Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Шат немесе қасаға биттері

Поиск

Жәндіктер топтамасы

Жәндіктер, немесе бұнақденелер немесе шыбын-шіркейлер (лат. Insecta) – буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы. Жер шарында кең тараған 1 млн-дай түрі анықталған (барлығы 1,5 – 2 млн. түрі болуы мүмкін). Жәндіктердің ең басты ерекшелігі – денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Денесін тығыз кутикула (эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша) жапқан. Басында екі күрделі фасеттік көздері, қарапайым майда көзшелері, екі мұртшасы болады. Ауыз құрылысы қоректену әдісіне қарай: инеліктер, тарақандар, дәуіттер, қоңыздардың аузы кеміруге; көбелектер, шыбындардың аузы сұйық қоректі соруға; өсімдіктердің шырынымен және адамның, жануарлардың қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада, т.б. аузы шаншып-соруға бейімделген. Жәндіктердің кейбір түрінде аузы болмайды (бөгелек, біркүндіктер).

Медициналық маңызды жәндіктер 4 топқа бөлінеді:

1.Паразиттік емес синантропты түрлері

2.Уақытша қан соратын экзопаразиттер

3.Тұрақты қан соратын паразиттер

4.Тіндік және іш қуысындағы паразиттер

Адам денсаулығына зиян келтіретін жәндіктер экзопаразиттер деп аталады. Оларға:бит,бүрге,қандала,тарақандар жатады.

Паразитті емес синантропты жәндіктер түрлері адамдар мекендейтін орталарда маусымдық табиғат өзгерісіне өзгеріссіз мекендейді.

                           

                    Тарақандар отряды (Blattodea)

Тарақан. Үйлерде тарақанның 2 түрі кездеседі: жирен (қызыл түсті) және қара. Тарақан негізінен түнде шығады, ал күндіз еден мен қабырғалардың саңылауларына, ас үйдегі стол маңына, еденнің ернеу ағашқа ры на, плйталарға, жылу және су өтетін қүбырларға, т. б. қуыстарға жасырынады. Азық-түлік және әртүрлі мата, жібек, жүн, қағаз қалдықтарымен қоректенеді. Тарақан азықты былғайды және сонымен бірге ішек құртының жұмыртқалары мен әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын (дизентерия, іш сүзек, полиомиелит және т. б.) тасуы мүмкін. Ішкі мүшелердің жалпы орналасу тәртібі өзен шаянына ұқсас, бірақ өзіне тән ерекшеліктері бар. Тарақандар-дара жынысты бунақденелі жәндік. Аталығының көбею мүшесі- қосалқы бездері бар екі кішкене аталықбез, ал аналығында жұмыртқа қалыптасып, пісіп жетілетін екі аналықбез болады

Күресу әдістері. Тарақанмен күресу үшін олар жұмыртқа салатын барлық саңылаулар мен тесіктерді мұқият бекітіл, күн сайын тамақ қалдықтарын жинап, азық-түліктің бетін жауып, бекітіл қою керек. Тарақанды жою үшін химиялық препараттардан мыналар қолданылады: хлорофостың ұнтағы және спирт қосылған 30 процентті ерітіндісін «Фосфолан», «Боракс», «Неопинат», «Сульфолан», «Хлорак», «Хлоропин», «Неопин», Тальфон» дусттары, «Хло-рак», «Хлорофос» таблеткалары, сұйық дәрілер «Дибром», «Метасил», «Хлороль», сондай-ақ аэрозольды препараттар «Неофос», «Прима— 71». Тұрғын, қызмет ететін қоғамдық және қосалқы үйлердегі тарақандарды жою үшін арнайы тұтқыштар шығарылады. Қорапқа 5 картон «үйшіктер», жабысқақ масса жағылған туба және қалақша орнатылады. «Үйшіктің» ішіне шақыртқы жем тастайды. Сондай-ақ бормен немесе бор қышқылымен уландырылған шақыртқы жем тастау да кең таралған. Бураны бірдей мөлшерде ұнмен және құмшекермен араластырған жөн (Бурамақаласын қараңыз). Бор қышқылынан да қоспа дайындауға болады: 1 бөлігі бор қышқылы және 7 бөлігі су. Шақыртқы жемді раковина астына, қалдықтар салатын шелек маңына, ас үйдің бұрыштарына шашып тастайды, үш күннен соң оны жинап алып тастау керек.

