Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Инфекция қалай байқалады?Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Инфекция қалай байқалады? Ауру температураның 38-40˚ С-қа дейін көтерілуімен, әлсіздіктен, бастың ауыруынан, лоқсудан, құсудан және көздің қарығуынан басталады. Бұл симптомдар жүрек тұсының, іштің, бұлшық еттің, ауыруымен, доғашықтағы және бадамшабездердегі ұшық бөртпелерімен қатар жүруі мүмкін. Кейбір жағдайларда жоғарғы тыныс алу жолдарында талаурау, суық тию, мұрынның бітуі, жөтелу байқалады. Аурудың 1-2 күндері негізінен қолда, аяқта, ауыз қуысында және оның айналасында 24-48 сағаттың ішінде (кейде 8 күн) болатын, кейін жоғалып кететін бөртпе пайда болады. Бала ауырып қалса не істеу керек? Көрсетілген белгілерге шағымдар пайда болған жағдайда ауру өздігінен өтеді деп күтпей, тез арада дәрігерге баруыңыз қажет, өз бетінізше емдеуге тырыспаңыз. Баланы қалай қорғау керек? Энтеровирусты инфекцияның алдын алу шаралары кез келген жіті ішек инфекциясы кезіндегі шараларға ұқсас — мынадай ережелерді сақтаған жөн: - ішу үшін тек қана қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану; - тамақ ішердің алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтау; - жеміс пен көкөністі пайдаланудың алдында оларды жөке қолданып және кейіннен қайнатылған сумен шайып мұқият жуу; - ресми рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу, шомылу кезінде суды жұтпауға тырысыңыз; - азық-түлікті жеке тұлғалардан және сатуға рұқсат етілмеген жерлерден сатып алмау үшін белгіленбеген , приобретать продукты у частных лиц и в неустановленных для торговли местах. Емдеуден гөрі қарапайым профилактика шараларын сақтай отырып аурудың алдын алған жеңіл екендігін есте ұстаңыз! Полиомиелит (грек. polіos — сұр зат және myelіtіs — жұлынның қабынуы) — негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы — полиовирус. Полиомиелит кезінде көбіне жұлынның сұр заты зақымданып, ол барлық жүйке жүйесін ауруға шалдықтырады. Ол әсіресе 2 жасқа дейінгі балаларда көп кездеседі. Бұл ауру жұқпалы инфекция арқылы беріледі, суық тигендегі сияқты мұнда да қызу кетеріледі, құсып, іші етеді, бұлшық еттері ауырады. Бірнеше күн бойы баланың дені сау сияқты болып көрінеді. Кейде денесінің жартысы әлсіреп сал болып қалады. Мұндай жағдай көбінесе бір аяқта немесе екі аяқта бірден байқалады. Уақыт өткен сайын аяқтың әлсіреп семген жағы жіңішкеріп, екіншісіне қарағанда кеми түседі. Тарихи кезеңдері Бұл ауруды 1840 ж. неміс дәрігері Я.Гейне, 1883 ж. орыс невропатологы А.Я. Кожевников және 1890 ж. швед педиатры О.Медин алғаш рет зерттеген. Бұл аурумен көбінесе 3 жасқа дейінгі сәбилер жиі ауырады. Полиомиелиттің қоздырғышы ауырған сәбидің нәжісі арқылы қоршаған ортаға тарап, бірнеше апта бойына белсенділігін жоймайды. Сондықтан инфекция ластанған ауыз су, жеміс-жидек, көкөніс және шикі сүт арқылы жұғады. Ауру жаздың соңы мен күздің басында өршиді. Аурудың жасырын кезеңі 4 — 35 күнге созылады. Полиомиелит жедел басталады. Сәбидің дене қызуы 38 — 39С-қа көтеріліп, жөтеледі, қайта-қайта түшкіріп, тамағы ауырады, кейде іші өтеді. Бұл белгілер 4 — 5 күннен кейін жоғалып, бір аптадан кейін дене қызуы қайтадан көтеріліп, науқас сәбидің бұлшық еттері, әдетте аяқ-қол бұлшық еттері салдана бастайды (Полиомиелит параличі). Кейде ауру ұзаққа созылып, науқас мүгедек болып қалуы мүмкін. Дерт асқынғанда, орт. жүйке жүйесінің нейрондары зақымданып (Бульбарлы паралич), сәбидің ас жұтуы, тыныс алуы қиындайды, ауа жетпей, тілі күрмеледі. Бұл жағдай сәби үшін өте қауіпті. Аурудың алдын алу үшін П-ке қарсы жаппай вакцина егу керек. Қазіргі кезде вирусы өлтірілген (инактивацияланған) және вирусы әлсіздендірілген, тірі (аттенуацияланған) вакциналар қолданылады. 1952 ж. Полиомиелитке қарсы вакцинаны американдық ғалым Дж. Солк (1914 — 1995) тапты. Полиомиелитмен ауырған сәбиді дереу ауруханаға жатқызып, карантин қою, үйді дезинфекциялау қажет. Қазақстанда Дүниежүз. Денсаулық сақтау ұйымының аясында Полиомиелитті жою Ұлттық бағдарламасы 1999 жылдан бері іске асырылып келеді.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.137.221.114 (0.011 с.) |