Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Іі бөлім жеке ЭпидемиологияСодержание книги
Поиск на нашем сайте
ІІ Бөлім Жеке эпидемиология 4Тарау Ішек инфекциялары Біздің қаламызда Астана қалалық мемсанэпидқадағалау Департаментімен және жалпы республикалық көлемде, тұрғындар денсаулығына бағытталған және олардың арасында ішек инфекцияларының алдыналуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде. Бұл – ауыз судың, су көздері мен су айдындарының қауіпсіздігіне, азық-түлік өнімдерінің дайындалу, тасымалдану және тарату ережелерінің сақталуына, сауда және тамақтану кәсіпорындарының, мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердің санитарлық-гигиеналық жағдайына жүргізілетін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау. Бірақ ішек инфекцияларымен күресу оңай емес – ауруды тудыратын қоздырғыштар өте көп, олардың пайда болужолы әртүрлі, диагностикасы қиын, инфекцияның берілу жолдары әрқилы. Сол үшін ішек инфекцияларының пайда болуы мен таралуының алдыналуда Сіздің белсенді күресіңіз қажет. Жедел ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл әлемде ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады. Барлық ересектердің, әсіресе, балалардың дизентериямен, сальмонеллезбен, колиэнтеритпен және басқа да жедел ішек инфекцияларымен ауырмаған бірде бір ел жоқ. ДДҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының) мәліметтері бойынша жылына ішек инфекцияларынан емізулі жастағы 3 миллионға жуық бала қайтыс болады.Ішек инфекциялары бұрынғы заманнан бері кір қолдың ауруы деп аталып келіп, онымен салақ адамдардың жиірек ауыратындығы дәлелденген. Шынында біз күн сайын күні бойына қолымызбен айналадағы кір заттармен жанасамыз, айтар болсақ, қоғамдық көліктерде тепе-теңдікті сақтау үшін тұтқаны ұстаймыз, неше түрлі адамдар ұстаған қоғамдық мекемелердің есік тұтқасын ұстаймыз, дүкендерде сауда жасағанда сатушымен, көліктерде кондуктормен есеп айырысамыз, ақша санасамыз, таныстарды көргенде қол беріп амандасамыз. Осыдан келіп, «жұмыстан, серуендеуден үйге келгенде, тамақ дайындаудың, ішердің алдында, сондай-ақ балалармен ойнарда және оларға күтім жасағанда қолыңызды сабындап мұқият жуыңыз» деген қарапайым ережелер туындайды. Осындай қарапайым ережемен Сіз өзіңізді де және отбасы мүшелерін де әртүрлі инфекциялардан қорғай аласыз. Ішек инфекциялары тобына көптеген антропоноздыжәне табиғи-антропургиялық инфекциялық аурулар кіреді, олардың қоздырғышы бактериялар мен вирустар болып табылады. Антропонозды ішек инфекциялары: іш сүзегі, дизентерия, тағам токсикоинфекциялары, тырысқақ, ботулизм, полиомелит, вирусты А, Е гепатиттері Табиғи-антропургиялық ішек инфекциялары:сальмопеллез, парасүзек В, кампилобактериоз, ішек ирсионозы, бруцеллез, лентоспироз, листериоз. Вирусты ішек инфекциялары: полиомиелит, вирусты А, Е гепатиттер ротавирусты инфекция. Бактериалдыинфекциялар: іш сүзегі, дизентерия, ботулизм, тырысқақ, бруцеллез, иерсиниоздар, пастареллез, лептоспироз, листериоз. Ішек инфекцияларының қоздырғыштары нәжіс-ауыз механизмімен беріледі, таралу жолдары әр түрлі. Таратушы факторларына нәжіспен ластанған тағам өнімдері, су, тұрмыста қолданатын заттар және сыртқы обьектілері жатады. Ішек инфекцияларының өршулері жаз-күз айларында көбейеді, бұл мезгілде негізгі тағам мен су арқылы берілу жолдарының белсенділігі артады. Вирусты А мен Е гепатиттерінің күз айларында өршуі ұсақ малдардың төлдеуімен, жүн қырқумен байланысты. Эпидемиялық процестің ағымы мен көріністері әлеуметтік және табиғи факторларға тәуелді, яғни санитарлық-гигиеаналық жағдайға, халықтың санитарлық-гигиеналық жағдайға халықтың санитарлық