Дезинсекциялау

Инсектицидтермен жұмыс істеген кезде сақ болып, тиісті нұсқауларды қатаң басшылыққа алып отыру қажет. Дезинсекциялау алдында бөлмедегі азық-түлікті, ыдыс-аяқты, балығы бар аквариумды, құстар мен үй хайуайдарын шығара тұру керек. Мұрын мен ауызға дәкеден жасалған таңғыш немесе 4 қабатталған дәке байлап алады. Дәріні насекомдар көп жүретін немесе ұя салған жерлерге себеді (плинтустар, қуыстар, мебель, қабырғалар-дағы саңлау, су құбырларының жолдары, батареялардың арты, суға баратын барлық жолдар және т. б.). Дустты резеңке шашқыштың немесе арнайы жасалған сауыттың көмегімен бүрку керек, сұйық дәріні щеткамен, бояу бүріккішпен және т. б. шашады. Тазарту жұмысы аяқталған соң, беті-қ мұқият сабындан жуады, бөлмені желдетіп алады. Препараттарды тағамдардан алыс, балалар мен үй хайуанаттарынан аулақ сақтау керек.

                       

                Қандалалар топтамасы (Heteroptero)

Қандала(Hemіptera) – жәндіктер класының бір отряды. Ауыз аппараты шаншып-соратын тұмсыққа айналған. 40 мыңнан аса түрі бар. Қазақстанда 32 тұқымдасы, 370 туысы, 1,5 мыңдай түрі белгілі. Негізгі тұқымдастары: су қандалалары, ескекшілер, төсек қандалалары, т.б.

                    

Суаршын қандалалар (лат. Gerridae) - қандалардың бірнеше тұқымдастары. Дене ұзындығы 1-34 мм. 700-дей түрлері белгілі - ТМД-да 40 астам түрі бар. Су бетінде-ылғалды мүкте - су жағалауларында мекендейді; Halobates туысының түрлері жиектен бірнеше шақырым қашыкгыкта - тропикалық және субтропикалық теңіздер мен мүхиттардың су бетінде тіршілік етеді.

                   

Төсек қандаласы .Қандаланың бұл түрі қанмен қоректенеді. Бұлар жарты жылдан астам уақыт қорексіз тіршілік етуге төзетіндіктен, үй-жайды мекендеп, адамның қанын сорады. Бұл қандалалардың басқа сүтқоректілерде паразиттікпен тіршілік ететін түрлері бар. Олар жарқанаттың, шақшылдақтың, құстардың денесінде паразиттікпен тіршілік етеді.

Қандаланы жою үшін әуелі олардың көп шоғырланған жерін анықтап алу қажет. Үйдегі мебельдердің қуыс-қуыстарын, кабырғаны, еденге төселген линолеумнің тігістері мен шет-шетін, плинтустарды т. б. жерлерді мұқият қарап шығу керек. Егер үйге жөндеу жүргізілетін болса, алдын ала дезинсекция жасаған жөн. Қандаланы жою үшін түрлі ұнтақтар мен 30 процентті спирт ерітіндісін және хлорофос қорытпасын; «Фосфолан», «Неопин», «Хлорак», дусттарын; «Дифос», «Метасил», «Тролен» сияқты сұйық препараттарды; сондай-ақ «Прима—71» және «Неофос» аэрозольды препараттарын қолданады. Бұларды алма-кезек ауыстырыл пайдаланған жөн, себебі қандаланың химиялық заттарға бойы үйренгеннен кейін препараттар әсер етпейтін болады. Улы препараттармен жұмыс істегенде сақ болып, көрсетілген нұсқауларды бұлжытпай орындау керек. Бөлме ішін улаған кезде темекі шегуге болмайды, себебі улы химикаттар тез жанғыш келеді. Жұмысты аяқтаған соң беті-қолды сабындан жуып, бөлмені желдетіп алған дұрыс. Улы препараттарды азық-түліктен бөлек, балалардың қолы жетпейтін, үй хайуанаттары бара алмайтын жерлерде сақтау қажет.

