жүйелерінің сертификатына ие болды.

Университет ұлттық аккредитациялық орталығының рейтингі бойынша

 

 Қазақстан республикасының 30 техникалық жоғары оқу орындарының арасынан ІІІ орынға ие болды. 

Университеттің қоғамдық кәсіптер факультетінің 7 бөлімі жұмыс істейді. Онда студенттер таңдаған мамандығымен қатар түрлі бағыттағы шығармашылық таланттарын шыңдай алады.

Университеттің спорт клубында 18 секция: қазақша күрес, ауыр атлетика, армреслинг, футбол, баскетбол т.б. жұмыс істейді. Баскетболдан ерлер командасы Қазақстан республикасының 2005 жылғы чемпионы, студенттік Универсиада жеңімпазы.

Студенттер сонымен қатар әскери дайындықтан өтіп, мотоатқыштар және әскери автомобиль түрлері бойынша лейтенант атағын алады.

 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.205.160 (0.007 с.)