Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дәріс.Тақырып: Термиялық өңдеумен алынған материалдар. Керамикалык бұйымдар.

Поиск

Дәріс жоспары:

1.Керамикалық материалдарға қолданылатын шикізаттар.

2.Керамикалық бұйымдардың өндіру әдістері.

3.Керамикалық бұйымдардың қасиеттері.

 

Керамикалық материалдарды сары топырақты (глина) пішіндеп күйдіру арқылы алады. Құрылысына қарай керамикалық материалдарды кеуекті және тығыз деп бөледі. Қолданылуына байланысты: қабырғалық – кәдімгі кірпіш, кеуекті кірпіш және тастар, ірі блоктар мен панельдер; жабынға арналған – тастардан жасалған балкалар мен панельдер, сыртқы каптама (облицовка) үшін қабырғалар мен едендерге арналған тақталар, санитарлы-техникалық бұйымдар, шатырлар, канализацияға арналған кұбырлар Керамикалық материалдарды дайындауда шикізат көзі ретінде сары топырақ, кварцты кұм, шамот, шлак, ағаш ұнтағы пайдаланылады.

Сары топырақ – сумен араласқанда пластиналы қоспа түзетін, кептіргенде белгІлі пішінде болатын, күйдіргенде тастың тығыздығына теңесетін минералды масса немесе тау тілімінің бір түрі. .

Сары топырақтың пластикалығы деп белгілі пішінде жарылмай, ақаусыз түзіп, осы пішінді кептіру және күйдіруде сактауы. Бұл пластикалық коэффициенттермен сипатталады.

мұндағы, WТ, WР – ылғалдылық мәндері, %.

Пластикалығына байланысты сары топырақтар:

жоғары пластикалы (П=25),

орташа пластикалы (П=1З-25),

мөлшерлі пластикалы (П=7-15),

төмен пластикалы (П=7) болып жіктеледі.

Сары топырақтың кұрамында сары топырақ фракциясы неғұрлым көп болса, соғұрлым байланысы берік болады.

 

Байланыстырғыш қабілеттілігі-пластикалық емес материалдар бөлшектерін байланыстыруға мүмкіндігі бар. Бұл үшін шикізатты карьерларды ашық әдіспен алады. Мұнда массаны пішіндеу бастапқы шикізаттың қасиеттеріне және дайындалатын өнімнің түріне байланысты жартылай құрғақ, пластикалы және шликерлі (сулы) әдістермен өңдейді.

Пластикалық әдісте кептіру негізгі әдістердің бірі болып табылады. Кептіру процесі материалдың жылу және масса алмасуының қоршаған ортамен байланысы. Технологиялық процестің соңғы сатысы – күйдіру табылады.

Қабырғалық керамикалық материалдар төмендегідей жіктеледі:

1. Бұйым түріне байланысты

а) керамикалық және силикат кірпіш

б) керамикалык, силикат, бетон тастар

в) керамикалык, силикат, бетон, ұсак блоктар.

2. Қолданылуына байланысты:

қатарлық және биіктік.

3.Пайдаланылатын шикізат түріне және бұйымның дайындалуына байланысты:

сары топырақ, диатомит, трепелден пластикалык;

жартылай құрғақ әдіспен нығыздалып дайындалған бұйым.

4. Технологиялық қасиеті мен тығыздығына байланысты:

а) жылу технологиялық қасиеттері мен жоғары тиімділіктері – тығыздығы 1400 кг/м кірпіштер және тығыздығы 1450 кг/м3 тастар.

б) шартты тиімділіктері – кірпіштің тығыздығы 1400 кг/м3 жоғары, ал тастың тығыздығы 1450-1600 кг/м3 аралығы.

Арнайы мақсаттағы кірпіштер мен тастар бұл топқа канализациялық құрылымдар мен жол жабындарына арналған тастар меп кірпіштер жатады. Олардың беріктігі, тығыздығы, аязға төзімділігі жоғары болуы керек. Лекальды кірпіш өндірістік түтін құбырлар қалауға қолданылады. Олардың кызу температурасы 7000 С.

Канализациялық кұрылымдарға арналған тастардың тығыздығы жоғары болуға тиіс. канализациялық құбырларды отқа төзімді сары топырақтан дайындайды.

 

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Керамикалық кірпішті иілімді әдіспен өндіру қалай жүреді?

2.Керамикалық кірпішті жартылай құрғақ әдіспен өндіру қалай жүреді?

3.Пластикалық дәрежесіне байланысты сары топырақ қалай жіктеледі?

4.Термиялық өңдеу процестері қалай жүреді?

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.32.238 (0.006 с.)