                

                

                     Биттер және оларды жою әдістері

 

Адамда Pediculus тобының 3 түрлі биттері кездеседі:

1. Бас биттері

2. Киім биттері

Бит (Anoplura) — адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының жәрдемімен, тұмсықша жабын қабықты тесіп, теріге енеді. Басы мен көкірегі кішкене, құрсақ бөлімі жалпақтау. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттің жануарлардың түгіне немесе адамның киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек битке айналады.

                                

Шаш биттері.Аналық шаш биттерінің ұзындығы 2,5-3,5 мм,аталық бит 2,0-3,0 мм,бастың шашында өсіп көбейеді,көбіне самай,желке,төбе аймағында кездеседі.Әр 2-3 сағ. Қан сорады,аштыққа төзімсіз,температура +30С та бір тәуліктен соң өледі.

                      

Киім биттері бас биттерінен ірілеу,аналық биттің ұзындығы 2,3-4,75 мм,аталық бит 2,1-3,7 мм.Киім биттері төсек пен киім қыртыстарына,тігіс жолдарына жұмыртқалайды.Аналық бит күніне 2-3 рет жұмыртқалайды.Құрғаққа,жоғары температураға төзімсіз.Науқас адамның дене қызуы көтерілсе басқа жерге қашып кетеді.

                

Шат биттеріөте майда болады,ұзындығы 1,3-1,6 мм.Шат,қас,кірпіктердің шаштарына, денеге қатты жабысып өмір сүреді.Аз қимылдайды,жабысқан жерінен ұзақ уақыт қан сорады.1 ай –өмір сүреді,денеден тыс жерде 10-12 күн өмір сүреді.

              Биттердің гигиеналық және эпидемиологиялық маңызы

 Педикулез деп биттерді айтады.Биттеуге қарсы барлық санитарлық шараларды және жеке бас гигиенасын сақтау өте маңызды,яғни апта сайын шомылу,төсек,киім жабдықтарын ауыстыру,киімдерді,төсек заттарын ыстық үтікпен үтектеу,қайнату,шашты таза ұстау.

Педикулезге тексеруді медицина қызмткерері жарық бөлмеде терезеге жақын жерде жүргізеді.Әсіресе құлақ арты,самай шаштарын мұқият қарайды.Педикулез балалар мекемелерінде, жатақханаларда жиі кездесетін болғандықтан үнемі тексеріп тұру қажет.

Педикулез анықталған жағдайда тез станцияға хабарлау қажет.Педикулез ошағында дезинсекция жасалуы керек.Бөлмелерді дезинфекциялау,ал заттарын механикалық,физикалық,химиялық әдістермен дезинфекция және дезинцексия жасау қажет.

             

