Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Безгектің таралуын бақылау бойынша шаралар.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Диагностикасы. 1. Паразитологиялық әдіс- вегетативтік түрдегі лямблияны сұйық, ал цистаны қалыптасқан нәжістен табуға негізделген.Люголь ерітіндісімен боялған жағындынымикроскоппен қарау.Нәжісті тексеруді бірнеше күн қайталау керек. 2. Серологиялық әдіс- лямблияның антигендерін анықтау үшін қолдануға болады Емдеу.Метринидозол және тинидазол,энтамизол,фуразолидин,аминохинол Хлорлы дезинфекциялық заттар лямблиялар цисталарын өлтіре алмайды.3% лизол өте тиімді.Ыстық су цистаны тиімді өлтіреді.
Амебиоз Амебиоз- нәжіс-ауыз механизмімен берілетін,тоқ ішектің жаралы зақымдануымен,түрлі мүшелерде абцесс пайда болатын,созылмалы түрге өтумен сипатталатын,саркодина тобына кіретін,антропонозды инфекциялық ауру. Қоздырушысы. Еntamoeba histolytica.Амебаларды алғаш болып 1875жылы Ф.А.Леш Петербургте науқастың қан аралас нәжісінен тапқан.1883жылы Р.Кох науқастың ішегінің гистологиялық кесіндісінен амебаларды тапқан. Оның тіршілік циклінде мынадай формалары кездеседі: циста, ұсақ вегатативтік формасы (forma magna), ірі вегетативтік формасы (forma minuta) және ұлпалық формасы. Вегетативтік формасы сыртқы ортада төзімсіз,нәжісте 30 мин өледі. Цисталар сыртқы орта әсеріне төзімді:нәжісте,суда 1 ай,төменгі температурада бірнеше ай сақталады. Даму кезеңі.Негізгі қожайын-науқас адам. Инвазиялық сатысы болып 4 ядролы циста саналады. Ол лас қол арқылы, не жуылмаған жеміс-жидектерді жегенде адамға жұғады. Адам ішегіңде циста қабығы еріп 4 ядролы амебаға айналады. 4 ядролы амеба тез бөлініп 4 бір ядролы ұсақ вегетативтік формасы (7-15 мкм) (forma minuta) түзіледі. Ұсақ вегетативтік амеба тоқ ішекте бактериялармен қоректеніп, ұзақ уақыт зиянсыз тіршілік етеді. Тоқ ішектің төменгі бөлімдеріне өтіп ол цистаға айналады да нәжіспен сыртқа шығарылады. Ішектің амеба аркылы зақымдануы салдарынан ұсақ вегетативтік формаға (forma minuta) ірі вегетативтік формаға (forma magna) айналады. Оның өлшемі ірілеу 30—40 мкм және ядро кұрылысы ерекше болып келеді. Олар эритроциттермен қоректенеді, сондыктан оларды эритрофагтардеп атайды.
Инвазия көзі-ауру немесе тасымалдаушы адам.Инвазия-паразиттерді адам ағзаның кіруі.Берілу механизмі- нәжіс-ауыз механизмі.Берілу факторы-су,тағам,тұрмыстық заттар,жанасу. Цистамен ластанған су,тағам,әсіресе көкөніс,жемістер,құрал-саймандар,кір қол,киім,ыдыс,есік тұтқасы т.б болып табылады. Диагностикасы.Паразитологиялық әдіс- Нәжісті және сыртқы орта объектілерін зеттеу. Серологиялық әдіс-ИФТЕР(титр 1:80 және одан да көп)АГЕР Нәжісті микроскопиялык зерттеу арқылы жүргізіледі. Аурудың зілді кезінде үлкен дәретте эритроциттерді жұтқан ірі вегетативтік формасын, ал созылмалы ауру кезінде не циста тасымалдаушыларда 4 ядролы цисталарды іздейді. Клиникалық сипаты. Негізгі белгілері (симптомдары) ішектің қансырап тұратын жарасы, қан мен сілемей араласқан сұйық үлкен дәреттің жиі келуі болып табылатын зілді ауруды қоздырады. Дұрыс емделмесе 40% жағдайда дүние салуға алып келеді. Алдын алу шаралары ретінде жеміс-жидектерді жуып жеу, қайнаған суды ғана ішу, тамақтану алдында, дәрет алғаннан кейін, қолды сабындап жуу, яғни жеке тазалықты сақтау болып табылады механикалық тасымалдаушыларды (шыбындар, тарақандар) жою және санитарлық ағартушылық жұмыс (үгіт-насихат) жүргізу әдістерін атауға болады. Адамның ас қорыту жолында дизентерия амебасымен қатар басқа да патогенді емес амебалар кездеседі. Ол - ішек амебасы (Entamoeba coli), ауыз амебасы (Entamoeba dingivalis). Олар адам денсаулығына зиянсыз болып табылады.
