Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Күйдіргінің белгілері және өрбуіСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Күйдіргі Күйдіргі – жанасу механизмімен берілетін, карбункулдардың пайда болуымен, қызба, жалпы улану белгілерімен сипатталатын зоонозды, антропургиялық, аса қауіпті жұқпалы ауру. Сондай-ақ, өкпе және ішекті қабындыратын түрі де сиректеу кездеседі. Түйнеме қоздырғышының ұзындығы 6-10 мкм, ені 1-2 мкм. қозғалмайтын таяқша, өзіне тән спора және капсуласы бар. Қоздырғыш оттегі бар жерде өсіп-өнеді. Оттегісіз, қыздырғанда және 2% формалин, 5% хлорлы әктің ерітінділері өлтіреді, споралары бірнеше күнге дейін төзімді болады. Күйдіргінің қоздырғыштарын 1849-1850 жылдары Ф.Поллендор, Брауэлль және К.Давен ашқан. 1876 жылы Р. Кох күйдіргі қоздырғышының тірі дақылын тапқан. Ресейде бұл ауру Сібір мен Оралда кеңінен таралған, 1788 жылы орыс ғалымы С.С.Андриевский зерттеулер жүргізіп, «сібір жарасы» терминін енгізген. Сібір күйдіргісімен ауырған малда пайда болатын карбункулдардың ішіндегі іріңді жіп арқылы алып, өзіне жұқтырған, аурудың малдардан жұғатынын, жануарлармен адамдардың ауруы бір екенін дәлелдеген. Күйдіргіге қарсы вакцинаны 1880 жылы Луи Пастер ашқан. Қоздырғышы - Bacillus anthracis («антракс» - көмір) - жылжымайтын, грамм оң, ірі таяқша, вегетативті және споралы түрлері бар, экзотоксин бөліп шығарады Қазіргі антибиотиктер де тез өлтіреді. Ауруды жұқтырушы сиыр, қой, түйе сияқты үй жануарлары болып табылады. Малды күтіп-баптағанда, терісін сыпырып өңдегенде, етін тамаққа пайдаланғанда, адамның тыныс жолдарына ауадағы қоздырғыштар еніп кеткенде, түйнеме қоздырғышын жұқтырған қан сорғыш жәндіктер шаққанда, ауру адам тұтынған заттарды пайдаланғанда және т.б. жолдар арқылы жұғады. Адам терісі арқылы ағзаға енеді, әсіресе, ашық жерлердің терісінен кіреді. Қоздырғыш енген жолында қабыну туғызады. Жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 8 күнге (2-3 күн) созылуы мүмкін. 95% ауру теріге байланысты түрі кездеседі, 2-3% өкпе, ішекке байланысты түрі де болуы мүмкін. Тері түріндегі түйнеме жұққан жерде біртіндеп дақ, бүртік, іріңді безеу, жара пайда болады. Бастапқыда терінің белгілі жерлері қышып, біраздан соң ұлғая түседі. Бірнеше сағаттан соң түйіннің (папула) орнында көлемі 2-3 мм. көпіршік түзіледі. Оның ішіндегі күлгін сұйықтың түсі біртіндеп қанталаған қою, кейде қою қоңыр сиякөк түске айналады. Сонан соң іріңді безеудің орнында қабыршақ пайда болады. Ол тез қарайып, аумағын ұлғайтады. Жараның жан жағы қызарып, ісініп кетеді, бірақ жараның тұсы ауырмайды. Осы кезде адамның жалпы жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріліп 39-40ºС жетеді, әлсіреп, басы ауырып, жүрегі жиі қағады. Дене қызуы тез қайтады. Терідегі өзгерістер жазыла бастап, жараның қабыршағы 2-3 аптаның соңында түседі. Егер науқасқа күйдіргіге қарсы дәрі егілген болса, терідегі өзгеріс бүртік күйінде болып, науқастың жалпы жағдайы өзгермеуі мүмкін. Денеге түскен жеріне байланысты аурудың клиникалық түрлері: 1. Терілік (95) - карбункулдар пайда болады. 2. Асқазан-ішек 3. Өкпелік. Күйдіргінің терілік түрі – бұл сырқаттың аса тараған түрі, адамның қолы, беті, мойнына шиқан тәрізденіп бұлтиып, көгеріп шығады. Кейін бұлтықтың қақ ортасы күйгендегідей күлбіреп көтеріледі, оның ішіне қанды ірің жиналады. Жараның айналасы домбығып қызарады, ортасы көмірдей қараяды. Жараның төңірегі күлбіреп ісінгенімен, ортасындағы қара күйік басса да, ауырмайды. Инфекция көзі – ауылшаруашылық жануарлары: сиыр, жылқы, қой, ешкі, бұғы. Сиректеу ит, шошқа, түйе. Күйдіргі малдарда өте ауыр түрде өтеді, ауру малдың нәжісімен, зәрімен залалданған жем, шөп, су арқылы таралады. Берілу механизмдері: Жанау - тікелей жанасу арқылы жұғады: ауру малға қарағанда, сойғанда, терісін сылғанда, етін өңдегенде, жүн, тері жинап, өңдегенде. Ауру малдың