Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ошақтық дезинфекция               Алдын алу дезинфекциясы

Поиск

Ошақтық дезинфекция               Алдын алу дезинфекциясы

 


Күнделікті                       Қорытынды

    Ошақтық дезинфекцияжұқпалы аурудың ошағы табылғанда жасалады. Эпидемия ошағында қоздырғыштың бар-жоғына байланысты дезинфекцияның күнделікті және қорытынды түрлері болады.

   Күнделікті дезинфекция науқастың айналасында жасалады, бұны науқасты күтуші адам жасайды, оның мақсаты науқас бөліп шығарған, қоршаған ортаға түскен қоздырғыштарды дер кезінде, сол кезде жою.  

   Күнделікті дезинфекция жұқпалы аурулар ауруханасында, оңашаланғандарда (изоляторларда), емханаларда, егер ауру өз алдымен келіп емделетін болса, оның мекен-жайында өткізіледі. Бұл жұмыстың мақсаты – қоздырғышты ошақтан шығармау, аурудың маңындағы адамдарды инфекциядан қорғау. Аурудың қайда орналасуына байланысты күнделікті дезинфекцияны медицина қызметкерлері немесе күні бұрын дайындалған ауруды күтуші адамдар жасайды.

  Қорытынды дезинфекция ошақтан жұқпа көзі кеткеннен кейін жасалады: науқас ауруханаға жатқызылғаннан кейін, сауығып болған соң, басқа жаққа кеткеннен кейін немесе қайтыс болғаннан кейін. Қорытынды дезинфекцияның мақсаты күнделікті дезинфекциядан кейін қалып қойған қоздырғыштарды жою.

  Қорытынды дезинфекцияның мақсаты –ошақтан қоздырғыш көзін аластағаннан кейін, ошақтағы әр түрлі заттарда қалып қойған патогендік микробтарды жою. Әдетте, қорытынды дезинфекция «Ауру туралы жедел хабарлама қағаз» түскесін, ауру ауруханаға орналасқаннан кейін 3 сағаттан 12 сағат уақыт арасында санэпидқадағалау мекемелерінің арнайы мамандарының күшімен бір рет жасалады. Бұл шараларды дезинфекция бөлімі бөледі. Ауылдық дәрігерлік учаскелерде және фельдшерлік пункттерде дезинфекцияны олардың құрамына кіретін дезинфекция мамандары жасайды. Қорытынды дезинфекцияны 2-3 адамнан құралған дезинфекциялау бригадасы жүргізеді, оның құрамына дәрігер – дезинфекционист немесе эпидемиолог көмекшісі және 1-2 дезинфектор кіреді.

  Алдын алу дезинфекциясы деп эпидемиологиялық маңызы бар заттардағы орын алуы мүмкін жұқпалы аурудың қоздырғыштарын кетіруге немесе жоюға арналған шараларды айтады. Алдын алу дезинфекциясы жұқпалы ауру шықпай тұрғанда, оның шығуы мүмкін деген кезде және таратпау мақсатында жасалады.

  Бұған қатыстылар: ішетін суды тазалау (хлорлау, озондау, сүзу, қайнату және т.б), сүт тағамдары мен сүтті пастеризациялау, шикі жемістер мен жидектерді жуу және т.б. Сонымен, алдын алу дезинфекциясының ошақтық дезинфекциядан айырмашылығы мынада – ол қоздырғыштың көзі табылмай тұрғанда, бірақ оның болуы мүмкіндігін ескеріп, күні бұрын жасалады.

Алдын алу дезинфекциясы қоғамдық тамақ мекемелерінде, ветеринария, ауыл шаруашылық және агрономия жұмыстарында, тамақ өндірісінде және басқа салаларда қолданылады. Ол сумен қамтамасыз ету жүйелерінде, канализацияда, қоғамдық тамақтандыру, өсімдік және малдың шикізаттарынан тағам дайындап, тарататын мекемелерде, асханаларда, т.б үнемі қолданылады

Адам көп жиналатын, сол себептен жұқпа қоздырғыштарының көзі болуы мүкін жерлерде (вокзалдар, ойын-сауық мекемелері, қоғамдық көлік, моншалар, ортақ дәретханалар, жүзу бассейндері, шаштараздар және т.б) алдын алу дезинфекциясы өткізіліп отырады. Емханаларда, ауруханаларда және тағы осы сияқты мекемелерде алдын алу дезинфекциясын клиенттерді қабылдап болғаннан кейін немесе үзіліс кезінде жасаудың маңызы ерекше, ол жұқпа қоздырғыштарының қоршаған ортада таралуына мүмкіндік бермейді. Мысалы, балалар емханасында дезинфекция ауаны УФ сәулелерін пайдалану, бөлмелерді әрдайым желдету арқылы ескі ауаны ығыстыру, жабықтарды, ойыншықтарды, горшоктарды және т.б қайнату жолдарымен іске асырылады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.143.241.205 (0.01 с.)