Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дезинфекцияның сапасын бақылауСодержание книги
Поиск на нашем сайте
5-сурет. Құрғақ-ыстық шкаф
Дезинфекция камералары Дезинфекция камералары – бұл булау, ауамен булау, бу - формалинмен өңдеу, ауамен, газдармен залалсыздауға арналған құралдар немесе қондырғылар (сурет №6). Дезинфекция камераларында киім, төсек заттары, жүн, кілем, кітап және т.б. заттар тиімді және толық залалсызданады. Қайнату да өте тиімді әдіс, бірақ сырт киімдерді, көрпе-төсектерді қайнатуға болмайды, оларды тек арнайы камераларда залалсыздау қажет. Дезинфекция камераларында физикалық (су булары, ыстық құрғақ ауа), химиялық (формальдегид) тәсілдер немесе екеуі де бірігіп қолданылады. Дезинфекция камералары емдеу-сауықтыру, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерде, өндірістік мекемелерде орнатылады. Барлық дезинфекциялық камералардың құрылысы ұқсас: 1. Заттарды салатын жұмыс камерасы. 2. Жылу көздері (булы пеш, от, электр тоғы). 3. Бақылау-өлшеу құралдары (термометр, психрометр, манометр, клапандар). 4. Химиялық заттарды құятын апараттар (сепкіш, шашыратқыш). 5. Желдету құралы мен қондырғылары. Стерилизациялау әдісіне қарай дезинфекциялау камераларының түрлері: 1. Булы-формалинды камералар – ылғалды ыстық ауа және бу-формальдегид қосындысы қолданылады. 2. Булы камералар – қаныққан су буларымен өңделеді. 3. Ауалы камералар – ыстық құрғақ ауамен өңделеді. 4. Газды камералар – күкірт ангидриді, этилен оксиді, метилбромид, хлорпикринмен өңделеді. 5. Аралас әдісте бірнеше затпен бірге өңделеді. Құрылысына қарай дезинфекциялық камералар тұрақты, жылжымалы және жиналатын болып бөлінеді. Тұрақты камералар арнайы бөлмелерде орналастырылады, кедергі қойып 2 бөлімге бөледі, біреуінде лас заттарды қабылдап камераға салады, екіншісінен таза заттарды камерадан шығарып, таратады, онда бақылау құралдары, бұрайтын вентилдер, термометр де болады. Камера бөлмесінде заттарды сорттау үшін сөрелер, бақылайтын сағат, арнайы киімдерді және жеке киімдерді сақтайтын шкафтар, қол жуғыш, сабын, сүлгі болуы керек. Заттарды салу бөлмесінде камераның жұмыс істеу тәртібі, ішкі тәртіп ережелері болуы қажет.
Жылжымалы камераларды көлікке тіркейді, жинамалы камералар толық және жартылай жиналатын болып шығарылады. Жылжымалы және жинамалы камераларға арнайы бөлме қажеті жоқ, бірақ төбесі жабық жерге орнату керек. Алдымен заттың сапасына қарай, залалсыздау әдісіне қарай сорттап алады, өте сулы заттарды кептіріп алады. Алғашқы партияны салар алдында камераның есіктерін жауып, 10-15 минут қыздырып алады: булы формалин әдісінде температура 50-600 градус, ыстық ауаман залалсыздау әдісінде температура 800 С градусқа дейін. Дезинфекциялау және дезинсекциялау көлемі, өңдеу температурасы жұқпаның түрінен, қоздырғыштың төзімділігінен және заттың сапасынан байланысты. Тері және жағалы киімдерді ішін сыртына қаратып, бірі біріне жақындатпай іліп қояды, жүн етіктерді төмен қаратын қояды, бәтеңкелерді сеткаға іліп қояды.
Дез. камераның жұмысын бақылау: 1. Дез. бөлімнің қызметкерлері бақылайды. 2. Арнайы журналда белгіленетін инструкцияға сәйкес режимді сақтау. 3. Температуралық режим туралы мәліметті бақылау-өлшеу приборлары арқылы камераның жұмысын білеміз. 4. Киімдегі температураны білу үшін, киімдерге max. t-ны (15 нүктеге) яғни, әртүрлі деңгейде орналастырыңыз. 5. Мысалы, max. t-ның орнына балқу t-ның, мысалы наориталин (+800С), резорцин (+1100С), күкірт (+1200С). Бұл заттарды шыны трубочкаға салып, киімге саламыз. Егер уақыты біткен соң, олар балқыса t-ра дұрыс деп есептелінеді. Бірақ max. t-ны; хим.заттар арқылы қанша уақыт өткенін айтуға болмайды. Ең маңызды әдіс – биологиялық.
6-сурет. Дез. камера
7-сурет Залалсызданған заттарды таза бөлмеден алады, жағалы киімді қағады немесе 15 минутқа таза бөлмеге іліп қояды, басқа заттарды шамалы кептіріп шығарады.
Камерада залалсыздау жұмыстарына кеткен уақытты дезинфекциялау циклы деп атайды (7-сурет). Дезинфекциялау кезеңдері: 1. Сорттау, заттарды камераға салу - 5-10 минут. 2. Камераны қыздырып алу және заттарды кептіру – 10-15 минут. 3. Температураны көтеру (булы камерады қысымды да) –10-15 минут. 4. Камераға формальдегид қосу – 3-10 минут. 5. Залалсыздау - 10 минут – 4 сағат. 6. Қысымды төмендету, қалпына келтіру - 2-10 минут. 7. Формальдегидті нейтрализациялау, камераны заттарымен бірге желдету - 10-40 минут. 8. Заттарды шығару –5-10 минут. Дезинфекциялық камераларда 2 дезинфектор жұмыс істейді, біреуі лас бөлмеде заттарды сорттап салады, екіншісі бақылап, таза заттарды алып, журналға жазады, таратады. Лас бөлмеден таза бөлмеге өткенде халат, қалпақты шешіп, камераға салады, қолын сабындап жуып таза киім киеді. Булау пештерінде суды жылытып буға айналдырады, шығатын будың қысымын манометр арқылы өлшеп тұрады.
1.Визуальды. 2.Бактериологиялық. 3.Химиялық .
|
||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.55.25 (0.011 с.) |