Паталогоанатомиялық өзгерістері.
Паталогоанатомиялық өзгерістері аурудың өту барысы мен көрініс формасына байланысты. Ауру баяу өткен ғұрлым,белгілеріанық білінеді (атипиялық және созылмалы өтуін есептемегенде). Әсіресе жіті және жітілеу формасында паталогоанатомиялық өзгерістері тән болады.
Өлексе өте үрілген, сіресуі болмайды, не әлсіз байқалады. Тек қойларда ғана мал өлгеннен бір сағат өткен соң сіресу болады және де 10-12сағат бойы сақталады. Табиғи саңылаулардан қанды көбікті сұйықтық, ал кейде қан ағады. Өлексенің іріп-шіруі, әсіресе жазғы мезгілде тез жүреді.
Тері асты клетчаткасы нүктелік георрагияланған және сарғыштанған. Оның қантамырлары қанға толы. Сондықтан сібір жаралы өлекседен сыпырылған терінің ішкі жағы күрең-қызыл түсті. Мұндай іркілімдер өкпе плеврасынан, шажырқайдан, тілден және басқа жерлерден табылады. Сірлі қабаттары қанталап, көгерген. Қаны қою-шие түсті, қою, ұйымаған.
Бұлшық еттер тас-қызыл түсті, былжыр консистенциялы. Құрсақ және кеуде қуыстарында, жүрек қабында көп мөлшерде бұлдыр қызыл түсті сұйықтық жиналған. Жүректе эпикард астында қан құйылулар табылады. Лимфа түйіндері ұлғайған, шырынды кейде беткейінде қою-шие түсті нүктелік қан кетулер болады. Олар кескінінде тас-қызыл түсті. Жалағы өте ұлғайған (кейде қалыпты), қанға толы,кескінінде жұмсарған пульпасы қара май тәріздес масса түрінде ағып шығады. Бауыр мен бөтелкелер онша ұлғаймаған. Олар тас-қызыл түсті. Ішектер гиперемияланған, толы, құрамы әдетте қан түстес болады, сұйық консистенцияланады. Аш ішек,әсіресе он екі елі ішек кілегей қабаттары гиперемияланған, ісікті және нүктелік қанталаған. Кейде ішектерде қабырғаларының қалың майлануы табылады.Пейер түйіндерінде ойық жаралар табылады. Тоқ ішектің зақымдалуы сирек кездеседі,кейде тік ішектің кілегей қабаттарында карбункулдар түрінднгі төмпешіктер байқалады.
Бас миы мен жұлын гиперемияланған,ми заты мен оның қабаттары қанталаған. Мидың жұмсақ қабығы геморрагиялық сұйықтықпен сіңірілген.
Сібір жарасының мүйізді ірі қарадағы, жылқы мен қойдағы терілік фомасы әдетте сорозды-геморрагиялық ісік түрінде өтеді, демек карбункулға тән пустулдар түзілмейді. Шошқаларда көбінесе жақасты,жұтқыншақ және мойынның лимфа түйіндерінің зақымдалуымен жалғасатын геморрагиялық лимфаденит анықталады. Мойын аумағынан жасыл түсті мұздай серозды-геморрагиялық эксудат табылады.
Зақымдалу дәрежесі мен сатысына байланысты лимфа түйінінің көлемі өзгермеуі мүмкін не болмаса тауық жұмыртқасы көлеміндей болады,көп жағдайда сарғыш түсті мұздай масса мен қоршалған. Өкпеде бұршақтан тауық жұмыртқасына дейінгі көлемдегі төмпешіктер сирегірек байқалады.
Ішектік формасында ішектердің кішкене бөлігінде геморрагиялық қабынған кілегей қабаттардың зақымдалуы түрлі интенсивті және ішектің сыртқы қабырғасының паталогоанатомиялық өзгерістеріне байланысты.
Карбункулезді формасында теріден қызыл түсті түйіндер немесе ойық жаралар табады.
|