сауаттылығына, өндірістік және тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты. Ішек инфекцияларының қоздырғыштары өте төзімді болғандықтан организмнен тыс қоршаған ортада ұзақ сақталу қабілеті дамиды, кейде көбеюі де мүмкін. Ішек инфекцияларының өршуі алдында әр топта әр түрлі алғы белгілер байқалады, бұл судың санитарлық-бактериологоиялық көрсеткіштерінің нашарлауы, талаптарға сай келмейтін сүт тағамдарының көбеюі, су құбыры немесе канализация жүйесінде бұзылыстардың болуы, ауруханаларда шартты-потогенді микробтардың көбеюі, бактерия тасымалдаушылардың көп анықталуы. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің басты мақсаты қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды дер кезінде бағалау болжам жасау және тиімді алдын алу шараларын ұйымдастыру. Антропонозды ішек инфекцияларында негізінен санитарлық-гигеналық шараларды, зоонозды инфекцияларында санитарлық-ветеринарлық шараларды дер кезінде ұйымдастыру тиімді нәтиже береді. Іш сүзегі Іш сүзегі- нәжіс – ауыз механизмімен жұғатын, су, тағам және тұрмыстық заттар арқылы таралатын, аш ішектің лимфа жүйесін зақымдап, шырышты қабықшасында жара пайда болатын, жалпы улану қайталанатын, ұзақ уақыт бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыратын сальмонелла бактериясының (Salmonella typhi) әсерінен болатын антропонозды бактериалды инфекциялық ауру. Қоздырғыштың эпидемиологиялық сипаттамасы.Іш сүзегінің қоздырғышы Salmonella typhi – сальмонеллалар туыстығына жататын, морфологиясы ұқсас, екі шеті дөңгелектеген, спора түзбейтін қысқа талшықты грамтеріс таяқшалар. 3 антигендері бар: соматикалық О-антиген, верулентті Vi және талшықты Н-антиген. Іш сүзегі таяқшалары қоршаған ортада төзімді: топырақта, суда 1-5 айға дейін, нәжістерде-25 күнге дейін, төсек жабдықтарында-14 күнге дейін сақталады. Тамақ өнімдерінде бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін сақталады, әсіресе сүтте, туралған етте, сааттарда, тағамдарда температура 18 ° С жоғары болса көбеюі де мүмкін. Дезинфекциялық заттар (хлорамин) әсерінен бірнеше мин. кейін өледі, бірақ нәжіс-хлорамин (1:1) ортасында тек 1 сағатқа дейін өлдеді. Өзендегі мұзда іш сүзегі қоздырғышы қыстап шығуы мүмкін. Жоғары температура әсерінен мәселен, 60°С градуста-30 мин., 90°-100°С градуста бірден тез өледі. Күн сәулесі, ультра күлгін сәулелері әсерінен бірнеше сағатта өледі. Іш сүзегі ауруының клиникалық ағымын Гиппократ зерттеген және «typhos» - деп атаған, «түтін», «тұман», «қызба» мағынасын білдірген Salmonella typhi қоздырғышын 1880 жылы К.Эберташқан, Ф.Видаль агтлютинация реакциясын енгізген. Патогенезі және клиникасы.Іш сүзегі қоздырғыштары организмге су, тамақ өнімдерімен түседі. Лимфа түйіндерінде жиналған қоздырғыштар қанға өтеді- бактериемия кезеңі – аурудың клиникалық белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Аурудың екінші аптасында бөртпелер пайда болады. Эпидемиологиялық тұрғыдан екінші ошақтардың өт жүйесінде және зәр шығару жүйесінде орналасуы өте қауіпті, өйткені бактериялар нәжіспен, зәрмен үнемі шығарылып тұрады. Инкубациялық кезең 7-23 күн (орташа 14 күн). Клиникалық белгілері 4 кезеңге бөлінеді: 1) Бастапқы кезең – әлсіздік, беймаздану, қалтырау, дене қызуы 39°-40°С градусқа дейін көтеріледі. 2) Аурудың қызу кезеңі – интоксикация, розеолалы бөртпелер, галлюцинация, іштің өтуі, ішектен қан кету, ішектің жарылуы, перитонит. 3) Клиникалық белгілерінің азаюы, дене қызуының қалпына келуі. 4) Жазылу кезеңі. Іш сүзегінен өлім-жітім 0,3% құрайды. Инфекция көзі.