Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Айран менің жан анам. . . (Үзінді)Әкпаржан ақылбай

Поиск

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Қайран менің жан анам...(Үзінді)

Әкпаржан Ақылбай

 

3.Дәйексөз.

Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады.

Ы.Алтынсарин

 

4.Әңгiмелесу (сұхбат).

Қайран менің жан анам...(Үзінді)Әкпаржан Ақылбай

Ананың бойынан қандай ізгі қасиеттерді байқадыңыздар?

2. Мәтіндегі «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен

әлемді тербетеді» деген нақыл сөзді қалай түсінесіздер?

3. Ата-ананың бойындағы қандай қасиеттер бала өмірге келгенде

оны ізгілікке, дұрыс әрекетке жетелейді?

4. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген нақыл сөзден қандай ой

түюге болады?

5. Сіздің пікіріңізше, отбасындағы қандай құндылықтар бала

тәрбиесінде маңызды?

6. Отбасы ошағының жылулығын қалай сақтауға болады деп

ойлайсыздар?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма. Ұлы адамдардың ой-тұжырымдарын

оқып, отбасы өнегесі туралы ой-пікірлеріңізді ортаға салып

айтыңыздар.

2-тапсырма. Суретші Карим Муллашевтің «Ана мен әже»

(Аялы алақан) картинасының репродукциясын қарап, өз отбасы

құндылықтарыңыз туралы пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

3-тапсырма. Ақын Төлеген Айбергеновтің «Ана» өлеңін оқып, өз

аналарыңызға деген сүйіспеншіліктеріңіз туралы айтып беріңіздер.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді

 6.Топпен ән айту.

Перзент парызы

Сөзін жазған Бауыржан Есебаев

Әнін жазған Жарылқасын Дәулет

Қандай шаттық сыйласам екен,

Әлем нұрын жинасам ба екен.

Ұл-қыздарың жаныңда

Ай-күн алақаныңда,

Алтын тойың қанат қағуда.

Ұл өсірдім сендерге қарап,

Қыз өсірдім тұлымын тарап.

Менің ғазиз мекенім,

Сенен үлгі етемін,

Қартаюдың өнер екенін.

Қайырмасы:

Шашылайын шұғылаң болып,

Шырқа көңіл бүгін ән болып.

Аман-есен жүрсеңдер екен,

Бет түзейтін құбылам болып.

Ақ қыраудай шашыңды көрем,

Басын иген ғасырды көрем.

Бәрі сенің жеңісің,

Бәрі сенің жемісің,

Ұрпағыңа бақыт кенісің

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.48.105 (0.007 с.)