Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
дәріс.Тақырып: ҚҰРЫЛЫС ЕРІТІНДІСІСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Дәрістің жоспары. 1. Құрылыс ерітіндісі туралы жалпы түсінік 2. Құрылыс ерітіндісінің жіктелуі. 3. Әртүрлі ерітінділердің қолданылуы.
1. Құрылыс ерітіндісі - байланыстырғыш зат, майда толтырғыш пен судан тұратын қоспаның қатаюы нәтижесінде алынады. Құрамы жағынан бетоннан ерітіндінің айырмашылығы толтырғыштың майда болуы, яғни майда дәнді бетон сияқты. Сондықтан бетонға қойылатын заңдылықтар ерітіндіге де қойылады. Қажетті жағдайларда оның құрамына әр-түрлі минералды, химиялық т.б. қоспалар қосылуы мүмкін. Байланыстырғыш затты сумен араластырғанда лай құрайды. Қатаю процесінде байланыстырғыш зат толтырғыштардың дәндерін бір-бірімен жақсы біріктіріп, жасанды тассылак жасайды. Байланыстырғыш затты құрылыс ерітіндісінін қолданылуына және қатаю режиміне байланысты алады. Байланыстырғыш зат есебінде цемент, әк және гипс пайдаланылады. Ерітінділер байланыстырғыштың бір түрінен дайындалса жай (цементті, әкті, гипсті), ал бірнеше байланыстырғыштың қосындысынан дайындалса - күрделі деп екіге бөлінеді (цемент-әкті, цемент-сазды, әк-гипсті т.б.). Ерітіндіні қолдануда екі түрлі жағдайды ескеру керек: қалыңдығы 1-2см болатындай жүқа қабат есебінде жасалады, арнайы механикалық нығыздау қолданылмайды. Ерітінді кеуекті табанға жайылады (кірпіш, бетон, жеңіл тастар кеуекті тау жыныстарынан жасалған блоктар). Колданылу орнына қарай ерітінділер қалау жүмысына сондай-ақ сылау және арнайы жүмыстарға арналған. Қалау ушін қолданылатын ерітінді іргетас, қабырға, бағана өргенде жөне іріблокты немесе іріпанельді элементтерді монтаждау жүмыстарында пайдаланылады. Өңдеу үшін қолданылатын ерітінді сылақ жүмыстарында, конструкциялардың беттерін тегістеу үшін, декоративтік жүмыстарда пайдаланылады. Арнаулы ерітінділер - инъекциялы ыстыққатөзімді, қыш-қылға төзімді, рентген сәулесінен қорғауыш пен акустика-лық түрлері конструкцияларға арнайы талаптар қойылған жағдайда қолданылады. Толтырғыштың түріне байланысты ауыр жөне жеңіл ерітінділерге бөлінеді. Ерітінділердің ерекше айырмашылық-тары олардың қүрғақ кезіндегі орташа тығыздығына (1500 кг/м3) байланысты және қүрамындағы толтырғыштың түріне қарай ажыратады. Байланыстыргыштар түріне қарай цементтік, әк және аралас ерітінділер болып жіктеледі. Конструкцияның пайдалану жайына қарай байланыстырғыш тандап алынады. Құрылыс ерітінділері автоматты жұмыс істейтін орталықтандырылған зауыттарда пайдаланылып, одан тиісті объектілерге жөнелтіледі. Егер объект зауыттан қашық жерде болса, онда күрғақ ерітінді қоспаларын жүмыс орнында су араластырып дайындайды. Құрғақ қоспаның ылғалдылығы массасы бойынша 1%-тен аспауы керек.
Тас қалайтын жөне панельдер мен күрделі блоктардан жасалған қабырғаларға қолданылатын ерітінділер. Ерітінді қүрамы мен түрі есептік кернеулері мен қалаудың пайдалану жағдайына байланысты. Өңдеу ерітінділері - сылақ жөне декоративті болып екіге бөлінеді. Индустриялықәдісті қолдануға мүмкіншілік болған жағдайда, бүл ерітінділерді қүрылыста ылғалды әдіспен қолданады. Кәдімгі сылақжүмысын жүргізу үшін цементті, әкті, цементті-әкті және өкті-гипсті ерітінділер пайдала-нылады. Әк ерітіндісі жағылған бетпен жақсы жабысады және қор-шаған ортаның өзгеруіне байланысты температуралық және ылғалдығының арқасында көлемі аз езгереді. Әк ерітіндісі қүрылыстың ішкі бетін әктеуге қолданылады. Әк ерітіндісі баяу қатады және үзақ уақыт кебеді. Цемент-әкті және цемент ерітіндісін тез қатайғыш берік және суға төзімді сылақтар алу үшін колданады. Аталған сылақты цокольді, карниз, парапет, сыртқы қабырғаларға және үнемі ылғал болатын конструкцияларды сылауға пайда-ланады. Декоративті ерітінділер мен қүрамдар үйдің немесе ғимараттың қасбеті мен интерьерін безендіру сапасын жақсарту үшін қолданады. Кебінесе декоративті түсті ерітінділерді зауытта қабырға панельдері мен іріблоктардың сыртқы бетін өңдеу үшін пайдаланады. Құрылыс қоспалары бейорганикалық заттар (цемент, известь, гипс, глина), ұсақ толықтырғыштар (құм, ұсақталған шлак, су және кажет болған жағдайда басқа да бейорганикалық және органикалық заттарды қосындысынан тұратын қоспа. Жаңа дайындалған күйінде кез келген кедір-бұдырлықты толтыру үшін жұқа қабатпен жабуға болады. Олар ерімейді, қатаяды, беріктігі жоғарылайды, соңында тасқа ұқсас материалға айналады. Құрылыс қоспаларын кірпіш қалау, әэрлеу, жөндеу және т.б. жұмыстарда пайдаланады. Құрылыс қоспаларын орташа тығыздығы бойынша төмендегідей жіктейді: ауыр р=1500 кг/м3 және жеңіл р<1500 кг/м3. Құрамындағы заттардың түріне қарай: цементті, известті, гипсті және аралас болып жіктеледі. Қолданылуына байланысты гидроизоляциялық, талтопогенді, инъекционды қалау, әрлеу және т.б. Физикалык және механикалық қасиетіне байланысты, сығылудағы беріктігі бойынша 8 маркаға бөлінеді – 4, 10, 25, 50, 75, 100, 150, 200; суыққа төзімділік дәрежесіне қарай 9 маркаға – Ғ 10-нан Ғ 300-ге дейін жіктеледі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Құрылыс ерітіндісі дегеніміз не? 2. Құрылыс қоспалары дегеніміз не? 3. Құрылыс ерітіндісі қалай жіктеледі? 4. Әртүрлі құрылыс ерітінділері мен қоспаларды құрылыста колданудың маңызы қандай?
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.116.86.132 (0.008 с.) |