                   Бүргелер және оларды жою әдістері

Бүргелер (лат. Aphaniptera) — жылықандылардың — құстар мен сүткоректі жануардың — қанын соратын ұсақ паразит насекомдардың бір отряды. Аузы шағуға, соруға икемделген, көзі екеу, кейбіреуі соқыр, қанатсыз, денесі түкті, жұмыртқа күйінде—12, дернәсіл түрінде — 8—100, ал қуыршақ қалыбында — 6—220 күндей болып, 965 күнге дейін тіршілік етеді. Хайуандардың, адамның қанын сорады. Оба таратқыш өте қауіпті мақұлық. Бұған жататындар: адам бүргесі мен егеуқұйрық бүргесі. Қос қанатты және катты қанаттыларга жақын. Ұзындығы 1-6 мм(еркектері ұргашыларынан үсақ) денесі бүйірінің екі жағынан сығымдалган шаш және жануарлар жүні мен құстар кауырсыны арасында жақсы козгалуға бейімделген. Екінші қайтара қанатсыздар. Көпшілік түрінде бір жүп қарапайым көздері бар(кейбіреулері көзсіз). Ауыз аппараты кесіп-тесіп-соруга бейімделген. Аяқтары әсіресе артқылары жақсы жетілген секіруге бейімделген. Толық өзгеріспен дамиды. Дернәсілдері құрт тәріздішіріген жануар қалдықтарымен қоректенеді. Піллэ ішінде куыршактанады. 3 жылға дейін өмір сүреді. 1000 түр белгілі, кең таралған. Бүрге адам және жылы канды жануардың сыртқы тоғышарлары оның ішінде адам бүргесі (Pulex irritans) ит бүргелер (Ctenocephalides canis) егеукүйрык бүргелер (Ceratophyllus fasciatus) алакүрт түрлері бар. Бүргелер оба егеуқұйрық бөртпе сүзек аурулар қоздырушыларын тасымалдап гельминттердін аралық иелері болып келеді

                               

Адамның денесін шағатын жерлері– аяғы, балтыры, тобығы. Жәндіктің шаққан жері қатты қышиды, қасығаннан кейін ол жер іріңдейді. Олардың шаққаны масаның шаққанынан мүлдем бөлек, себебі жара оңай жазылмайды, шаққан жерінде ұзақ уақыт кішкентай тыртық қалады.

                         

Жануарларда паразиттің болу белгісі – бүргенің шаққаны ауыртады, қатты қышиды және тері іседі. Жануарлар дуылдап қышыған жерін аяқтарымен қасиды, терісінен бүргені тісімен ұстап алады, сол кезде терісін тырнап жарақаттайды. Бүргесі бар иттер мен мысықтар қатты қиналады, әртүрлі ауыр өтетін ауруларды жұқтыру мүмкіншілігі арта түседі. Жануарларды емдеу– жануарлардың денесінен бүргені өлтіру үшін дус, ерітінділер, эмульсия, шампундар мен аэрозолдар түріндегі инсектицидтерді пайдаланады. Препараттарды таңдау кезінде оның қанша уақыт әсер ететіндігі, жануарларға зияны ескеріледі. Инсектицидтердің әсері тек түрі мен сапасына ғана емес жануардың терісіне мұқият жағуға да байланысты.

Қозғалысы – пәтерге бүргелер тасымалдаушыға жабысып (жануарларға, адамға), подъезден, жертөледен (саңылаулар арқылы) немесе көршілер (таракандар сияқты) арқылы кіруі мүмкін.Үй жануарлары паразитті көшеден басқа жануарлардан жұқтырып әкелуі мүмкін.

Бүргемен күресу жолдары. Жануарларда бүрге көбіне жүні қалың жерлерінде, олар құйрығында және аяғында (қолтық астында) болады. Бөлмеде бүрге 1 метр биіктікте тіршілік етуі мүмкін: әр түрлі заттарда, жұмсақ ойыншықтарда, саңылауларда, жиһаздарда, кілемдер мен паластарда, плинтус астында.

Іш киімді, жұмсақ ойыншықтарды, шәркейлерді және бүргелер қоныстанып алды деген заттарды ыстық сумен жуу керек, жастықты қағып екі-үші күнге күннің көзіне жайып қою қажет.

Инсектицидтерді таңдаған кезде құрамына қарау қажет. Хлорорганикалық қосынды жаәндіктерден жақсы қорғайды, бірақ олар адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің тіндерінде жиналатын қасиеті бар, бұл ағзаның улануына әкелуі мүмкін.

