Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы арнайы және механикалық таратушылар

Поиск

Табиғатта кездесетін жұқпалы инфекциялық аурылардың басым түрі жануарлар арқылы адамдарға тарайды.Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.

Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі.

Инфекциялық ауруды таратушылар 2 топқа бөлінеді:

· Механикалық немесе арнайы емес таратушылар

· Арнайы немесе биологиялық таратушылар

Механикалық таратушылар инфекциялық аурудың қоздырғыштарын ауыз аппаратымен,түмсығымен немесе сыртқы қабаттарымен таратады және ішекке енуі де мүмкін.Бұл қоздырғыштар жәндіктердің денесінде даму кезеңін өтпейді,көбеймейді.Механикалық таратушыларға құмырсқа,тарақан,сона,шыбын,шіркейлер жатады

Биологиялық немесе арнайы таратушылардың денесінде қоздырғыштар белгілі бір даму кезеңін өткізеді,көбейеді.

Арнайы таратушылар қоздырғыштарды 2 әдіспен жұқтырады:

· Инокуляция әдісі

· Контаминация әдісі

Инокуляция әдісінде қоздырғыштар тасымалдаушының қан жүйесіне қан сору арқылы түсіп,жұғады.Инокуляция әдісімен кененің шағуы арқылы кенелік энцефалит,Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары таралады.

Контаминация әдісінде қоздырғыштар жәндіктердің нәжісімен адамның сыртқы терісіне түседі,шағу кезінде зақымдалған тері арқылы адамның денесіне түседі.Бұл әдіспен бүрге арқылы оба аруы,бит арқылы бөртпе сүзегі таралады.

Трансмиссивті инфекциялар әсіресе көктем,жаз мезгілінде көп таралады.Бұл ауруларды таратушы уынаяқтылардың зиянды және пайдалы түрлері бар.

Медициналық маңызы бар буынаяқтылар 2 класқа бөлінеді:

I-Өрмекшітәрізділер топтамасы:

 1.Шаяндар отряды,

2.Өрмекшілер отряды

3.Кенелер отряды

II-Жәндіктер класы:

1.Тарақандар отряды

2.Биттер отряды

3.Бүргелер отряды

4.Қандалалар отряды

5.Қосқанаттылар отряды

                  Өрмекшітәрізділер топтамасы

Өрмекшітәрізділер (Arachnіda) – омыртқасыздардың бір класы. Дене тұрқы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін. Жер шарында кең тараған, 10-нан астам отряды, 60 мыңға жуық түрі бар.

 

                 

Сарышаяндардың (Scorpiones отряды) 1500-дей түрі бар.Адамға ең қауіптісі тропикалық түрлері.Сарышаяндар Орта Азия,Кавказ,Қырым және Қазақстанның Оңтүстігінде кездеседі. Сарышаяндар шөлейт жерлерде,ескі қыстақтарда мекендейді. Киім, төсектерге,үй ішіне кіріп, түнгі мезгілдерде шағады.

Клиникасы.Сарышаян шаққан кезде адам қатты ауырып,тырыса бастайды.Шаққан жері ісіп,тіпті өліеттену байқалады.Жалпы улану белгілері:бас айналу,бас ауыру,құсу,ентігу,әлсіздік,адинамия,жүрек соғуы байқалады.Ауыр жағдайда жүйке жүйесіне әсер етіп:есі бұлыңғырланып,аяқ қолы тартылады.Тіпті кейбір кезде жүрек жетіпеушілігі болуы мүмкін.

Емі.Алғашқы көмек ,уы жайылған жерді тығыз таңып,шаққан жерге суық ұстап,новокаин егіп анальгетик беру керек (наркотик салуға болмайды).Дезинтокцикациялық емдеу,аяқ қолдың тартылуын емдеу,ауруды сездірмейтін дәрілер қолдану.

 

Өрмекшілер (Araneі). 27 мыңдай түрі бар. Қазақстанда 19 тұқымдасы, 400-ден астам түрі кездеседі. Бұлардың денесі бас-кеуде және бунақталмаған құрсақ бөлімінен тұрады. Осы екі бөлімі сабақшамен байланысқан (бас-кеуденің 7-бунағы). Хелицераларының ұшы қозғалмалы тырнақ тәрізді буынмен аяқталады. Оның түбінде улы безінің тесігі орналасқан. Бездерден бөлінетін сөлімен қорегін өлтіреді. 4 жұп аяқтары қозғалу қызметін атқарады. Құрсақтың соңғы сегментінің аяқтары 2 – 4 жұп өрмек сүйелдеріне айналған.

   

Қарақұрт (лат. Lathrodectus tredecimguttatus) - улы өрмекшітәрізділер тұқымдасына жатады. Толық жетілген ұрғашы қарақұрттың, (10-20 мм) қара, ал жетілмеген ұрғашысы мен аталықтарының, (4-7 мм) денесінде қызыл дақтары болады. Улы бездері кеуде-бас қуысына орналасып, өзекше арқылы хелицермен жалғасқан. Ақзаттан тұратын у өте күшті нейротроптық у. Адамдарды қатты уландырып, кейде елімге дейін жеткізеді Қарақұрттың уы жылан уынан 15 есе күшті.

                           

Клиникасы. Қарақұрт шаққанда орны қат­ты ауырады, ауырғаны бүкіл денеге тарап, аяқ тартылады. Адамның басы ауы­рады, жүрегі жиі соғып, ентігеді, тілі күр­­меледі, құсады, терлейді, санды­рақ­тай­ды, есінен танады. Тіпті өліп кетуі мүмкін.

Емі. Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітінді, жүрек дәрі-дәрмектерін береді.Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.227.114.218 (0.01 с.)