Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мен және қоршаған орта» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.

Поиск

2.«Мен және қоршаған орта» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.

 

3. Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.

 

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Өз елім – өлең төсегім.

Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Отан – елдің анасы,

Ел – ердің анасы.

Аққу айдынын аңсайды,

Адам атамекенін аңсайды.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

 

 

 


1.Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Білім деңгейі, сәйкестендіру, білім беру құрылымы, мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш орта білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, кәсіптік білім, кәсіптік бағдар, базалық, негіз, әлеуметтік, жүзеге асыру, ереже, деңгей, әмбебап.

 

2.Сөздікті жаттап алыңыздар.

 

сәйкес              -  соотвественно

жүзеге асыру      - осуществить

ереже              - правила

деңгей              - уровень

әмбебап           - универсальный

икемді             - способный

дағды              - привычка

құрылым        - структура

кәсіптік           - профессиональный

жаратылыстану  -естествознание

әлеуметтік      - социальный

                                                     

3.Мына етістіктерден етіс түрлерін жасап, сөйлем құрастырыңыздар.

Жүзеге асыру,  сәйкестендіру, анықтау, қалыптастыру, бағыттау, өзгерту.

 

4.Мәтінді оқыңыздар.

Білім жүйесіндегі реформалар

 

2007 жылдың 27 тамыз айында «Білім туралы» жаңа Заң қабылданды. Жаңа Заңның ерекшелігі – білім беру құрылымының халықаралық білім стандарттарына сәйкестендірілуі. Жаңа Заңда білім беру құрылымы ЮНЕСКО ұсынған 1997 жылғы халықаралық білім сыныптамасы білім беру бағдарламалары өлшемдеріне сәйкестендіріледі. Заңда 12 жылдық білімінің құрылымы анықталады. Ол – бастауыш білім – 4 жыл, 1-4 сыныптар аралығы;

- негізгі орта білім – 6 жыл, 5-10 сыныптар аралығы;

- жалпы орта білім – 2 жыл, 11-12 сыныптар аралығы ;

Бастауыш білім берудің оқу бағдарламалары баланың тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған. Негізгі орта білім беруге арналған оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негізін игеруге, тұлғаның өзін тануы мен кәсіптік бағдарын айқындауға бағытталады.

Жаңа Заңда техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұны мен құрылымы елеулі өзгертілді.

Білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау негізгі орта білім беру базасында (10сынып) және кәсіптік лицейлерде,  колледждерде және жоғары техникалық мектептердегі жалпы білім беру базасында (12 сынып) жүзеге асырылатын болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басты міндеті - әмбебап және икемді дағдыларға ие, үздіксіз білім беруге қатыса алатын мамандарды даярлау болып табылады.

Кредитік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат, магистратура, докторантура, PһG) заңнамамен бекітіліп отыр. Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық стандартарға сәйкес келеді.

Жалпы бiлiм беретiн мектеп – бастауыш,  негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм берудiң оқу, бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

бакалавр – жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;

гимназия– білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің гуманитарлық бейімдері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

 кәсiптiк лицей - жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары мен техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiктi кадрларын даярлау жөнiнде техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
 қашықтықтан бiлiм беру технологиясы - бiлiм алушы мен педагог қызметкердiң жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара iс-қимылы кезiнде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерiн өз бетiмен оқитын оқыту нысандарының бiрi;

университет - мамандықтың үш және одан да асатын тобы бойынша (медициналық университет - екi және одан да көп) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын, ғылыми және педагогтiк қызметтi, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және өз қызметi саласында жетекшi ғылыми және әдiстемелiк орталық болып табылатын оқу орны.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.119.127.230 (0.008 с.)