Еденді, плинтустарды 4-5 күн жумаған абзал. Бүргелер бір тәулік ішінде өледі, бірақ бірден құрып кетпейді, бұл қалыпты жағдай: 1-2 апта ішінде салған жұмыртқалардан бүргелер шығады. Өңделген қабатқа шығып олар да 1-2 тәулік ішінде өледі.Фосфорорганикалық қосынды мен карбонат онша улы емес, тұрмыста қолдануға болады («Дихлофос» құрамында осы заттар бар).Пиретрум мен пиретроидтардың да улы заттары ең аз деп есептеледі, оның әсері 5 айға дейін созылуы мүмкін.

Алдын-алу үшін инсектицидтер сіңірілген әртүрлі қарғыбаулар қолданылады.Ең бастысы қолданар алдында – дәке таңғыш таңу керек немесе мұрынды және ауызды сүлгімен жабу қажет, себебі пайдаланған зат тыныс алу жолына түссе ауа жетпей тұншығып, бас айналып, жүрек айнып, естен тану мүмкін.

 

                            Масалар және оларды жою әдістері

Қансорғыш масалар (Culicidae) – қосқанаттылар тұқымдасына жататын жәндіктер. Дүние жүзінде кең тараған 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда 100-ге жуық түрі бар. Денесінің ұзындығы 8 мм-дей. Денесі, кейде қанаттары да қабыршақпен қапталған. Ауыз қуысы соруға бейімделген, мөлшері басының ұзындығынан бірнеше есе артық болады. Аналықтары омыртқалы жануарлардың қанымен қоректенеді. Дернәсілдері негізінен суда және ағаштың жарықтарында дамиды, араларында планктондары да бар. Қансорғыш масалар – зиянды жәндіктер, олар көптеген жұқпалы ауру таратушы болып саналады; қараңыз Безгек масасы.Ұрғашы масалар омыртқалы жануарлардың қанымен қоректенеді. Дернәсілдері тоған суларда, су толған ағаш қуыстарында, қыста суға толған үй подвалдарында дамиды. Олардың кейбір түрлері жыртқыштар, немесе сүзгіштер, кейбіреулері өсімдік, басқа да судағы заттардың бетіндегі қарапайымдыларды қырып, қоректенеді. Қ.м. көптеген ауру қоздырушыларын тасымалдайды. Орманды аймақтарда масаның ең қалың түрлері Aedes туысына жатады. ТМД кеңістігінде олардың 5 түрі белгілі.

       

      

Ғалымдардың зерттеуінше, масалар адамдарды төмендегі себептерге байланысты көбірек шағады:Қанымыздан ақуызды алу мақсатымен шағатындықтан, кейбір қан топтары дәмдірек болатыны таң қалдырмайды. Басқа қан топтарына қарағанда, бірінші қан тобындағы адамдар масаға көбірек таланады екен. Бұдан кейінгі орында үшінші топтағылар тұр.

85 пайыз адамдар қаны туралы масаларға мәлімет берсе, 15 пайызы олай жасамайды. Мұнымен қатар масалар өз құрбандарын тыныс алған кезде бөлініп шығатын көмірқышқыл газы арқылы іздеп табады. Ауыз қуысының ерекше құрылысының арқасында көмірқышқыл газын 50 метр жерден сезеді. Балалар көмірқышқыл газын үлкендерден аз мөлшерде талап ететіндіктен масалардың назарына ілікпей азырақ таланады. Және көмірқышқыл газына қоса сүт қышқылы, аммиак, несеп қышқылы және өзге де термен қоса шығатын заттектердің арқасында шағуға болатын адамдарды тез табады. Оларды температурасы жоғары адамдар қызықтырады. Сол себепті физикалық жаттығулар жасайтын адам ағзасындағы сүт қышқылының мөлшерін арттырып, массаларды өзіне тарта түседі.

