Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мәнді сөздер » Шәкәрім Құдайбердіұлы

Поиск

                     Сабақ барысы

Сабақ барысын талқылау:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

 

 

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Мәнді сөздер »Шәкәрім Құдайбердіұлы

 

3.Дәйексөз.

Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң.

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.

Жүсіпбек Аймауытов

 

4.Әңгiмелесу (сұхбат).

«Мәнді сөздер » Шәкәрім Құдайбердіұлы

1 .Шәкәрім қандай мақсатпен рухани кемелдену жолына түсті?

2. Адамды түзету үшін қандай амалдар қажет? Неліктен?

3. Адам баласы неліктен өзін-өзі рухани жетілдіруі тиіс деп

ойлайсыздар?

4 Арлы ақыл мен ақ жүрек адамды қандай рухани белестерге

шығарады?

5. Шәкәрім айтқан «Ар білімі» мен «Өзін-өзі тану» пәнінің

арасында қандай байланыстар бар?

6. Өздеріңіз рухани кемелдену жолында қандай әрекеттерге

талпынып жүрсіздер? Әңгімелеп беріңіздер

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

5.Шығармашылық жұмыс

4-тапсырма.Cөздер шоғырын мұқият қарап шығыңыздар.

Оларды мағынасына қарай орнын тауып қойсаңыздар, ұлы

ойшыл Шәкәрімнің мәнді сөздерінен екі сөйлем оқуға болады.

Бұл қандай сөйлемдер? Айтылған ойды одан әрі өрбітіп,

бүгінгі өмірмен байланыстырыңыздар.

5-тапсырма. Әбу Насыр әл-Фарабидің «Бақыттың мәні –

парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде,

адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке

бағыттап отыруында» деген қанатты сөзін «көзқарас – себеп – мысал –

қорытындылау» әдісімен талқылаңыздар.

6-тапсырма. Бойыңыздағы жағымды және жағымсыз қылықтар мен

әдеттердің тізімін жасаңыз. Олардың қалыптасуына себепші болған

жағдайларды ой елегінен өткізіңіз. Жақсы әдеттерді дамытудың, теріс

әдеттерден құтылудың амалдарын ойластырыңыз.

7-тапсырма.Өз-өзіңізді жетілдірудің жоспарын құрыңыз. Ол үшін

төменде берілген әрекеттердің үлгісін пайдаланыңыз

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді

 6.Топпен ән айту.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.59.198.150 (0.007 с.)