Эпидемиялық процестің 3 буынына бағытталған шаралар.
2 тарау
Эпидемиялық процестің 3 буынына бағытталған шаралар.
Инфекциялық ауруларды иммунды алдын алу түсініктері
Инфекциялық ауруларды алдын алуда иммунды әдіс түбегейлі тәсіл болып табылады.Бұл тәсіл арқылы шешек ауруы әлемде бір жола жойылды, полиомиелит, қызылша аурулары біржола жойылуға жақын.Алайда, қазіргі кезде иммунды әдіспен алдын алатын инфекциялардың маны көп емес.Мәселен, жылына 6 млн. бала әлі вакциналары жоқ инфекциялардан қайтыс болады.Біздің елімізде есепке алынатын 65 инфекциялық аурулардың 50 түрі (75%) иммунды алдын алу тәсілімен «басқарылмайтын» инфекциялар қатарына жатады
Әлемде жылына 500 млн адам инфекциялық аурулармен тіркелсе, олардың 400 миллионы вакцина егілмегендер, өйткені осы инфекцияларға вакцина әлі табылмаған.
Иммунды әдіспен алдын алудың тарихы
Медицина дамуының бастапқы кезеңінде шешектің өте ауыр түрін болдырмау үшін сол аурудың жеңіл түрімен ауырғандардың іріңін дені сау адамадарға жасанды әдіспен егу талпыныстары болған. Мысалы, Қытайда біздің дәуірімізге дейін XI ғасырда дені сау адамдардың танауына шешекпен ауырған адамдардың іріңді қабыршағын салатын болған, ал Үндістанда- теріні сызаттап, сол жерге шешектің қабыршағын ысқылаған , Грузияда- шешектің іріңін жұқтырылған әдіс XYIII ғасырдың аяғына дейін қолданылып келген
1796 жылы ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер өзі ашқан жаңалықты жариялады. Егер де адамдарға сиыр шешегін жасанды түрде ексе, вакцина енген жер шамалы ісініп, іріңдейді де, шешек індетімен ауырмайды. Қазіргі кезде Эдвард Дженнерді індетке қарсы егудің негізін қалаушы деп сынайды.
Бірақ шешекке қарсы бұл вакцинаны Эдверд Дженнерден 350 жыл бұрын, өз кезінде хан сарайында дәрігер болған, өмірін емшілікке жұмсаған, біздің бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы тапқан екен. Өзінің «Шипагерлік баян» атты қолжазбасында «Шешек тарап болғасын, шешектің іріңі табылмайды,оны сақтайын десек ұзақ сақталмайды, ексең өнбей қалуы шарт, қатып қалмақ, шірімек»- деп жазды. Ары қарай шешекке екпені (вакцинаны) қалай алғаны, екпені сақтау, балаларды егу әдістері, егілген балалардың реакциялары туралы деректер жазылғанына қарағанда, оны өз қолымен жасамаған адам жаза алмайтыны анық. Мұздатқыштар туралы хабары жоқ заманда екпені жаңа сойылған малдың бүйрек қабына салып, күн түсірмей, салқын жерде сақтау таптырмайтын, таң қаларлық әдіс.
1880 жылы Л.Пастер сұйық қоректік ортада ұзақ уақыт сақтау арқылы тауық тырысқағы қоздырғышының әлсіздетілген штамын алған. Микробтың осындай штамын тауыққа енгізгенде ол ауырмайды және оны вирулентті штамды жұқтырудан сақтайды.
|