Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бұқардың соңғы өсиеті («Ел аузынан» кітабынан)

Поиск

4.Әңгiмелесу (сұхбат).

Бұқардың соңғы өсиеті («Ел аузынан» кітабынан)

Бұқарды бүкіл ел неліктен асқан құрметпен сыйлаған? Қандай

қасиеттері үшін деп ойлайсыздар?

2. «Тілегі бір, көңілі түзу, бірақ аяғы жетпеген кәрі, жасқа менен

сәлем айтыңдар! Мына қу тірлікте бұқарама айтқан артық-кем сөзім болса кешсін» деген сөздерінен қарт жыраудың

қандай ізгі қасиеттері көрініс береді?

3. Бұқардың сөздерінен  жалпыадамзаттық және ұлттық

құндылықтардың өзара әрекеттестігін байқауға бола ма?

Қалайша? Нақты мысал келтіріп, түсіндір.

4. Адамның өзінің ішкі жан дүниесінің сарқылмас, мөлдір

бұлақтарына нені жатқызасыздар?

5. Сіздің өзіңізді-өзіңіз тәрбиелеу мен кемелденуіңіз үшін

жыраудың өсиетінің рухани мәні неде?

6. Сіздіңше, дұрыс әрекет құндылығы адамның қандай

қасиеттері арқылы көрініс табады?

 

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма. Даналық туралы өсиет сөздермен танысып,

өз ойларыңызды білдіріңіздер

2-тапсырма.Мәтінді көңіл қойып оқып шығып, берілген сұрақтарға

жауапты дәптерде орындаңыздар.

3-тапсырма. Сөзтізбекті дұрыс шешсеңіз, Жүсiп Баласағұнның

қанатты сөзін  оқи аласыз. Халық даналығының, салт-дәстүрлердің

өзіңізді-өзіңіз танып, тәрбиелеудегі алатын рөлі туралы ойыңызды

«Менің құрдастарым» жобасының күнделігіне жазыңыз.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді

 6.Топпен ән айту.

Қазағымның дәстүрлері-ай

Сөзін жазған Т. Әшімов

Әнін жазған Н. Адамбеков

Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері-ай,

Көптен күткен халқымыздың асығып арман еді-ай.

Берекелі қазақ жері - ел мерекелі,

Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.

Қайырмасы:

Шілдехана, бесік той,

Тұсау кесер, сүндет той,

Ай, шіркін-ай.

Құда түсіп, сырға салу,

Беташарым-ай.

Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,

Қыз-бозбала кең даланы

Әнімен елітіп тербеткен.

Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден,

Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле.

Жоғалмасын дәстүріміз, ұмытылмасын,

Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін.

Қайырмасы.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 13; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.105.215 (0.006 с.)