Токсоплазмоз
Токсоплазмоз-әртүрлі механизмдермен берілетін,латентті және созылмалы түрде өтетін зоонозды,табиғи-антропургиялық,протозойлы инвазия. Қоздырғышы- Тохорlasmа gondіі- адамның және жануарлардың токсоплазмоз ауруын тудырушы, барлық жерлерде кең таралған паразит. Токсоплазма адам ағзасының әр түрлі мүшелерінде — бас миында, скелет (қаңқа) және жұрек бұлшықеттерінде, кез ұлпасында, өкпеде, жатыр қабырғасында және ұрық қабықшаларында кездеседі. Морфофизиологиялық ерекшеліктері.
Токсоплазма эндозоит сатысында апельсин жемісінің бір бөліміне немесе жарты айға ұксас болады; оның өлшемі — ұзындығы 4—7 мкм, ені — 2—4 мкм. Оның ал-дыңғы жағы қысыңқы, ал артқы жағы кең және домалақтанып келген. Денесін пелликула қаптап тұрады, денесінің алдыңғы жағында конус тәрізді кұрылым — коноид болады. Оның кабырғасында ширатылған фибриллдар кездеседі. Коноид паразиттің иесі денесіне енуі кезінде тірек кызметін атқарады деп есептелінеді. Коноидтан кейін токсоплазма денесінің артына карай бірте-бірте кеңейген қалта тәрізді органоид — роптрий бастама алады. Роптрийда паразиттің жасушаға енуін жеңілдететін заттар болады. Роптрий айналасында, дененің алдыңғы жағында, онымен байланысқан және ирелендеген жіпшелер — микронемалар кездеседі.
1-коноид, 2-микрожіпшелер, 3-микротүтікшелер, 4-микропоралар, 5-майтамшылары, 6-ядро, 7-эндоплазмалык тор, 8-Гольджи кешені, 9- митохондрия, 10-роптрии.
Инвазия көзі.Негізгі иесі болып мысық; аралык иесі — құстар, сүтқоректілер,кеміргіштер және адамдар саналады. Берілу механизмі 1. Нәжіс-ауыз механизмі, су,тағам ,жемістер,кір қол,киім,ыдыс т.б болып табылады. 2. Жанасу механизмі-ет өңдеу кезінде микрожарақат арқылы жұғады. 3. Трансплацентарлы жолмен жүкті әйелден құрсаққа жүктіліктің алғашқы мерзімінде жұғады Патогенез,клиникалық белгілері.Адам денесіне түскен қоздырғыштар лимфа түйіндеріне түсіп,инфекциялық гранулема тудырады.Қан ағамымен түрлі мүшелерге таралады, нерв, жыныс, лимфа жүйелері, көру мүшелері закымданады.Белгілері: лимфа түйіндері,бауыр,көк бауыр үлкейеді,миозит,артралгия,энцефалит,түсік тастау,киста,өлі туылу. Диагностикасы. 1. Микроскопия әдісімен жұлын сұйықтығы,лимфа бездер материалы,плацента биопсиясы тексеріледі. 2. Серологиялық әдіс- ИФА әдісі,ГАЕР,КБР. 3. Биологиялық сынама
Алдын-алу шаралары.Адамдарды,әсіресе балаларды негізгі инвазия көзі –мысықтардан ауру жұқтырудан қорғау,оларды дұрыс ұстау,жек бас гигиенасын сақтау.Кеміргіштерді жою.Ет өнімдерін термиялық өңдеу,мал өнімдерін өңдеу кезінде сақтақ шараларын қарастыру.
