Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Конго -Қырым геморрагиялық қызбасының белгілері және ағымы
Конго -Қырым геморрагиялық қызбасының белгілері және ағымы
§ Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 1 және 14 күн аралығында (жиі 2-7 күн). Продромальды көріністер болмайды. Ауру байқаусызда басталуы мумкін,ауру деп аурудың басталған бастапқы алғашқы сағаттарынан басталаған айтуға болады. Дене температурасы тез көтеріледі және кей кезде аурудың жеңіл түріндеде дене температурасы 39-40°С барады.
§ Бастапқы кезеңдерінің өзіндеде жалпылама интоксикация белгілерін көруге болады, көптеген инфекциялық ауруларда болуы мумкін. Бастапқы кезінің өзі 3-4 күнге созылуы мумкін ( 1 мен 7 күн).Бұл кезде өте жоғарғы қызбамен жіне қатты әлсіздікпен көрінеді,қақсаушылық дененің, бастың ауруымен,бүкіл дененің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, бұлшық еттердің және суставтардың ауруы байқалады.
Омбы геморрагиялық қызбасы
Трансмиссивті механизммен берілетін,зоонозды,табиғи-ошақтық,арбовирусты инфекциялық ауру
Қоздырғышы-2 серовары бар РНҚ лы арбовирустар.Антигендік және биологиялық қасиеттері бойынша кене энцефалитінің вирусына ұқсас.Н.П.Чумаков 1947 ж алғашқы рет Омбы облысында науқастың қанынан вирустарды тапқан.1945-1948ж мбы облысында өршу түрінде таралған,кейіннен аурудың ошақтары Новосибирск,Курган,Тюмен,Алтай және Солтүстік Қазақстанда табылған.
Инфекция көзі-иксод кенелері,бүргелер,кеміргіштер,құстар,су ышқанары.
Кене энцефалиті
Encephalіtіs acarіnarum – кене арқылы тарайтын, миқабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесінқатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Кейде Кене энцефалитін табиғи-ошақты тайгалық энцефалит, көктемгі-жаздық энцефалит деп те атайды. Кене энцефалитінің вирусын Ресей ғалымдары Л.А. Зильбер, Е.Н. Левкович, т.б. Шығыс Сібірде ауруға шалдыққан адамдардың қанынан тапқан (1937). Бұл індет, негізінен, иксод кенелері (Jxodes persulcatus) мекендейтінорман-тоғайлы жерлерде, Қазақстанда Алтай, Қаратау, Күнгей Алатауыбөктеріндегі орманды аймақтарда кездеседі.
Ауру жоғары латенттілікпен сипатталады, 25-30% құрайды. Ауырғаннан кейін орталық жүйке-жүйесінде келесі органикалық өзгерістер байқалады:
· әлсіз салдану
· бұлшық ет атрофиясы
· дискинезия
· интелектің төмендеуі
· кейде эпилепсия
Кене энцефалиті қоздырғышының құрамында РНК-сы бар вирус, флави-вирус (В тобы) тұқымдасына, арба-вирус (В тобы) этиологиялық тобының тога-вирус тұқымдасы. Вирус қоршаған ортада тұрақты. 1500-ден +300-ға дейінгі температура ауытқуларында өмір сүру қабілетін сақтайды. Кептіргенде және төменгі температурада өмір сүруін көп жылдар бойы сақтайды. Бірақ вирус қайнату кезінде тез жойылады (2 мин). Дезинфекция ерітіндісіне және УК-сәулеленуге төзімсіз. Вирустың 3 түрі ажыратылады: алыс шығыс энцефалит қоздырғышы, орталық Европалық энцефалит қоздырғышы, қос толқынды менинго-энцефалит қоздырғышы. Вирусқа нейротроптылық тән.
|