терісінен, жүнінен жасалған киім, тон, тоқылған заттар, топырақ арқылы да жұғуы мүмкін. Трансмиссивті - маса, сона, қансорғыш шыбындардың шағуы арқылы жұғады. Аэрозольді - ауа– шаң арқылы жүн, тері жинайтындар арасында кәсіптік ауру түрінде кездеседі, технологиялық процесті дұрыс сақтамаған жағдайда жұғады. Берілу жолдары. Алиментарлы жолмен ауру малдың дұрыс термиялық өндеуден өтпеген еті арқылы беріледі. Күйдіргінің қоздырғыштарын бактериологиялық қару ретінде қолдануы мүмкін, өйткені ауа-тамшы, ауа-шаң жолымен түскенде өкпелік түрі дамып, өлім жиілігі өте жоғары болады. Иммунитет тұрақты, қайта жұқтыру кездеспейді. Эпидемиологиялық ерекшеліктері. Күйдіргі жаз - күз мезгілінде жиі таралады. Көбіне үлкен жастағы адамдар ауырады. «Күйдіргінің топырақтық ошақтары» - ауру малды көмген жер, ауру малдарды көметін аймақ. Споралармен ластанған аймақтың топырағында қоздырғыштар көп жылдап сақталып қана қоймай, онда қолайлы жағдайда (+32+35 температура, жоғары ылғалдылық) өніп, көбеюі де мүмкін, сондықтан «күйдіргінің топырақтық ошақтары» өте қауіпті. Қазақстанда 3,3 мың ауруханалы қауіпті пункттер тіркелген, ОҚО – 216. ОҚО соңғы 40 жыл аралығында ең жоғары сырқаттану деңгейі тіркеледі, күйдіргіге қарсы егу жасалмаған малдардан жұғып отырады. Алдын алу шаралары «ҚР күйдіргі ауруына қарсы шараларды күшейту» бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Негізгі шаралар бұл санитарлық–ветеринарлық шаралар. І – ошақтағы жасалатын шаралар: - Ошақта ветеринарлық карантин – 15 күн. - Науқас адам міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасында емделеді. - №58 үлгіде СЭҚБ шұғыл хабарлама беру, ошақта эпидемиологиялық –эпизоотологиялық тексеру жүргізу. - Қатынаста болғандарды, ауру малды бірге өңдегендерді 8 күн медициналық бақылау. - Енжар иммунизация ретінде 20-25мл күйдіргіге қарсы иммундыглобулин егу. - Шұғыл алдын алу ретінде 5 күн антибиотиктер беру - Бактериологиялық, аллергиялық сынамалар жасау. Аллергиялық реакция антраксинмен тері ішіне жасалады, теріс болса күйдіргіге қарсы тірі вакцина егіледі. - Ошақта қорытынды дезинфекция жасау - ыдыстарды, киімдерді, мал өнімдерін, тері, жүнді және мал қораларын залалсыздау. Дезинфекция үшін 4% хлорамин, 6% сутегінің қостотығы + 0,5% жуатын ұнтақ, 5% сабын қосылған формальдегид ерітінділерін қолданады. Ыдыс аяқ, киімдерді 2% содамен 60 минут қайнатады немесе 2% хлорамин ерітіндісінде 2 сағат залалсыздайды. - Ауру малдың мәйіті және мал өнімдері өртеу немесе арнайы Беккери шұңқырына көму арқылы жойылады. Күйдіргі ауруынан өлген малдың етін, терісін, ішкі мүшелерін арнайы жасалған жәшікті фургондарға салып, ауру малды көмуге арналған жерге алысырақ апарып, тереңдігі 2 метр ұра қазып, астына хлорлы әк төсеп, үстіне тағы бір қабат хлорлы әк сеуіп, целлофан пакетті қымтап жауып кейін көму қажет. ІІ - Ветеринарлық-санитарлық шаралар: Күйдіргі бойынша ауруханалы қауіпті пункттер 4 жыл бақылауда болады, арнайы журналға тіркеледі. Ошақтың шекарасына «күйдіргі» белгісі қойылады. Ошақтан малдарды шығаруға және сырттан жаңа мал кіргізуге тиым салынады. Мал базарлары, тері, жүн жинайтын, сақтайтын жерлер қатаң қадағалауға алынады. Малдарға күйдіргіге қарсы вакцина егіледі. Ауру және күдікті малды мал дәрігері тексеруі қажет, ветеринарлық рұқсатсыз союға тиым салынады. Етті зертханалық тексерусіз, ветеринарлық күәліксіз сатуға тиым салынады. Өлген малдың терісін сылуға болмайды. Сақтандыратын киім кию: комбинезон, капюшон, резеңкелі алжапқыш, биалай, етік, бетперде. ІІІ-Арнайы алдын алу ретінде күйдіргіге вакцина мал дәрігерлері, тері, жүн жинайтын, өңдейтін, мал соятын қызметкерлерге, тірі дақылмен жұмыс істейтіндерге егіледі. Күйдіргіге қарсы вакцина СТИ вакцинасы 2 рет аралықпен 21 күнде егіледі, қайта егу 1 рет.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.21.105.46 (0.008 с.) |