Ғалымдардың анықтауынша, масалар шағуына терідегі бактериялар да әсер етеді. Бактериялар аз орналасқан жерлерге жоламайтыны да қызық. Олар үнемі тобықтың айналасын, балтырдың төменгі жағын шағатындарын осымен түсіндіруге болады.Масалар иіс сезу мүшелерімен қатар көру мүшелерін де жақсы пайдаланады. Егер қара, көк, қызыл киімдер киіп жүрген болсаңыз, олар сізді бірден тауып алады. Бұл тұжырымдаманы енгізген Флорида университетінің энтомологі Джеймс Дэй (James Day).

Масалар шақпас үшін:

- Жәндіктер насыбайгүл, эвкалипт, қалампыр, бәден өсімдіктерінің иісінен қашады. Осылардың майын денеңізге жағып қойсаңыз масалар жоламайды.

- Бөлме ішіне насыбайгүл мен мойыл жапырақтарын турап қойсаңыз болады.

- Түтіннің иісін жеккөреді. Сол себепті жатар алдында бөлмеге арша жақсаңыз болады.

                                   

 

                              Масалаларды жою үшін:

Бөлмелерде қанатталған масаларды жою үшін 3,6 мл «Фуфанон-супер» дәрілік заты 996,5 мл суда езіледі. Масалар қонған жерлерді жақсы желдететін бөлмелерде дәрілік затпен ішінара суландырады, сондай-ақ құрылыстың сыртқы қабырғаларын жұмсалу нормасы сұйықтықтың сіңбеуіне 50 мл/м2  (шыны, кафель) және сіңуіне байланысты 100 мл/м2 құрайды.

Масалардың личинкаларын жою үшін 1,5 мл «Фуфанон-супер» дәрілік затын 998,5 мл суда езу қажет. Дәрілік зат балық шаруашылық бағытындағы және қала суаттарының су айдындарының беттерін өңдеу біркелкі жүргізіледі:200 мл/м2 сұйықтықтың жұмсау нормасында тұрғын үйлердің төлелерінде, ағынды суларда, өрт сыйымдылықтарында қайта өңдеуді масалардың 2-3 жастағы личинкалары пайда болғанда энтомологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Шыбын, қысқамұрттылар (Brachycera) – қосқанаттылардың бір отряд тармағы. Жер шарында кең тараған. Бұлардың мұртшалары қысқа, үш бунақты. Денелері жуан, дернәсілдерінің басы, аяқтары болмайды, құрт тәрізді. Қуыршақтары жалған піллә ішінде жатады. Ересек жәндік қуыршақ қабын түзу тігіс бойымен жарып немесе қуыршақ қабының үстіңгі жағындағы дөңгелек қақпақша арқылы сыртқа шығады.

                       

 Негізгі тұқымдастары:

  • сона
  • кірпішыбындар
  • бөгелек
  • нағыз шыбындар
  • ызылдақ шыбындар
  • өлексе шыбындар
  • барылдақ шыбындар
  • астық шыбындар
  • гүл шыбындары
  • қансорғыштар

Шыбын— көптеген жұқпалы ауруларды — дизентерия, асқазан сүзегін, полиомиелитті және басқа қоздырғыштардың таралуына себеп болады; сондай-ақ олар ішек-қарын құрттарының жұмыртқаларын да таратады. Үйдегі шыбын жыл бойына (жылы үй-жайларда) өсіп-өнгіш келеді.

Бөлме шыбындары (Musca dosmestica).Барлық тұрғын жерлерде,дүкен,асхана,мал қорларында таралады.Сұр түсті,денесіндегі 4 сызықтары анық көрінеді.Ауыз аппараты жалап-сорғуға бейімделген,сұйық заттарды сорады,тұмсығымен құрғақ заттарды жалайды, сілекей арқылы оларды ылғалдайды.Аналық шыбындары шіріген өсімдіктер мен жануар қалдықтарына,тамақ қалдықтарына,қоқыстар үйілген жерлерге,шіріген заттарға,адам нәжісіне жұмыртқалайды.

Шыбындар 1 ай өмір сүреді,500-600 ге дейін жұмыртқалайды,көктемде температура 10 С градустан жоғары болғанда белсенді болады.Бөлме шыбындары 3-5 км дейін ұшады.

