Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Артыма қараған уақытта екі нәрсеге қуанам»

Поиск

Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

 

 

2.Үй тапсырмасын тексеру.

 

 

3.Дәйексөз.

Неге біз алға, үнемі алға ұмтыламыз?

Өйткені өмірдің мәні – тек жаңалық ашу ғой.

Л.Н.Толстой

 

4.Әңгiмелесу (сұхбат).

«Нағыз адам туралы» Сламбек Тәуекел

1. «Мақсаттар, армандар, жоспарлар, өзін өнер тіршіліктері мен

ағымдарынан басқа жерде елестету мүмкін емес… Не істеу

керек? Тек ішіп жеу мен тыныстану үшін өмір сүрем бе? Жоқ!

Бұл мен үшін емес! Мені ат үстінен аударып түсіру мүмкін

емес!..» деген сөздер актердің қандай асыл қасиеттеріне дәлел

болады деп ойлайсыздар?

2. Қиын тағдырлы актерді қызмет істеп, әлеуметке пайда

келтіруіне оның бойындағы қандай құндылықтары мен

қасиеттері жетеледі? Оның өмірінің мәні неде болды деп

санайсыздар?

3. Актердің ұлы Ілиястың әкесіне деген сүйіспеншілігі оның қандай әрекетінен көрініс табады? Нақты мысал келтіріп

айтыңыз.

4. Айналаңызда өз мүмкіндіктері мен қабілетінің арқасында биік

нәтижелерге қол жеткізіп, мағыналы өмір сүрген адамдарды

білесіз бе? Мысал келтіріп, әңгімелеп беріңіз.

5. Өзіңіз өмірдің мәнін ұғыну жолыңда қандай адамгершілік

ұстанымдарды басшылыққа аласыз? Неліктен?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма. Елбасының Әлемдік және дәстүрлі дін

көшбасшыларының съезі қарсаңында қойылған «Өмірдің

мәні неде?» деген сұраққа берген жауабын оқып шығыңыздар.

Бұл сұраққа өздеріңіз қалай жауап берер едіңіздер?

2-тапсырма.Мәтінді оқып шығып, адамның өзін-өзі тануы, өмірдің

мәні туралы өз тұжырымдарыңызды жасаңыздар. Өмірмен байланысты

мысалдар келтіріп, кестені дәптерге толтырыңыздар.

3-тапсырма. «Өмірдің мәні неде? Не үшін өмір сүремін?»

тақырыбына эссе жазып, мазмұнына байланысты сурет салыңыздар.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді

 6.Топпен ән айту.

Өмір жолы

Нұрбол Бимұрзаев

Өмір деген тылсым жол, таусылмайтын сырлары,

Белең алар бұл жолда, сан алуан қырлары,

Өткелі көп, баршылық, құздарымен шыңдары

Аяқ бассаң аңдамай, жетерлік өмір сындары.

Өмір жолы ол сынақ, шыңдайтұғын адамды,

Бейнеті де бары хақ, бейнетсіз ниғмет болмайды,

Тіпті мектеп баласы да, күн түн демей алдағы,

Емтиханды өту үшін дайындығын қамдайды.

Өмір жолы егістік, еккеніңді оратын,

Таңдау, талдау, сан шешім қабылдаудан тұратын,

Ексең егер жақсылық, бақыт құсы қонатын,

Жаман болса амалың, мәңгі азап тұнатын.

Өмір жолы дария уақыт ағыс сарнаған,

Адам кеме ондағы ағысында самғаған,

Өкініші өткеннің кеудені жеп жалмаған,

Үміт берер ертеңге мұрат мақсат сан арман.

Өмір жолы өте қысқа, мәңгі болмақ ахірет,

Қапы қалып ақиқаттан тартып жүрме қасірет,

Ата-ана мен ұстазыңның батасын ал, қыл құрмет,

Біліп білмей жасап қойған күнәларға тәубе ет!

 

7.Үй тапсырмасы.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.129.63.252 (0.008 с.)