Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

орытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Поиск

7.Үй тапсырмасы.

 

8. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Балалар,бүгінгі өзін-өзі тану сабағында кімдермен таныстық?                 (балалар өздері қорытындылайды) балалардың жауаптарын тыңдаймын.

-Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Е

лестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!

 

 

«Тексерілді»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: ___________________

                   Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

Мектеп                       Мерзiмі:                          № 18 сабақ

Тақырып:     ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫ – ҚОҒАМДАҒЫ

ТАТУЛЫҚ

Құндылық:  

Қасиеттер:

Мұғалiм:

Сынып: 9

 

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға «отбасы», «әке», «ана»ұғымдарын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:  

- Оқушыларға отбасының ұрпақтарына ықпалы туралы түсіндір.

-Оқушыларды өздігінен үлкенді сыйлауға кішіге қамқор болуға баулу.

-Оқушыларды отбасында татулыққа, бірлікке баулу.

 

Ресустары

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

                     Сабақ барысы

Сабақ барысын талқылау:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 11; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.70.64 (0.005 с.)