Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дәріс.Тақырып: Жабынды және гидроизоляииялық материалдар. Герметиктер.

Поиск

№11 дәріс.Тақырып: Жабынды және гидроизоляииялық материалдар. Герметиктер.

Дәрістің жоспары.

1. Жабынды және гидроизоляииялық материалдар туралы жалпы түсінік

2. Жабынды және гидроизоляииялық материалдардың жіктелуі.

3. Жабынды және гидроизоляииялық материалдардың қолданылуы.

Жабынды, гидроизоляциялық орамалы материалдар құрылыста берік және үзақ уақытқа пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың беріктігі құрылыстың ұзақ уақытқа шыдауына әсер етеді. Жабын материалдар тек беріктілігімен ғана емес, сонымен қатар ауа түтқырлығына, су түрақтылығына ие болуы қажет. Гидроизоляциялық материалдар үнемі су әсерінде болады және оған судың құрамындағы қоспаларда әсер етеді. Жабынды материалдарға тән қасиеттерден басқа олар жоғарғы беріктілігімен мен су өткізбейтіндігі, химиялық тұрақтылығы мен иілгіштігімен сипатталуы қажет. Бұл қасиеттер болмаса шөгу, температуралық және басқа деформацияның әсерлерінен жекелеген конструкцияларда жарықтар мен сызаттар болуы мүмкін.

Бүл талаптарды көбінесе битум мен қарамай негізінен алынған жабынды және гидроизоляциялық материалдар қанағаттандырады.

Битум және қарамай негізіндегі жабынды және гидроизоляциялық материалдар келесі түрлеге бөлінеді: орамалы, табакты және даналы материалдар; Сырламалы мате-риалдар — мастикалар, эмульсиялар және пасталар, ал байланыстыргыш түріне байланысты - битумды, қарамайлы, гудрокамды, резиналы битумды және қарамай-полимерлі болып бөлінеді.

Орамалы жабынды және гидроизоляциялық материалдар екі түрлі болады: негізгі және негізсіз. Негізсіз материалдарды органикалық байланыстырғыштар, үнтақ және арнайы қоспалардан түра-тын күрдері қоспаларды термомеханикалық өңдеуден еткізіп, кейіннен қажетті қалыңдықпен каландрдан айналдырып төсем түрінде алады. Қүрылыста ең көп қолданылатыны бірінші түрдегі материалдар.

Орамалы материалдарды қүрылыс класына, климаттық жөне эксплуатациялық жағдайына, шатырдың еңістігіне байланысты бір қабат етіп, көбінесе монолитті жабын болуы үшін бірнеше қабат жасап төсеп жабады. Сондықтан олар шатырлық кілем деп аталады.

Қолданылуына қарай орамалы материал екіге бөлінеді: жабынды және жабынсыз.

Шатырлық кілемнің жоғары қабатында қолданылатын жабынды материалдарды кеп жағдайда негізін органикалық байланыстырғышпен сіңіріп және екі беткі жағына қатты органикалық байланыстырғыш жағып оның бетіне толтырғыштар, антисептиктер мен басқа копоненттер сеуіп жасайды. Мүндай материалдың беткі қабаты атмосфералық әсерлерді өзіне алады.

Жабынсыз материалдар шатырлық кілем қүрамының ортанғы және астыңғы қабаттарына салынады және беткі жабын қабаты жоқ.

Негізі бар жабын материалдары.

Жұмсақ жабын көп бөлігін жабын картоны негізінде орамалы материалдардан жасайды.

Рубериод - мата түрінде, яғни жабын қатты қағаздың ені 1000,1025,1050 мм дайындалып жөне ауданы 7,5-15 м2болып оралып шығарылады. Бүл материалды жүмсақ битуммен қатты жабын қағазын сіңіру жөне соңынан екі жағынан қиын балқитын битуммен жағады. Қолданылу орнына, сыртқы бетіне себетін материалдың түріне және қатты жабын қағазына байланысты рубероид 14 маркаларға бөлінеді.

Толъ - рубероидқа үқсас материал, бірақ қатты жабын қағазды битуммен емес қарамаймен сіңіреді. Ол ірі түйіршікті себінділермен жабылады.

Орамалы жабынды материалдар.

Бүл материалдарды қатты қағаз негізінде емес, ондан да берік және шірімейтін негіздер - шынымата, шыныкілем, металды фольга негізінде дайындайды. Оларға шыны рубе-роид, шатырлы шыныкілем (шыны изол), гидрошыны изол, фольгоизол жатады.

Шыны рубероид пен шыны изолды шыны талшықты негізге битум-полимерлі немесе резина битумды, биотөзімді қатты битумды екі жағынан жагу арқылы алады. Жағылған байланыстырғыш қабатының қалыңдығы шыны негіздің қалыңдығынан үлкен. Сонынан оның бетіне де себулер жағылады. Оларды су көп ағатын жерлерде, жабысқақ және гидро-және буды изоляциялау үшін, ыстық және салқын мастикаларға жаюға қолданады.

Фольгоизол - жүқа кедір-бұдырлы немесе тегіс, қалыңдығы 0,08..0,3 мм алюминий фольгасының бір жағына қалыңдығы 0,8..4 мм болатындай битум-резиналы байланыс-тырғыш жағылып дайындалады.

Жабын емес орамалы материалдар.

Бұл материалдар орамалы жабынды материалдар сияқты, бірақ олардың бетіне себулер болмайды. Негізі есебінде қатты жабын қағаз немес асбесті картон қолданылады.

Жабын қатты қағазын мұнай битумымен сіңіру арқылы маркасы П-300 және П-350 пергамин деген материал, ал қара-май мен сіңірілсе ТГ-300 және ТГ-350 маркалы жабын емес толь алынады. Пергаминді рубериодттің астына, ал бу изоля-циялау үшін оларды ыстық мастикаға жайып салады.

Гидроизол - асбес картонын тотыққан мүнай битумымен сіңіріледі. Физикалық-механикалық қасиеттері бойынша гидроизолдың екі маркасы болады. Бүл материалдар жерасты қүрылғыларын жабыстырылмалы, гидроизоляциялау үшін, жалпақ жазықтық жабындыларда және метал қүбырларда коррозияға қарсы жабын дайындау қолданылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Битум және қарамай негізіндегі жабынды және гидроизоляциялық материалдар қалай жіктеледі?

2.Негізі бар жабын материалдарын қалай өндіреді?

3.Жабынды және гидроизоляииялық материалдарды құрылыста қолданудың қандай маңыздылықтары бар?

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 13; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.168.71 (0.009 с.)