Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Орнитоз ауруының салдары

Поиск

Орнитоз

Орнитоз (лат. ornіx – құс) – адамдар мен құстарда болатын жұқпалы ауру. Орнитоз тыныс алу жолдары арқылы жұғып өкпенің қабынуы, орталық жүйке жүйесі, бауыр, көк бауырдың зақымдануы, организмнің жалпы улануымен сипатталады. Аурудың қоздырғышы – хламидия (Chlamіdіa psіttacі).

Орнитоз ауруының салдары

Орнитозбен негізінен құстар (үйрек, тауық, тотықұс, сары шымшық, қырғауыл, т.б.) ауырады. Ауырған құстар жем жемейді, аз қозғалады, қауырсындары үрпиіп, көздері мен мұрындарынан сұйықтық бөлінеді. Ауру 8 – 9 күнге созылады, көп жағдайда құстардың өлімімен аяқталады.

Адамдар үшін қоршаған ортаға ауру құстар мен вирус тасушы-құстардың нәжісімен не мұрынынан аққан сұйықтықтан тарайтын вирустар өте қауіпті. Орнитозбен құс фермалары мен құс фабрикаларында, зоолологиялық парктер мен зоодүкендерде жұмыс істейтін адамдар ауырады. Ауру құстарды жаппай сою не басқа жақтан жаңадан құстар әкелгенде және құстардың жұмыртқалау кезеңінде байқалады.

Орнитоз ауруының белгілері

Ауру белгісі 6 – 14 күннен кейін жедел түрде басталады. Науқастың басы ауырып, ұйқысы қашады, дене температурасы көтеріліп, әлсіздік пайда болады. Көбінесе тыныс алу жолдары зақымданғандықтан, ауру біртіндеп өкпе қабынуына ауысады. Бұл кезде науқастыңкеуде тұсы шаншып, құрғақ жөтел қинайды, кейін іріңді сұйықтық бөлініп, кейбір жағдайда ол қан аралас сұйықтыққа айналады. Бауыр мен көкбауыр жиі ісінеді, дене қызуы 9 – 20 күнгесозылады. Науқасты ауруханада емдейді, адам дерттен сауығып кетеді.

Алдын-алу шаралары

Құс шаруашылығында, құс өсіру кешендерінде, құс қауырсыны мен мамықтарын өңдейтін мекемелерде санитарлық-ветеринария жұмыстар жүргізу; басқа жақтан әкелінген құстарды карантиннен өткізу; ауруға қарсы вакцина егу



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.166.223 (0.007 с.)