Лейшманиоз Лейшманиоз-трансмиссивті механизммен таралатын,табиғи ошақты зооноздыжәне антропонозды инфекциялық ауру. Қоздырушы — Leishтапіа,4түрге бөлінеді:
1. Leishтапіа donovani-Еуропалық вицериальды лейшманиоз қоздырушы 2. Leishтапіа tropica-тері лейшманиоз қоздырушы 3. Leishтапіа mexican-Америкалық тері лейшманиоз қоздырушы 4. Leishтапіа brasiliensis-Жаңа құрлықтың тері-шырышты лейшманиоз қоздырушы Барлық лейшманиялар екі даму кезеңінен өтеді:Талшықты және талшықсыз. Бұл тұқымдастың ерекше белгісі ретінде даму циклінде, қоршаған орта ерекшеліктеріне қарай, бірнеше морфологиялық формалары бар: 1. Трипоносомалық формасының жалпақ, таспа тәрізді денесі болады, оның ортасында сопақша ядро орналасқан. Талшық денесінің артқы жағынан, ядродан кейіндеу, басталады, желпуші перде жаксы жетілген. 2. Критидиалдық формасының талшығы денесінің ортасынан, ядродан ілгерілеу, басталады: желпуші перде қысқа болып келеді. 3. Лептомонадалық формасының талшығы денесінің алдыңғы жағының жиегінен басталады, желпуші перде дамымаған. 4. Лейшманиялық (немесе жасуша ішілік) формасынын денесі домалақ, ядросы ірі, талшык мүлдем дамымаған не өте нашар дамыған, оның тек базаль денесі ғана болады. 5. Метациклдік формасы критидиалдық формаға ұқсас, бірақ талшықтың еркін болігі дамымаған. Лейшмания туысының өкілдерінде 2 морфологиялық форма кездеседі: лептомонадалық және лейшманиялык. Тіршілік циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Лейшманиялық нысаны адамдарда және омыртқалыларда паразиттік тіршілік етеді; лептомонадалык формасы — таратушы насекомдарда кездеседі. Лейшмания тудыратын ауруды лейшманиоздар деп атайды, ол табиғи-ошактық, трансмиссивтік аурулар қатарына жатады. Лейшманиялар екі түрге бөлінеді: 1. дерматотропты (теріні закымдайды) 2. висцеротропты (ішкі мүшелерді зақымдайды) Висцералді лейшманиозды қоздырушы — Leishтапіа donovai. Көбіне 1-5жастағы балалар мен эндемиялық емес аудандардан жаңадан келгендер ауырады.Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.Инкубациялық кезеңі-5айдан-1жылға дейін. Ол Жерорта теңізі елдерінде, Азия, тропикалык Африка, Оңтүстік Америка, Орта Азия, Кавказ елдерінде таралған. Патогенезі.Денеге түскен жерінде гранулема пайда болады, лимфа түйіндері зақымданады,бауыр,көк бауыр,сүйек миында қабыну пайда болады.Белгілері:папула,температура 39-40 , бауыр,көк бауыр улкеюі,салмақ азаюы,анемия. Ауру зілді түрде не созылмалы түрде жүруі мүмкін. Дұрыс емделмесе өлімге алып келеді. Бұл аурумен негізінен балалар жиі ауырады. Диагностикасы.Төс сүйегі кемігінің жағындысын микроскоп арқылы зерттеп, паразиттің лейшманиялық түрін табу болып саналады.