Үй шыбыны.Muscina stabulans.Үй шыбындары бөлме шыбынынан үлкендеу,сарғыш түсті. Барлық жерде,әсіресе ауылды жерлерде көп таралады.Малдың қиына,көңге,әжетханаларға жұмыртқалайды.Адамның тұрғын бөлмелеріне ұшып кіреді,тамақ қалдықтарына,ет,балық, сүт өнімдеріне жұмыртқалайды.

                                      

Көк ет шыбыны Calliphora.Көк ет шыбындары тұрғын жерлерде және жабайы табиғатта кездеседі.Денесі көк түсті,көлемі ірі.Өлік малда, ет қалдықтарында ,нәжістерде жұмыртқалайды.Кейде ашық жарақаттанған жерге жұмыртқалайды.Тамақ қалдықтарымен ішекке түссе миаздарын тудырады.

Күздік күйдіргі шыбыны (жигалка)- қансорғыш шыбын,жануарлардың,адамның қанымен қоректктенеді,шаққаны өте ауыр, қышиді.Көбіне мал қорларында мекендейді.Ұзындығы 5-6 см,сұр-қоңыр түсті,кеуде бөлігінде ұзыннан түскен 4 қара жолағы,құрсағының жоғары жағында қара дақтары барТамыз,қыркүйек айларында саны күрт көбейеді,күйдіргі, туляремия, іріңді инфекцияларды таратады.

Шыбындарға қарсы күрес шаралары. Шыбынға қарсы күрестің ең басты шарты — тазалық. Үй-жайларда шыбынның өсіп-өнуіне жол бермеу үшін ас-судың бетін жауып ұстау, ас үйдегі тамақ қоқымын қақпағы жабылатын шелекке жинау, оны күнделікті төгіп, ыдысын жуып тұру, ауладағы қоқыс-қалдықтарды қақпағы жақсы жабылатын темір ыдысқа не жабық жәшіктерге жинау керек. Мал немесе құс ұстаған жағдайда қора-қоп сының таза болуын қадағалау; көңді уақытында шығарып, мал жеміне деген қалдықтарды жабық ыдыста сақтау қажет. Шыбын құрттарын жою үшін қоқыс салатын жәшіктердің астын, маңайын 10 күнде бір рет карбол қышқылымен (1 шаршы метрге 1,5 л есеппен) немесе хлорофостың суға еріткен 3%-тік ерітіндісімен дәрілейді. Дәретханалар мен жуынды төгетін шұңқырлы ардағы шыбын құрттарын жою үшін олардың үстіне құрғақ хлорлы әк —1 шаршы метге 1 кг немесе хлорофостың суға еріткен 3%-тік ерітіндісін себу керек. Шыбын құрттарына қарсы «Тролен» пайдаланылады. Шыбынға қарсы хлорофос таблеткаларын немесе оның ұнтағын пайдалануға болады. Таблетканы немесе оның ұнтағын табақшаға салады да, 1 ас қасық су құнды (аздап құмшекер қосуға болады). Кеуіл қалмау үшін су құйып тұру керек. Таблетка немесе оның ұнтағы 10—12 күнге дейін күшін жоймайды.

Шыбынға қарсы «Мухолов» деп аталатын жабысқақ қағаз, сондай-ақ сықпа түрінде шығарылатын «Мухолов» және «Муксид» сияқты жабысқақ массалар қолданылады. Сықпаның ішіндегісін сығын, бір бет қағазға жұқалап жанды да, шыбын жиналатын жерлерге қояды. Шыбынға қарсы сондай-ақ аэрозольді «Нефос» және «Дихлофос» препараттарын, «Неопин» дустын да пайда- лан ады. Бұлардың адамға және жылы қанды жануарларға зияны жоқ. Үй-жайларға шыбын кіргізбес үшін терезеге көзі тар сым тор не дәке керіп шегелеуге, ал желдеткіштерге таспалан тілінген қағаздан қорғаныш перде ұстауға болады

Вольфарт шыбыны (Calliphoridae) - саркофагид тұқымдасының шыбыны.