Іш сүзегінің инфекция көзі – науқас адам және бактерия тасымалдаушы. Созылмалы тасымалдаушылар 3 айдан астам және өмір бойы қоздырғышты бөліп шығаруы мүмкін немесе белгісі жоқ формада өтеді. Эпидемиологиялық тұрғыдан іш сүзегінің инфекция көзі – науқас адам және бактерия тасымалдаушылары жеңіл формадағы атиптік формадағы науқастар қауіпті өйткені олар аурудың белгілері болмағандықтан уақытылы емделмейді, жекешеленбейді, қызметтік міндеттерін жалғастырады, тамақтану, сумен қамтамасыз ету мекемелерінен аластатылмай қалады. Ал жіті түріндегі науқастар қоздырғышты көп мөлшерде 1-5 апта ішінде бөліп шығарады, уақытылы дәрігерлік көмекке келетіндіктен ерте жекешеленіп, толық емделіп шығады. Беріліс механизмі.Іш сүзегінің беріліс механизмі – нәжіс – ауыз механизмі. Берілу жолдары: - Су арқылы; - Тағам арқылы; - Тұрмыстық қатынас және қолданылатын заттар. Берілу факторлары:су, тағам өнімдері, тұрмыстық заттар, микробтармен ластанған кір қолдар, шыбындар. Инфекцияның берілу жолдарына және таратушы факторларға байланысты эпидемиялық процесс су типті, тамақ типті, тұрмыстық типті болып бөлінеді. Су типті–сумен байланысты эпидемиялық прцесс орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған су жүйелерінің бұзылыстарынан, судың нәжіспен ластануынан, судың сапсының нашарлануы мен суды қолданатын халықтың санынан байланысты. Су көздеріне, сумен қамтамасыз етуіне байланысты су құбырлық, құдықтық, бұлақтық, өзендік, арықтық өршулер кездеседі. Су құбырлық өршулер су құбырында, суды алу, тазарту жүйесінде бұзылыстар немесе су тарату жүйесінің тексеру құдықтары дұрыс жабылмаса су үзіліспен берілетін болса, су жүйесінде қысым өзгеріп тұрса орын алуы мүмкін. Сумен байланысты өршулерде сырқаттанушылық бірден күрт өседі және негізгі судың ластану себебі жойылғаннан кейін сырқаттанушылықта күрт төмендейді. Бірақ, кейбір жағдайларда тұрмыстық факторлардың қосылуынан эпидемияның жалғасуы бірнеше уақытқа созылуы мүмкін. Ашық сулармен байланысты өршудің (арық, өзен сулары) ауырлығы судың ластану деңгейінен және қанша адам суды қолданатындығынан байланысты. Егер сырқаттанушылық өзен суымен байланысты болса, онда өзенге жақын аймақта тұратындар ауырады, өршулер жаз айларында көбейеді, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар ауырады. Сумен байланысты өршулердің негізгі белгілері: 1. Науқастарда іш сүзегінің түрлі фаготиптері анықталады. 2. Көбіне орташа ауыр және жеңіл түрінде өтеді. 3. Өршу бір инкубациялық кезеңнен астам уақытта таралады. 4. Өршу алдында жіті ішек аурулары көбейді, судың сынамасында жалпы микробтар саны мен патогенді микрофлора көбейеді. 5. Іш сүзегі бойынша қауіпті аймақтарда таралады 6. Бір аймақтың ішінде, бір белгілі су көзімен байланысты болады. Тағаммен байланысты өршулерде негізгі берілу факторлары: сүт және сүт өнімдері, қаймақ, ірімшік, балмұздақ, ет өнімдері, туралған ет (фарш), балық, жеміс-жидек, салаттар. Тағаммеен байланысты өршулердің белгілері: 1. Науқастардан іш сүзегінің бір фаготиптері анықталады. 2. Ауыр және орташа ауыр түрінде өтеді. 3. Ауру бір инкубациялық кезең ішінде таралады. 4. Бір тағаммен байланысты болады 5. Тағамдарда қоздырғыштар көбейеді. 6. Сүтпен байланысты өршулерде көбіне балалар ауырады, өйткені олар сүтті және сүт тағамдарын жиі қолданады. Іш сүзегінің таралуы тұрмыстық заттармен байланысты болса сырқаттанушылық кездейсоқ түрінде немесе тұрмыстық жағдайы нашар жанұялық ошақ түрінде таралады. Таратушы фактор ретінде ластанған ойыншық, ыдыстар, асхана заттары, есік тұтқалары, төсек жабдықтары болуы мүмкін. Іш сүзегінің шыбындар арқылы таралуы санитарлық жағдайдың нашарлауы, тұрғылықты аймақты тазарту деңгейіне байланысты. Эпидемиолгиялық ерекшеліктері:Іш сүзегі барлық жерлерде таралған ауру, сырқаттанушылық деңгейі түрлі елдерде әр түрлі және халықтың санитарлық, әлеуметтік жағдаымен тығыз байланысты. Жаз, күз айларында сырқаттанушылық күрт көбейеді. Барлық жастағылар бірей ауырады, бірақ балалар, жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Диагностикасы: 1. Клиникалық белгілері мен эпидемиологиялық анамнез. 