Алдын алу шарлары: жеке шаралар — бәкене шыбындардан сақтану; қоғамдық шаралар — табиғи резервуарларды жою; санитариялық-ағартушылық жұмыстар жүргізу, ауруларды емдеу т.с.с. Тері лейшманиозын қоздырушы — Leishтапіа trоріса Лейшманияның дерматотропты түрінің 3 түрлі тармағы белгілі: L. tгоріса mіnог; L. tгоріса majог (Жер шарының шығысында) және L.tгоріса mехісапа (Жер шарының батысында). Олар тері жасушаларында кездеседі. Еуропа, Азия, Америка, Африка, Орта Азия және Кавказ елдерінде кең таралған. Инвазия көзі болып адам және жабайы жануарлар (ұсақ кемірушілер) саналынады. Таратушылары болып шіркейлер есептелінеді.
Ағзаның ашық жерлерінде ұзақ жазылмайтын жаралар пайда болады. Жара жазылғаннан кейін оның орнында тыртық із қалады. Диагностикасы.Жара бетіндегі ылғалды микроскопиялық зерттеу арқылы жүргізіледі. Алдын алу үшін шіркейлердің шағуынан сақтану; қоғамдық шаралар шіркейлерді, табиғи резервуарларды жою.
Безгек Безгек(«саз-батпақты қызбасы», «пароксимальды безгек» - адамның және жануардың жедел протозойлы трансмиссивті ауру, қоздырғышы Анофелес туыстығы масаларымен беріледі. Ауру қызу приступтарымен анемиямен, бауыр және көкбауырдың ұлғаюымен сипатталады. Этиология.Безгек қоздырғышы Protozoa қарапайымдылар типіне, Sporozoa споравиктер класына, Plasmodium туыстығына жатады. Безгек плазмодиясы – Лаверонмен 1880 жылы ашылған. Қазіргі таңда безгек плазмодиясының 100 астам түрі бар, соның ішінде 4 түрі адамда паразиттеледі. 1. Plasmodium vivax – үш күндік безгекті шақыратын көп кездесетін қоздырғыш. 2. Plasmodium malazia – төрт күндік безгекті шақырады. 3. Plasmodium balcipazum – тропикалық безгектің қоздырғышы. 4. Plasmodium ovale – үш күндік безгекке ұқсайтын суруды шақырады және Африканың кейбір аудандарында ғана таралған. Тарихи мәлімет. Адам безгегі ежелден келе жатқан ауру. Қызу приступының клиникалық сипаты біздің э.д. 400 жыл бұрын Гиппократпен айтылған. Безгектің біріншілік ошағы Африка болып саналады. И.В. Фавраның тұжырымы бойынша бұл ауру Ресейге Ираннан әкелінген. СССР-дан 60 жылдары жойылған безгек 90 жылдары қайта оралды. Ауру шырыштармен, туристермен, бизнесмендермен, орта Азия және Кавказ елдерінен келетін саудагерлермен, үнемі сәтсіз Таджикистан, Азербайжан және Узбекстан елдерінен әкелінеді. Даму циклі үш кезеңге бөлінеді, оның екеуі адам денесінде, үшіншісі маса денесінде өтеді. Преэритроцитарлық шизогония. Плазмодий адам денесіне зақымданған маса сілекейінде болатын спорозоиттар күйінде енеді, яғни бұлардың инвазиялық сатысы болып спорозоиттар саналады. Спорозоиттар қан арқылы бүкіл денеге, бауыр жасушаларына келіп жетеді. Бұл жерде олар өсіп, үлкейіп шизонтқа айналады. Содан кейін шизонт шизогония жолымен (көпшілікті бөліну) бөлініп, көптеген (1000-5000) ұсак бір ядролы мерозоиттар пайда етеді. Бұл процесс преэритроцитарлық немесе ұлпалық шизогония деп аталады. Бауыр жасушалары бұзылғанда мерозоиттар шығып қанға өтіп эритроциттерге енеді. Эндоэритроцитарлық шизогония. Эритроциттерге енген мерозоиттар гемоглобинмен қоректеніп өсіп шизонтқа айналады. Өздерінің дамуында мерозоиттар бірнеше сатыдан өтеді: алғаш олардың өлшемдері өте