Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Вирусты А және Е гепатиттеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Эшерихиоз Эшерихиоз- (коли-инфекция) – нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, эшерирхия бактерияларының әсерінен туындайтын, антропонозды жіті ішек инфекциялық ауру. Эшерихиоз –көбіне сәби жастағы балалар арасында кездесетін, тез өрбитін ішек инфекциялық ауру. Тез өрбитін ішек инфекциялық ауруларын шигеллез, эширихиоз, иерсиниоз, ротавирустық инфекциялар жатады. Ішек инфекцияларының барлық түрлеріне тән нәрсе жалпы организмнің улану синдромы және жергілікті организмдердің, қарын, ішек жолдарының зақымдалуынан пайда болатын белгілер (гастрит, энтерит, колит, гастроэнтероколит). Қоздырғыштар негізі ішекте орнығады, зақымдалған организмнен нәжіспен кейде, құсық арқылы бөлінеді. Қоздырғышы Eschericha coli - грамтеріс спора түзбейтін таяқша. Сыртқы ортада төзімді: сүтте 34 күн, ойыншықтар, заттар бетінде, 3-5 айға дейін тіршілік қабілетін жоймайды. Жоғары температура, дезинфекциялық препараттар әсерінен тез өледі. Инфекция көзі ауру адам және бактериятасымалдаушы (өткір созылмалы). Беріліс механизмі – нәжіс ауыз-механизмі. Таралу жолдары: тұрмыстық заттар, тағам, су арқылы. Инкубациялық кезең: 9-72 сағат. Энтеропагенді эшерихиоз- ЭПЭ ауруы көбінесе сәби жатағы балалардың және шала туылған, жаңа туылғандардың арасында жиі кездеседі. Энтерионвизиялық эшерихиоз ЭИЭ- көбіне 3 жасқа дейінгі балалар және үлкендер арасында жаз-күз айларында жиі кездеседі. Энтеротоксикалық эшерихиоз ЭТЭ- барлық жастағы балалар және үлкендер арасында кездеседі, «саяхатшылар диареясы» деп те аталады, тырысқақ ауруына ұқсас өтеді, эксикоз белгілері басым болады. Зертханалық диагностикасы:нәжісті, құсықты асқазан жуындысын бактериологиялық әдіспен зерттеу. Алдын алу шаралары.12.01.2012 жылғы ҚР Үкіметінің №33 Қаулысымен бекітілген «Жіті ішек инфекциялы аурулары жөніндегі санитарлық-індетке қарсы іс шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологоиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Вирусты А,Е гипатиттер – нәжіс ауыз механизмімен таралатын, бауырдың зақымдалуымен, интоксикациямен сарғаю белгілерімен сипатталатын жіті және созылмалы түрде өтетін, антропонозды вирусты инфекциялық аурулар. Беріліс механизміне сәйкес вирусты гепатитер 2 топқа бөлінеді: 1. Энтералды механизм – инфекция нәжіс-ауыз механизмімен таралады. Вирустар денеге ластанған су, тағам, кір, қол арқылы түседі. 2. Парентералды механизм – инфекция қан құю, ине егу, түрлі медициналық мнипуляциялар арқылы, жыныстық қатынас немесе анадан балаға жұғады. Вирусты гепатиттердің жіктелуі: 1. Энтералды механизммен таралатын вирусты гепатиттер: · Жедел А вирусты гепатиттер · Жедел Е вирусты гепатиттер 2. Парентералды механизммен таралатын вирусты гепатиттер · Жедел В вирусты гепатит · Жедел С вирусты гепатит · Жедел Д вирусты гепатит 3. Белгісіз этиологиялы вирусты гепатиттер Вирусты гепатиттердің түрлері: субклиникалық, типтік, атипті сарғаюсыз. Вирусты А гепатит- барлық гепатиттердің ішінде 60-90% құрайды. А вирусты гепатитқоздырғышын 1973 жылы С.Файнстаун ашқан. Қоздырғышы-гепатит Авирусы гепадновирустар тобына жататын РНК-лы ликорнавирустар. Қайнатқанда 5 минутта өледі, кептіргенде 1 айға дейін төзімді. Инфекция көзі – ауру адам және вирустасымалдаушы. Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі. Иммунитет. Ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет сақталады. Эпидемиологиялық ерекшеліктері: · А вирусты гепатитаурумен сырқаттанушылық әр 4-7 жылда өсіп тұрады. Вирусты А гепатит ошағында індетке қарсы шаралар: 1) Ауруларды клиникалық қажеттілікке сәйкес ауруханаға жатқызу. 2) Аурумен қатынаста болғандарды 35 медициналық бақылау апта сайын дәрігерлік тексеру – сұрау, сыртқы тері мен шырышты қабаттарын, бауырды тексеру, күнделікті термоиметрия, нәжісті зәрді бақылау, қажет болса қанды биохимиялық әдіспен тексеру. 3) Медициналық бақылау кезінде балаларды топтан-топқа, палатаға, мекемеге ауыстыруға, жаңадан балаларды қабылдауға тыйым салу. 4) Бала-бақшада, жабық балалар мекемелерінде бірге тамақтанатын ұйықтайтын жағдайда, ауруды ауруханаға жатқызғаннан кейін қорытынды дезигфекция жасау. 5) Ыдыстар, төсек заттарын 1% кальций гиплохлориді ертіндісінде 60 мин., ойыншықтарды -1 % кальций гиплохлориді ертіндісінде залалсыздандыру. Зертханалық диагностикасы: 1)Иммуноферменттік анализ (ИФА) серологиялық маркерлерді анықтау; 2)Процестің белсенділігінің зертханалық көрсеткіштері: аспарагинді және аланин аминотрансферазасын (АСТ және АЛТ) анықтау.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.90.236 (0.011 с.) |