зiн-өзiтану сабағының жоспары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

зiн-өзiтану сабағының жоспары

Поиск

«Тексерілді»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: ___________________

                   Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

Мектеп                       Мерзiмі:                         № 13 сабақ

Тақырып:  ЕР АДАМ – ПАРЫЗДЫ, ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН

ТӘРТІПТІ ІСКЕ АСЫРУШЫ  

Құндылық:  

Қасиеттер:

Мұғалiм:

Сынып: 9

 

Сабақ мақсаты:

Ер адамның қоғамдағы және отбасындағы орны мен оның тұлғалық қасиеттерін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:  

-  «ер жігіт», «нағыз жігіт» ұғымдарының мәнін ашу

-оқушылардың саналы түрде тұлғалыұ белсенділік танытуға ұмтылыстарын дамыту.

-оқушыларды ар –ұжданын басшылыққа алып,абыройлы болуға баулу.

 

Ресустары

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

                     Сабақ барысы

Сабақ барысын талқылау:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

 

 

2.Үй тапсырмасын тексеру.

 

 

3.Дәйексөз.

Ер жігітке жарасар,

Қолына алған найзасы.

Би жігітке жарасар,

Халқына тиген пайдасы. Бұқар жырау Қалқаманұлы

 

4.Әңгiмелесу (сұхбат).

«Үміт үзгім келмейді »(Үзінді)Немат Келімбетов

Қаратай ағаның жұбайына бір минуттық қуаныш сыйлау үшін

соншама тер төккен әрекетін жалпыадамзаттық құндылықтар

тұрғысынан түсіндіріңіздер. Бұл оның бойындағы қандай

қасиеттерінің көрінісі?

2. Әңгіме кейіпкерінің қадір-қасиеті мен абыройын асқақтатып,

дұрыс әрекетке жетелеген қандай күш деп ойлайсыздар?

Неліктен?

3. Әйел адамды сыйлау дегенді қалай түсінесіздер? Ол үшін

адамның қандай қасиеттері жарыққа шығуы тиіс?

4. Кейіпкердің «Тер сіңбеген бұйымның көк тиындық құны

бола ма?!» деген сөздерімен келісесіз бе? Өмірден мысал

келтіріңіз.

5. Қазіргі уақытта бұл қаншалықты өзекті деп санайсыз? Нақты

мысал келтіріп, әңгімелеп беріңіз.

6. Осы әңгімеден өзіңіз қандай ой түйдіңіз? Пікіріңізді ортаға

салыңыз.

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.223.206.27 (0.009 с.)