кішкентай, эритроцит көлемінің 1/3-1/6 бөлігін алып, цитоплазмасы сақина тәрізді болады бұл сақиналы шизонт сатысы; әрі қарай сақиналы шизонт ұлғайып, жалғанаяқтар пайда болып, қозғалып, амебатәрізді шизонтқа айналады. Шизонт бірте-бірте өсіп, эритроцит көлемін түгел толтырады, гемоглобинді толық жояды және шизогония жолымен бөлінеді. Әр түрлі түрлерде түрліше мөлшерде мерозоиттар түзіледі. Р1.vіvах-22, Р1.malarіае-6-12, РІ.falciparum 12-18. Бұл кезде эритроциттер кабықшасы жыртылып мерозоиттар канға өтеді де зақымданбаған жаңа эритроциттерге еніп жаңа цикл басталады. Мерозоиттармен бірге қанға олардың улы өнімдері де етеді. Осының нәтижесінде ағзада қалтырау ұстамасы басталады. Эндоэритроцитарлық кезең РI.vіvах, РI. falciparum,PI.ovale -де 48 сағатқа (үшкүндік безгек), Р1.malarіае - 72 сағатқа (төрткүндік безгек) созылады. Шизогонийдің қайталануы нәтижесінде адам ағзасындағы паразиттер саны тез көбейеді. Бірнеше дүркін жыныссыз кебеюден кейін жыныстық жолмен көбеюге дайындық басталады. Кейбір мерозоиттар эритроциттерге еніп жетілмеген жыныстык формаларға — гаметоциттерге айналады. Олардың кейбіреулері аналық жыныс формаларын — макрогаметоциттерді, енді біреулері — аталық жыныс формаларын — микрогаметоциттерді түзеді. Гаметоциттер шизонттарға қарағанда ірілеу, домалақ болып келеді, олардың қою қара ядросы болады. Адам ағзасында гаметоциттер әрі қарай дамымайды. Олардың әрі қарай дамуы маса денесінде өтеді. Спорогония. Маса ағзасына гаметоциттер ауру адамның қанымен бірге енеді. Маса асқазанында олар жетілген жыныстық нысанға немесе гаметаларға айналады. Микрогаметоциттер бөлініп 5—6 талшық тәрізді микрогаметаларға, ал макрогаметоциттердің көлемі үлкейіп 1 макрогаметаға айналады. Ұрықтанғаннан кейін зигота козғалғыш оокинетаға айналып, асқазан қабырғасын тесіп өтіп оның сыртқы қабатына бекінеді. Ол қабықшамен қапталып ооцистаға айналады да тез өсе бастайды. Содан кейін спорогония процесі басталады, яғни ядро мен цитоплазма бөлініп ооциста ішінде көптеген (1000) спорозоиттар түзіледі. Ооциста кабықшасы жарылып спорозоиттар масаның дене қуысына, гемолимфаға, сілекей безіне өтеді.
Инвазия көзі болып перифериялық қанда безгек паразиттерінің жыныстық жетілген түрі бар науқас адам немесе паразит тасымалдаушы және жедел приступты кезеңінде, сырқаттың рецидив стадиясында және клиникалық білінулері айқын гаметотасымалдаушы жатады. Инкубация кезеңі қысқа 10-20 күннен 1 айға дейін болуы мүмкін. Тропикалық безгекте инкубациялық кезеңі 10-14, ал 3 күндік безгекте қысқа инкубациялық кезең 10-14 күн, ұзақ 8-14 ай және 4 күндік безгек 20-25 күнге созылуы мүмкін. Беріліс механизмі-трансмиссивті,тасымалдаушы-Anopheles тобының масалары.Сирек жағдайда парентералды жолмен,тасымалдаушы донордың қанын құю кұю кезінде жұғуы мүмкін. Эндемиялық ошақтарда көп жағдайда планценті арқылы немесе босану кезінде ана мен ұрықтың қанының араласуы нәтижесінде құрсақ іші зақымдалу байқалады Диагностикасы.