Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сәйкестігін табыңыздар.

Поиск

3. Сәйкестігін табыңыздар.

мәлімет

глобальный

шылымқорлық

актуальный

әдет

документ

темекі

борьба

құжат

курение

күрес

сведения

өзекті

сигарета

денсаулық

привычка

үлес

будущее

келешек

продукт

жаһандық

здоровье

өнім

доля

4. Мына сөздерді тәуелдеңіздер.

 

Орын, бөлме, ел, жер, үй

5. Мына сөздерді жіктеңіздер.

Ғалым, қызметкер, азамат, ұста

 

6. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

 

Денсаулық – зор байлық

 

Статистикалық мәліметтерде көрсетілгендей, еліміздегі ер адамдардың 57 пайызы, қыз-келіншектердің 31 пайызы шылымқорлықтың шырмауында жүргендер екен. Ең өкініштісі, еліміздің медицина саласында еңбек ететін ер азаматтардың 34 пайызы әлгіндей әдетке бой алдырғандар болып отыр. Дөңгеленген дүние бойынша өмір сүріп жатқан 1,1 миллиард шылымқорлардың жыл сайын 5 миллионы өмірлерімен қоштасатын болса, біздің еліміздегі шылымқорлардың жыл сайын 25 мыңы өлімге душар болады екен. Бұл дегеніңіз, кішігірім қалаларда тұратын халық санымен бірдей емес пе?

Темекі індеті тек жаһандық мәселе емес, сонымен қатар бұл жаһандану мәселесі болып табылады. 1996 жылдың мамыр айында темекі індетінің жаһандануын тежеу мақсатымен 49-шы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Бас директорына темекіге қарсы күреске қатысты халықаралық конвенция құрастырудағы ұсынушы болуды өтінген еді. Сонымен, 2003 жылдың 21 мамырында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы темекіге қарсы күреске қатысты конвенциясының ақырғы мәтінін бекітті. Конвенция темекінің және темекі өнімдерінің жаһандана таралуын шектейтін халықаралық заңдастырылған құжат болып табылады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының темекіге қарыс күрестегі осындай өзекті мәселелер шоғыры белгіленген конвенциясына 2004 жылдың 21-ші маусымында біздің еліміз де қол қойды. Сөйтіп, қазақ елі өз халқының таза ауамен тыныстауға құқылы өркениетті ел болуға ұмтылатындығын әлемдік қауымдастықтың алдында жария етеді.

Тәуелсіз еліміздің болашағына кәдімгідей қауіп төніп тұрғанын жүрегімен сезе алатын әрбір саналы азамат, еліміздегі шылымқорлықтың одан әрі өрістемеуі үшін өз үлесін қосуға міндетті.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.14.0.59 (0.006 с.)