Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен  толықтырыңыздар.

Поиск

13. Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен  толықтырыңыздар.

                               Киелі сандар туралы

Қазақ халқында жеті , тоғыз, қырық сандары қасиетті, киелі сандар болып есептеледі.

« Жеті » сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті ата, жеті күн, жеті жұт сөздері пайда болған. Қайтыс болған адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп еске алу және «жетіге келгенше жерден таяқ жерсің », « жеті қабат жер астында » сияқты сөз тіркестерінің шығуы да жетімен байланысты.

Тоғыз санына байланысты « Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», «тоғыз жолдың торабы» , «бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз» сияқты сөздер бар,

Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны – қырық. Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда « қырқынан шығару» деген ырымы бар. Өлген адамның қырқын беру дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты «қырықтың бірі – қыдыр » деп қарсы алу т.б. сенімдер, ырымдар « қырық » сөзімен байланысты.

14. Досыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сұрап, сұхбат құрастырыңыздар.

 

15. Мына сандардан жинақтау сан есімдерін жасаңыздар.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7

16. «Менің бос уақытым» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыздар.

 

 

 


1. Мәтінге қажетті сөздермен,  сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Ұлан-ғайыр сахара, сол жақ жағалау, көгілдір таулар, тау қойнаулары, қалың жыныс орман, шырша иісі, салқын бастаулар, гауһардай, ғұмыр, қастерлі мекен, өңірдің байлығы, көздің қарашығындай, үкіметтің шешімі.

2. Сөздіктерді жаттаңыздар .

ұлан-ғайыр - безмерный, безграничный

қойнау – недра

ажар-көрік – красота

өңір - край

қорғау – защищать

күнен-күнге - с каждым днем

 шешім – решение

жариялану – объявлять

қастерлі – священный

ғұмыр – жизнь

көздің қарашығындай сақтау - беречь как зеницу ока



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.221.213.213 (0.006 с.)