Жабындылар түрі және оларға қойылатын талаптар.
Өндірістік ғимараттарда азаматтық құрылысқа қарағанда, жабындар әр түрлі әсер етеді (сурет 6). Оның көтергіш конструкциясы өз массасының салмағымен, сонымен қатар қар мен желдің салмағына қарсы жұмыс істейді. Сонымен қоса, аспалы көлік пен көтергіш конструкцияның жабынының динамикалық салмағы болмаған жағдайда.

Сурет 6 Жабынның ішкі әсері: 1 —Тұрақты салмақ (қондырғы конструкциясының массасы), 2—уақытша салмақ (қар, көлік құралдарының салмағы, пайдаланудағы салмағы), 3— жел, 4 және 10— қоршаған ортадағы температураның әсері, 5 — атмосфералық ылғал (жауын-шашын, ауа ылғалы), 6 және 11— химиялық әсер етуші бөлшектер, 7 және 12 — микробтар, сыртқы және ішкі ауадағы, 8 — күннен алынған радиация, 9 — ішкі ауадағы ылғал, 13 — жылу соққылары, 14 — динамикалық соққылар.
Күшті және әлсіз әсерлер жабынға тұрақты, уақытша әсер етуі мүмкін.
Өндірістік ғимараттардың жабындарын ережеге сай шатырсыз жазық шатырмен, ішкі сужинағышпен орналастырады. Конструктивті шешімнің негізіне сүйене отырып, жабын аралықтыжәнеаралықсыз схемамен беріледі (сурет 7). Аралықсыз схема анағұрлым тиімдірек және көп пайдаланылады.
Сурет 7 Жабынның қоршағыш бөлігінің конструктивті схемасы: а — аралықсыз, б — аралықты; 1 — колонна, 2— жабынның көтергіш конструкциясы — ферма, 3— жабын тақтайшасы, 4— аралық, 5— кішіөлшемді тақтайша
Қыздырылмайтын ғимараттарда жабынды жылытқышсыз суық етіп жасайды. Кішкене жылу бөлінетін ғимаратта жабын болат шатыр болған жағдайда суық етіп, ал орамды шатырда температураны азайту мақсатында және гидрооңашалағыш жабынды орналастырады.
Жылытылған жабынды қоршағыштың бөлігі көтергіш конструкциялардан, буоңашалағыштан, жылуоңашалағыштан, тік тартқыштан және шатырдан, ал суық жағдайда тек қана көтергіш конструкциялардан, тік тартқыштантұрады.
Жабынның аралықсыз схемасында негізгі көтергіш конструкцияға ірі өлшемді тақтайша төсейді- настилдер жабын бөліктерінің элементтері қызметін атқарады.
Соңғы кезде болат настилден, алюминийден, пластикалық массадан, асбестцементтен және тағы да басқа құрылыс материалдарынан жасалған жабын тақтайшалары көп қолданыс тапты.
Қыздырылатын ғимараттардың астынан әсіресе ішкі ауаның ылғалы көп болған жағдайда бір немесе екі қабатты орамнан буоңашалағыш орнатады немесе тақтайшаның бетін битуммен жағады.
Аралық биіктігінің өзгеретін жерінде температуралық шов орнатады, бұл жағдайда орамды гидрооңашалағыш кілемшені 250 мм биіктікте орнатады.
Темірбетон аралықтары Т- немесе П- тәрізді қиылыста аралық 6 м жабынмен жабады (сурет 7, а, б,). Темірбетон құрамалы тақтайшаны қырлы және қырсыз етіп дайындайды (сурет 7, в, г). Тақтайшаның ұзындығы қабылданған аралық осьтерінің арасына сәйкес болуы керек. Үлкен аумақты қамтамасыз ету үшін тақтайшаның тірек ұшын трапециялы ойып кесумен және аралас қатарда орнатады (сурет 7, д).

Сурет 7 Жабынның қоршағыш элементтернің бөліктері: а — темірбетон аралықтары, б — көлденең аралық қиылысы, в — темірбетон және армокөбіктібетон тақталры, г— тақтайшалардың қиылысуы, д — тақтайша жапсары
|