Денесі 9-14 мм түсі - күлгін-сұрғылт, мұрттары мен аяқтары қара. Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африка, Орталық және Солтүстік Азияда таралған. Шыбын табиғатта өсімдіктерде - өлекселерде кездеседі, қора-жайға жоламайды. Тірі табатын шыбындар. Ұрғашылары ұзындығы 1 мм. 120-200 балаңқұрттарын жануарлар, кейде адамның дене жарақаттарына (құлағына, көзіне, аузына, танау тесігіне( салады. Балаңқұрттар бұл жерден маңдай, мұрын қуыстарына еніп өте ауыр миаз ауруын туғызады. Балаңқұрттар дамуын 3-5 тәулікте аяқтап (18 мм дейін жетеді) жерге түсіп қуыршақтанады. Бір жылда 6 рет тұқым береді. Көбінесе миазбен төл аурады. Зақымданған жануар жарасында жүзге тақау балаңқұрт болуы мүмкін. Әлсіреген жануарлар миаздан кейде өледі.

                          

Шіркей (Sіmulііdae) – қосқанатты қансорғыш жәндіктердің тұқымдасы (қ. Қосқанаттылар). Жер шарында кең тараған, 1000-нан астам түрі белгілі. Дене тұрқы 2 – 4 мм, Шіркейдің көпшілік түрінің аналықтары – құстар мен сүтқоректілердің қансорғыштары. Аталықтары өсімдік шырынымен қоректенеді. Дернәсілдері ағын суларда субстратқа бекініп, тіршілік етеді. Қуыршықтарының бір бөлігі пілләмен оралған. Ересек шіркейлер судан тыс тіршілік етеді. Негізінен таңертең, ымыртта ұшып, осы кезде адамдарды шағады. Сілекейі улы. Шіркейлердің шаққанда жергілікті (папулалар, ісіктер, тағы басқа) және жалпы (гиперемия, дене температурасы көтеріледі, тағы басқа) реакциялар пайда болады. Бұлар адам киімінің астына, көзге, құлаққа кіріп кетеді. Кейбір түрлері адамда және сиырларда, бұғыларда – онхоцеркоз; құстарда – гемоспоридиоз; сондай-ақ туляремия және түйнеме ауруларының қоздырғыштарын таратады.

Москиттер-майда ұшатын қансорғыш жәндіктер ,дене ұзындығы 5-3 мм,сары немесе қоңыр түсті, көздері қара,үлкен.Денесінде майда қара түктері бар,сондықтан үлкендеу болып көрінеді.Қанаттары тар үшкір.Қанды тек қана аналық түрі кешке және түнде сорады.1 айға жуық өмір сүреді,2-3 рет жұмыртқалайды.Даму кезеңдері:жұмыртқа-дернәсіл-қуыршақ-ересек москит.Москиттер лейшманиоз,флеботомды қызба ауруларының қоздырғыштарын таратады.

Москиттермен күресу шаралары:

1. Дезинсекция-күндіз тығылатын,көбейетін жерлерінде жою

2. Терезе,есікті торлау

3. Репеленттер қолдану.

Шіркейлерді жинау әдістері.Жинау үшін пробирка,эксгаустер,жабысқақ қағаз қолданылады.Шіркейлердің таралу мезгілін анықтау үшін 10 күнде 1 рет жинау қажет. Тұрғын үй,елді мекендерді жинау үшін бір қораға 10 жабысқақ қағаз қойылады:4- тұрғын бөлмеге,6-сарайға,мал қораға.

Табиғатта жинау үшін Петрищева әдісі қолданылады-кеміргіштер ішіне жабысқақ қағаз ілінеді.

 

 

                                            Тест

1.Зардапты вирустар, микоплазмалар, хламидийлер, риккетсиялар, спирохеталар организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар?

a)асқазан жарасы

б)ісіктер



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.192.250 (0.011 с.)