Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Белсенді      Енжар                                 Белсенді              Енжар    

Поиск

Табиғи, белсенді иммунитетинфекциялық аурумен ауырып болғаннан кейін қалыптасады, адам өзі антиденелерді бөліп шығарады. Табиғи белсенді иммунитет тұрақты болып келеді, кейде өмір бойы аурудан сақтандырады.

Табиғи енжар иммунитет анадан балаға плацента, ана сүті арқылы беріледі.

Жасанды белсенді иммунитет вакцина, анатоксин егуден 2-3 аптадан кейін қалыптасады, ұзаққа созылады. Жасанды енжар иммунитет құрамында дайын антиденелері бар қаның сарысуы мен иммунды глобулиндерді егуден кейін сол мезгілде пайда болады, бірақ 6 айға дейін ғана аурудан сақтандырады.  

Тұрақты, стерильді иммунитет- инфекциялық аурумен ауырып болған соң қалыптасады, инфекциялық аурудың қоздырғышы дене сақталмайды.

Стерильді емес иммунитетсозылмалы түрде өтетін ауруларға қарсы пайда болады, инфекциялық арудың қоздырғышы денеде болғанда иммунитет болады, қоздырғыш денеден жойылған соң иммунитет те жойылады.

Әлеуметтік иммунитет- қоғамның инфекциялық ауруларға қарсы тұру қабілеті. Әлеуметтік иммунитет халықтың табиғи және жасанды иммунитет деңгейіен, қоздырғышты тасымалдаушы адамдардың бар-жоқтығынан, халықтың әлеуметтік, мәдени, санитарлық жағдайынан, сапалы сумен қамтамасыз ету деңгейінен, халықтың салауатты өмір сүру деңгейінен тығыз байланысты.

 

Иммунитет пайда болуына әсер ететін факторлар:

Жеке фактор-әр адамның физиологиялық өзгешеліктері, ерекше иммунитет түзу қабілеті.

 Жасына байланысты фактор- өте жаснәрестелерде және егде жастағы адамдарда иммунитет кештеу қалыптасады.

 Ауа-райына байланысты фактор-жылы климат қалыптасқан аймақтарда иммунитет тез пайда болады, суық аймақтарда- керісінше.

 Құнарлы, витаминді тамақтандыру иммунитттің тез, тұрақты түзілуіне оң әсерін тигізеді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.188.227.64 (0.007 с.)