Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
дәріс.Тақырып: Ғимараттар мен оның конструкцияларының бірыңғайлау. Құрылысты ұйымдастыру технологиясыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Дәріс жоспары: 1. Ғимараттың және олардың конструкциялық элементтерін бірыңғайлау және түрлерге жіктелуі. 2.Элементтерді бөлу осьтеріне байлау Құрылысты ұйымдастыру технологиясы құрылыс-жинақтау жұмыстарының әдістерін таңдау және объектіні тұрғызудың негізгі этаптарымен құрылысты ұйымдастыру шаралары. Ол құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемін анықтаудан, бір жұмысқа технологиялық картаны құрудан, жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары мен кұрылыстың бас жоспарынан тұрады. Құрылысты ұйымдастырудың негізгі бағыты - ғимараттың (үймереттің) құрылымдарын жинақтау технологиясы. - жаңа жүк көтеретін мезанизмдермен кұрылымдарды тұрғызудың алдыңғы қатарлы әдістерін және оларды құрылыс алаңына тасымалдаудың дұрыс шешімдерін қабылдау; - жинақтаудың алдыңғы қатарлы әдістерін құрылыстың мерзімін қысқарту мен ең аз еңбек шығыны арқылы таңдау; - құрылыс - жинақтау жұмыстарының қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, өзіндік құнын азайту мәселелерін шешу; - жұмыс өндірісі мен ұйымдастыруы бойынша тиімді шешімдерді таңдау. Технологиялық карта төмендегідей бөлімдерді құрайды: - жұмыстардың көлемін, құрамын және олардың еңбек сыйымдылығын анықтау есебі; -жұмыс өндірісінің әдістерін тандау және оларды техника-экономикалық көрсеткіштері бойынша салыстыру; - жинақтау крандарын, механизмдер мен жабдықтарды таңдау; - уақытша бекіту мен салыстыру тәсілімен жинақтау реті және қабылданған әдістермен құрылымның жинақтау технологиясына қысқаша түсініктеме беру; - құрылымдарды тасымалдау, оларды қоймаға орналастыру және жинақтау шешімдерін қабылдау; - материалдық-техникалық қорлар қажеттілігін анықтау; - жұмысшылардың звено және бригада құрамының сандарын есептеу; - еңбек шығын калькуляциясы мен еңбек ақысын есептеуге нұсқаулар; - еңбекті қорғау жэне техника қауіпсіздігі туралы шаралар. Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары төмендегідей бөлімдерді қамтиды: - объект бойынша жұмыс көлемдерін кестелік анықтау есебі; - негізгі құрылыс жұмыстарының әдісі мен тәсілін және құрылыс машиналарын таңдау; -машина-ауысым қажеттілігін және жұмыстардың еңбек сыйымдылығын анықтау; - объектіге қажетті материалдық-техникалық қорларды анықтау. Мерзімдік жоспар бойынша құрылыстың ұзақтығы мөлшерлік мәннен аспауы керек. Жұмысшылардың қозғалу кестесі мерзімдік жоспар негізінде құрылады. Объектідегі кұрылыстың бас жоспары жер үсті жұмыстарын жинақтау кезінде өңделінеді. - уақытша үймереттер мен ғимараттарды (санитарлық - тұрмыстық және әкімшілік - шаруашылық) орналастыру және санитарлық - тазалық талаптары, өртке қарсы талаптары арқылы құрамын есептеу. Сондықтан келесі негізгі принциптер орындалуы керек: - мұнда үймереттер мен ғимараттардың көлемінің ең аз мәнін қабылдаймыз; - оларды құрылысқа жатпайтын алаңға орналастырамыз; -алаң ішіндегі көлік жолдарының жүйесін шешу мүмкіншіліктерін қарастырамыз; - электроэнергияның, судың, будың, жылудың, оттегінің, сығылған ауаның қажеттілігін есептеу; - негізгі кұрылыс материалдарын, бұйымдарын, кұрылымдарын сақтауға ашық және жабық қойманың ауданын есептеу; - кұрылыс аландары мен жұмысшы орындарын уақытшы жарықтандырды есептеу; - құрылыстың бас жоспарына түсініктеме беру; - еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік шаралары. Құрылыстың бас жоспары төмендегілерді қамтиды: - тұрғызылатын үймерет пен ғимараттың жоспары; - уақытша және тұрақты автомобиль жолдарын, қажет болса темір жолдарын орналастыру; - тұрақты және уақытша электрмен, сумен, жылумен қамтамасыз етуді, канализация және телефонды орналастыру; - кранасты жолдары, жинақтау аймағын қоршаумен жинақтау крандарын орналастыру; - қойма алаңы мен құрылымды ірілей жинақтау; - тұрмыстық бөлмелер, қоймалар және тағы да басқа ғимараттар. Құрылыстың бас жоспардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ені 6 м-лік бұрылыстағы жолдарды, өрт сөндіретін резервуар немесе гидрант жүйесімен суөткізгіш жүйесін, темекі шегетін орындар мен өрт сөндіргіш күзет постыларын карастыру керек. Мерзімдік жоспардың кұрамына: - жұмыс өндірістің мерзімдік жоспары; - жұмысшылардың қозғалу графигі. Осы бөлімде негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер де келтіріледі. Технологиялық картада алымдарға бөлінген үймереттер мен ғимараттардағы немесе жинақтау ағымдарындағы жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру көрсетіледі. Жинақтық крандарды орналастыру аймағын, тұрақтың орны мен уақытша қондырғыларды, механизмдерді орналастыруды, тасымалдау жолдарын, қойма аймағын және жинақтауға дейін құрылымдарды орналастыруды анықтау керек. Элементтердің жинақтау реті, жинақтауға дейінгі құрылымдарды жинақтау технологиясы, жинақтау процесіндегі құрылымдар мен механизмдердің орны және құрылымдардың жобалық жағдайы көрсетіледі; жабдыктандыру, олардың типтері және бекіту орындары, ілмектеу қондырғылары, элементтер мен құрылымдарды уақытша бекіту әдістері көрсетіледі.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 14; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.14.249.191 (0.007 с.) |