жогары жылу өткізгіш В класы (0,18 Вт/м °С).
жогары жылу өткізгіш В класы (0,18 Вт/м °С).
Жылу изоляциялық материалдар іс жүзінде өздерінің тығыздықтары бойынша ажыратылып сортталады. Барлық жылу изоляциялық материалдар өздерінің тығыздықтары бойынша (кг/м3):
ерекше жеңіл (ЕЖ), маркалары: 15,25,35,50,75, 100;
жеңіл (Ж)-маркалары: 125, 150, 175, 200, 250, 300;
ауыр (А)-400, 450, 500, 600 болып табылады.
Берілген шикізаттың түріне қарай жылу изоляциялық материалдар жіктеледі: бейорганикалық(минералды және шыны аралас мақта, кеуекті бетон). Бұлар асбест, керамикалық және басқа материалдар негізінде болып келеді.
Органикалықматериалдарға (ағашталшықты және ағашұнтақтарынан жасалған плиталар, пластмассадан жасалған материалдар т.б.) жатады. Аралас материалдар бейорганикалық шикізаттардан тұрады (арболит, фибролит, т.б.).
Жылу изоляциялық материалдар пішіні және сыртқы түріне байланысты:
даналық (плиталар, блоктар, кірпіш, цилиндрлер, жартылай цилиндрлер, сегменттер), орамалы(беттер, тіліктер (полосы), маталар), баулы (баулы жгуттар),
сусымалы және бос (минералды мақта, шыны, перлит пен вермикулит) болып дайындалады.
Қаттылығына қарай (салыстырмалы қысу деформация-сына байланысты) меншікті күші 2 КПа жылу изоляциялық материалдар келесі топқа бөлінеді:
жұмсақ Ж (сығылым-дылығы (сжимаемость) 30%-тен астам),
жартылай қатты ЖҚ- 6-30%,
қатты Қ- 6%,
қаттылығы жоғары ҚЖ-10%-ке дейін (меншікті күші 4 кПа)
өте қатты- 10%-ке дейін (меншікті күші 10 КПа).
Пайдалану орнына қарай көдімгі қалыпты температуралық жағдайда болатын конструкцияларды изоляциалау үшін құрылыс жылу изоляциялық материалдар, ыстық беттерді изоляциалау үшін монтаждық жылу изоляциялық материалдар қолданылады. Минералды киіздер (войлок) беттер немесе рулонды болып минералды мақтадан жасалады. Тығыздығы 100-150кг/м3, ал жылуеткізгіштігі 0,046...0,052 Вт/(м-°С). Мине-ралды киізден жасалған беттерді кірпіш, бетон және ағаш үйлердің қабырғалары мен жабындарын жылыту үшін пайдаланылады (сурет 7.1).
Сурет 7.1. Минералды мақтадан жасалған жылуизоляциялық
материалдар. 1 - киіз; 2 -жартылай қатаң плита; 3 - қабықша;
4-тігілген маталар.Минералды маталар (маты) минералмақта негізінде кілемнен (ковер) жасалады. Оларды бір-бірімен битумдалған кағазбен, шыныматамен немесе металл тормен мықты жіппен немесе сыммен тігіледі. Маталардың үзындығы 500 см-ге, ал ені 150 см-ге дейін және қалыңдығы 10 см. Тығыз-дығы 100-120 кг/м3, ал жылуөткізгіштігі 0,046. ..0,058 Вт/(м-°С). Маталарды тұрғын және қоғам ғимараттарының қоршау конструкцияларын жылыту үшін қолданылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Жылу изоляциялық материалдар деп қандай материалдарды айтамыз?
2.Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдардың құрылымы және қандай касиеттері бар?
3.Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдарының құрылыс саласында алатын орны қандай?
4.Жылуизоляциялық материалдардар қалай жіктеледі?
|