Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

біртекті негіз; қабатты негіз; күрделі негіз.

Поиск

Біртекті негіз тек бір ғана грунт қабатынан тұрады. Қабатты негізді әртурлі қабаттардан тұратын грунттар құрайды. Күрделі негіз грунт қабаттарының күрт еңіс немесе қисық , әйтпесе , олардың бір-бірімен қилысып /сына,линза түрінде/ орналасуынан болуы мүмкін, яғни негіз құратын грунттардың қасиеттерінің онын көлеміндегі әртектілігімен түсіндіруге болады.

Мұндай негіздерді сипаттайтын мағлұматтарды іргетастарды жобалау кезінде мынадай мақсатта ескереді: салынатын үйлердің негізін құрайтын грунттардың шөгуінің абсолюттік шамасын анықтауға және олардың бірқалыпты дамымауын бағалауда; жер қазу және іргетас көтеру барысында жасалатын жүмыстарды белгілегенде; салынып пайдалануға берілген үйлерге қажет болғанда қосымша нұсқаулар беруге /мысалы, олардың шөгуін үзақ бақылауға алу т,б./.

Сонымен катар құрылыс алаңыңдағы жер асты сулары туралы мына­дай мағлұматтарға ерекше назар аударган жөн: грунт суларының жыл мезгілдеріне сай деңгейлерінің өзгеруі және олардың құрылыс материалдарына катысты агрессивті қасиеттері , жер қазу жұмыстарына тигізетін әсері /арын күші/ т.б..

Инженерлік-геологиялық жағдайларды бағалауды грунт қабаттарының табиғи күйінде жатуының ерекшелігін анықтап, іргетастың негізін құрайтын грунттардың сапалық қасиетін бағалап, құрылыс алаңына салатын үйді орналастырудан бастайды. Грунт қабаттары көрсетілген тік геологиялық қимада үйдің астыңғы бөлігі мен іргетасын көрсетеді. Бұл қимада грунт суларының деңгейі де белгіленеді.

 

2,1-сурет. Табиги негіздердің түрлері:

а-біртекті негіз; ә,б -қабатты негіз; б,в-күрделі негіз

 

Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайларын бағалау үшін іргетастардың негізі ретінде пайдаланатын грунттарды олардың физикалық және механикалық қасиеттерінің сипаттамаларының шамасына қарай шартты түрде берік және осал деп бағалайды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 12; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.148.105.152 (0.01 с.)