Диагноз клиникалық-зертханалық мәліметерге және эпидемиологиялық анамнезге сүйеніп қойылады. Безгекке күдіктенген барлық науқастардың қанына микроскопиялық зерттеулер жүргізеді. Плазмодиялардың анықталуы жалғыз даусыз дәлел болып келеді. Зерттеулердің серологиялық әдістері (РФА, РНГА) де қолданады. Емдеу: Жедел ұстамаларды тоқтату және безгек паразиттердің жынысты клеткалары гаметалардың инфекциялық берілуін және аурудың қайталануын алдын-алу үшін бағытталған. Хинин препараттарын және 4 аминохиналды (примахин, делагил, фанзимиф және т.б.) нақты схема бойынша қолдану қажет. Безгектің таралуын бақылау бойынша шаралар тек «жұқтырылған адам – маса тасымалдаушы инфекцияны қабылдаушы адам» қоздырғыштың берілу тізбегін үзген кезде ғана тиімді бола алады. Безгек Анофалес масасының түрлерімен беріледі, олардың әр қайсысына өзінің тіршілік ету ортасы, өмір сүру және коректену ерекшеліктері тән. Масалардың көбісі түндеқоректенеді. Бұндай жағдай су қоймасының жанындағы түнгі ауаның «қауіптілігі» туралы пікірге негіз болады. Әр түрлі географиялық өсімдіктерде безгек плазмодияларын беруге қабілетті масаның шамамен 25-30 түрі кездеседі, АҚШ-та A. maculipennis және A. punctipennis: Заирда, Конго өзенінің арнасында A. gambiae таралған; Ресей терриориясында тасымалдаушылардың 10 астам түрі кездеседі. Тасымалдаушы масалардың санын шектеу бойынша шаралар тынық су қоймаларының беткейі астындағы қабатта тіршілік ететін дернәсілдерін жоюға бағытталған. Бұл мақсатпен лай жергілікті құрғату, су қоймаларының беткейіне майқабықшаны орнату, инсектицидтерді қолданады және дернәсілдермен қоректенетін ұсақ балықтарды көбейту. Бұл шаралар өткізілетін орындарда жәндіктерді үркітетін құралдарды қолданған дұрыс. Бірақ репеленттер әрі толық, әрі ұзақ қорғанысты қамтамасыз ете алмайды. Аса тиімді жануарларды, қорғаныс экрандарды, торларды және арнайы киімді қолдану болып табылады. Осындай алдын-алу шаралар масалар қоректенуге шығатын уақытта, яғни түнде өте маңызды. Австралиялық безгек бойынша эндемия ны солтүстік аудандарында прфилактиканың тағы да 1 тәсілін қолданады. Жергілікті тұрғында безгекке салыстырмалы иммунды бола отырып инфекцияның көзі де болып табылады. Себебі безгек паразиттері олардың қандары арқылы қабылдаушы тұрғындарға берілді. Сондықтан жаңа келген адамдарды және жергілікті тұрғындарды бір-бірімен алыс орналастырып қауіпсіз жерде өмір сүреді.
Алдын-алу шаралары.Тасымалдаушы масаларды жою, адамдарды маса шағудан сақтау (репеленттерді, торларды қолдану). Тасымалдаушы масалардың санын азайтуды гидротехникалық шараларды, су қоймаларын (көбею жерлерін) дернәсілдерге қарсы өңдеу, мал қоралары мен тұрғын бөлмелерді өңдеу арқылы жүреге асырады. Масалардың көбею жерлерін батпақтарды құрғату, су қоймаларын тазалау мен терңдетуарқылы жояды. Безгек бойынша эндемиялық аудандарға барғандарға химиопрофилактика (хингалин 0,25 гр-нан аптасына 2 рет) жүргізеді. Препаратты ошаққа бармас бұрын 3 күн бұрын тағайындайды және кеткеннен кейін 4-6 апта бойы қабылдауды жалғастырады. Безгекпен ауырып шыққандарға нұсқауларға сәйкес диспансерлік бақылау орнатады. Негізгі профилактикалық шаралар «Аймақты санитарлық қорғау ережелеріне» сәйкес біздің еліміздің территориясында инфекцияның енуі мен таралуын алдын-алуға бағытталуы тиіс.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.133.144.147 (0.015 с.) |