Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Инкубациялық кезеңіСодержание книги
Поиск на нашем сайте
6 Тарау Тақырыбы: Қан инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы және олардың алдын алу шаралары
Трансмиссивті механизіммен берілетін аурулар алғашқыда біріншілік локализацияланатын ,екіншілік қан айналым құрамына енетін қоздырғыштарды тудырады.Олардың құрамына антропоноздар(Брилла-Цинссер ауруы,Қайтымды эпидемиялық тиф,малярия ж/е т.б),зооноздар(Туляремия,оба,кене энцефалиті,Денге қызбасы,гемморагиялық қызбалар,Марбург қызбасы т.б)жатады.Қоздырғыштың тасымалдаушы ағзасынан сау ағзаға берілуі қан сорғыш кеміргіштер (кене,бит,бүрге),вирустар,риккетсиялар,спирохеталар арқылы жүреді.Жабайы ауылшаруашылық және уй жануарлары қоздырғыштардың инфекция көзі және таратушысы болады,адамдардың сырқаттанушылығы кәсібімен тығыз байланысты.Эпидемиялық процестің белсенділігі мен маусымдық көтерілуі тасымалдайтын жәндіктердің тіршілік ету мерзімдерімен жүреді.Трансмиссивті инфекциялардың қатарында біздің елімізде кездеспейтін,басқа жерлерден әкелінетін жұқпалы ауруларда бар.Олар: Сары қызба,Эбола,Ласса,Марбург қызбалары. Қан инфекциялары қоздырғышына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: · Вирусты геморрагиялық қызбалар-Қырым-Конго,Сары қызба,Эбола,Ласса,Марбург қызбалары · Вирусты энцефалиттер-кене энцефалиті,жапон энцефалиті т.б · Риккетсиоздар-Бөртпе сүзегі,Қу қызбасы,Цуцугамуни қызбасы · Боррелиоздар-қайталамалы бит сүзегі,Азия қайталамалы кене сүзегі · Бактериоздар-Оба,Туляремия Инфекция көзіне байланысты: · Антропонозды инфекциялар-бөртпе сүзегі,безгек,Эбола қызбасы · Зоонозды инфекциялар-оба,туляремия,кене энцефалиті
АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫ АИТВ-инфекциясы –түрлі механизмдермен берілетін,созылмалы түрде өтетін,антропонозды,вирусты инфекциялық ауру.Вирустар адамның иммундық жүйесін зақымдап,ағзаның қорғаныс қабілетін нашарлатады,оппортунистік инфекциялардың қосылу әсерінен өкпенің қабынуы,мидың зақымдалуы,қатерлі ісік аурулары дамиды.Бұл ауру жөнінде алғашқы мәліметтер АҚШ басылымдарында 1979 жылдан бері жарық көре бастады.АИТВ-вирусын 1983 ж француз ғалымы,вирусолог Л.Монтанье және 1984 ж американдық ғалым Р.Галло ашқан. Қоздырғышы-Retroviridae туыстығына жататын РНҚ лы вирустаар,3000 жуық серологиялық варианттары табылған.Тұмау вирустарымен салыстырғанда АИТВ вирустары 100 есе өзгергіш,сондықтан тиімді вакцина табу өте қиын.АИТВ вирустарының I,II,III типтері бар.Қазіргі пандемияның қоздырғышы I типтегі вирустар, II тип көбіне Батыс және Орталық Африка елдерінде жиі таралады. Құрылысы-дөңгелек тәрізді,көлемі 100-140 нм вирион,орталық және сыртқы қабаттан құралады.Нуклеокапсидте 2 жіпшелі РНҚ және ревертаза түрінде вирустың геномы орналасады,сыртында 2 қабатты ақуызды қабығы бар. АИТВ геномы 3 негізгі гендерден құралады: -gag -env -pol
Клиникалық көріністері: жайылған лимфоаденопатия,жоғары температура,созылмалы диарея,салмақтың азаюы,ұзақ уақыт жөтелу,әлсіздік,терлегіштік,бөртпе,қышыма,орталық нерв жүйесінің зақымдалуы,түрлі бактериальдық ,вирустық инфекциялардың қосылуы. 3 апта-2 айдан 3-5 және одан да көп жылға дейін.АИТВ инфекциясы 4 кезеңде өтеді: ü Белгілері жоқ инкубациялық кезең ü Алғашқы белгілерінің пайда болуы,екіншілік инфекциялардың қосылуы, ü Иммутитет тапшылығы ü ЖИТС-терминальдық кезең:кахексия, орталық нерв жүйесінің зақымдалуы,пневмония,инфекто ЖИТС.Инфекция көзі науқас адам аурудың барлық кезеңдерінде қайтыс болғанға дейін жұқпалы болады.Вирустар көп мөлшерде қан,жұлын сұйықтығы мен спермадан табылады,аз мөлшерде сілеке»,көкірек сүті,тер,зәр,нәжісте табылады. Берілу механизмі: ü Парентеральдық-АИТВ инфекциясын жұқтырғанадамның қаны,қан препаттары,залалсызданбаған медициналық құралдар. ü Жанасу (жыныстық жолмен)-қорғану тәсілдерін қолданбаған жыныстық қатынас арқылы жұғады.Жыныстық жақындасу кезінде әріптестердің жыныс мүшелерінің шырышты қабығындағы жарақатқа,қанға немесе суға вирус түссе ауруды жұқтырады.Қатерлі жыныстық қатынастар гомосексуалистер,бисексуалистер арасында кең таралған. ü Вертикальді–Анадан балаға босану немесе емізу кезінде жұғады. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай Республиканың қылмыстық-қызмет атқару жүйесінің мекемелерінде қалыптасып отыр.2007 жылдың 600 жағдайына қарағанда 2008 ж АИТВ –инфекциясының 721 жаңа жағдайы,яғни 1,2 есеге өсуі тіркелген.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.221.59.121 (0.008 с.) |