2. Бактериологиялық әдіс: нәжіс, несеп, өт, қанды, тексеру. 3. Серологиялық әдіс: Видаль реакциясы, ГАТР, ИФА, РИФ. Гемокультура әдісі – қанды бактериологиялық зерттеу ең басты және ерте, нақты нәтиже беретін диагностикалық әдіс болып табылады. Серологиялық әдістің тиімділігі 90-95%.(55,56-сурет) Алдын алу шаралары. «Іш сүзегі мен парасүзегі ауруларын ескерту жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Іш сүзегін алдын алу шаралары 3 бағытта жасалады: 1. Инфекция көзіне бағытталған шаралар. 2. Беріліс механизміне бағыттыалған шаралар. 3. Қабылдағыш организмге бағытталған шаралар. Инфекция көзіне бағытталған шаралар. Инфекция көзі – науқас адамды ерте анықтау, міндетті түрде инфекциялық аурулар ауруханасына жатқызып емдеу қажет. Науқастар ауруханадан антибиотикпен емдеуді тоқтатқаннан кейін 3 реттен кем емес нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеруден өткізгеннен соң, қызбасы 21 күн қалыпты болғанда шығарылуы тиіс. Диагнозы қойылмаған науқастар, денеқызуы 3 және одан да көп күн көтерілгендер іш сүзегіне тексерілуі тиіс. Бактериологиялық және сериологиялық зерттеудің нәтижесі оң болған жағдайлар бактерия тасымалдаушы ретінде қарастырылуы тиіс, оларға емдеу жүргізу, есепке алу, медициналық бақылау белгілеу керек. Тасымалдаушылықты анықтау үшін диспансерлік бақылау (сауыққан адамдарға) және алдын алу тексерулер («декреттелген топ жұмысқа тұрар алдында және жыл сайын) жасалады. Созылмалы тасымалдаушылар СЭҚБ тіркекуге алынады су, тағам, балалар мекемелеріне, яғни эпидемиологиялық қауіп төндіруі мүмкін жұмыстан босатылады. Беріліс механизміне бағытталған шаралар. Іш сүзегін алдын алуда ең маңызды санитарлық-гигиеналық шаралар болып табылады: 1. Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету, су көздерінің санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестігін қадағалау, су құбырлары мен су тарату жүйесінің санитарлық-техникалық жағдайын қадағалау. 2. Қалдық суларды су қоймасына жіберер алдында тазарту, залалсыздау. 3. Тұрғылықты жерді уақытылы тазарту, қалдықтарды уақытылы шығару, жою, әжетханаларды тазарту. 4. Тағам өнімдерін өңдеу, дайындау, тасымалдау, сақтау, тарату, қолдану барысында санитарлық қадағалау. 5. Көпшілік тамақтандыру орындары және балалар мекемелерінде эпидемияға қарсы тәртіптің орындалуын қадағалу. 6. Жеке бас гигенасын сақтау. 7. Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу. Қабылдағыш организмге бағытталған шаралардың негізі – белсенді иммунизациялау. Ошақта науқаспен қатынаста болған адамдар 21 күн медициналық бақылауға алынады, күнделікті дене қызуын өлшеу, сыртқы терісін бөртпелерге тексеру, бактериологиялық, сериологиялық әдістермен тексеру, бактериофаг беру қажет. Карантин 21 күн. Жоспарлы түрде эпидемиологиялық көрсеткішпен вакцина егу төменгі контингентке жасалуы тиіс: 1) Канализация жүйесін тазалайтын және қоқыстарды жинайтын, елді-мекендерді сантиралық тазалаумен айналысатын жұмысшыларға; 2) Жұқпалы ауру ауруханасында ішек жұқпалы аурулар бөлімінің медициналық қызметкерлеріне; 3) Елді-мекендерде эпидемиологиялық жағдайға сәйкес және төтенше жағдайлар кезінде эпидемиялық көрсеткіштері бойынша қатынаста болғандарға.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 11; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.58.141 (0.011 с.) |