Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Эпидемиялық қадағалау, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар.
Диагноз қою нәжісте және ауруды қоршаған заттардан алынған шаймаларда жұмыртқаларды табуға негізделген. Ергежейлі цепеннің жұмыртқалары циклмен шығатынын және қоршаған ортада тез өлетінін ескеріп, теріс көрсеткіш болатын жағдайда, сынақты 3 рет қайталау керек. Табиғи жағындыны зерттеуді флотациялық әдістермен қоса пайдалану ұсынылады. Фенасалмен арандатуды пайдаланып (кешкісін ауру адам 0,1 – 1,0 г препаратты, сосын іш жүргізетін тұздарды қабылдайды), таңертен нәжісті зерттейді.
Ауруларды емдеу
Ауруларды емдеу және ергежейлі цепенмен залалданған барлық адамдарды дегелминтизация жасау бір уақыттағы емдеу және алдын алу шаралары болып табылады. Бұл мақматта фенасал және празиквантел қолданылады. Аутосуперинвазияны және реинвазияны ескеріп, аталған препараттарды қайталап (2,4 және 7 күндік циклдер, 5-7 күннен кейін) тағайындайды.
Эпидемиялық қадағалау, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар.
Эпидемиялық қадағалау, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар көп жағдайда энтеробиозда қолданылатын әдістерге сай келеді. Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңызы аса зор екенін ерекше атауға болады. Егеуқұйрық цепені тудыратын гименолепидоздарда аралық иелері (бүргені, тарақандарды және басқа да буынаяқтыларды) жоюға бағытталған дзинсекция жасау керек. Сонымен қатар ұнды, нан тағамдарын және басқа да тағамдарды ластанудан сақтаған жөн.
Дифиллоботриоз.
Қоздырғышы: таспа құрттарының 10 дан артық түрлері бар. Олардың ішінде ең көп таралғаны Diphillobotrum latum. Ұзындығы 10 метрдей, 3-4 мың буындары бар. Денесінің алдыңғы шетінде 2 сорғышы бар. Ішектен жоғарғы жағында шырышты қабатына жабысады.
Дифиллоботриоз нәжіс ауыз механизмімен жұғатын, асқазан ішек жолдарын зақымдап, созылмалы түрде өтетін, металобласттыанемия дамитын, цестодоз тобына жататын зооантропонозды биогельмитоз.
|